М.А.Мусабекова

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚҰҚЫҚ НЕГІЗДЕРІ

 

 

                                               j0300840

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шымкент 2009ж.

 

Ф.7.11-19

 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

 

М.ӘУЕЗОВ атындағы  ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН  МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

 

 

 

 

М.А.Мусабекова

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚҰҚЫҚ НЕГІЗДЕРІ                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                            

 

пәнінен лекция курсы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шымкент, 2009ж.

 

 

ӘОЖ 342.4

КБЖ  67

        

                Мусабекова М.А. «Құқық негіздері»: лекция курсы – Шымкент 2009.: М.Әуезов атындағы  Оңтүстік Қазақстан  мемлекеттік университеті, 2009.        - бетінің көлемі.

 

«Құқық негіздері» лекция курсы, барлық мамандықтар студенттері үшін арналған

 

Лекция курсы студеттердің «құқық негіздері» пәнінен дайындалуы үшін құрастырылған лекция мәтіндерінен және қолданылатын әдебиеттерден тұрады.

 

 

 

 

Пікір айтушы: Бейсебаева С.Б. – з.ғ.к., доцент м.а., «мемлекет және құқық теориясы» кафедрасының меңгерушісі (ішкі)

                       Р.Мусаева – з.ғ.к., А.Яссауи атындағы ХҚТУ, доцент.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Лекция курсы, М.Әуезов атындағы  Оңтүстік Қазақстан  мемлекеттік университетінің Әдістемелік Кеңесімен баспаға ұсынылған, №___ хаттама   «____»______200__ж.

 

 

                                           

© М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

 

 

 

 

 

 

ПӘННІҢ НЕГІЗГІ МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ

МЕМЛЕКЕТ, ҚҰҚЫҚ  ЖӘНЕ  МЕМЛЕКЕТТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ  ҚҰБЫЛЫСТАР ТУРАЛЫ  НЕГІЗГІ ҰҒЫМДАР

   1.Құқық негіздері курсының жүйесі

   1.1. Құқық негіздерінің қайнар көздер

   1.2. Мемлекет және құқық туралы негізгі  түсініктер

   1.3.Мемелекет пен құқықтың пайда болуы туралы теориялар

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ

  2.   Конституциалық құқық – Қазақстан Республикасының жетекші құқық саласы     

2.1. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы - құқық саласы 

          және ғылым саласы ретінде

   2.2. Қазақстан Республикасының Конституциясы -  мемлекеттің Негізгі Заңы.

   2.3. 1995  жылғы  Қазақстан Республикасының Конституциясы,  оның 1993 жылғы   конституциядан  айырмашылығы.

  3. Адам және азамат, құқықтары мен бостандықтары

  3.1.Қазақстан Республикасындағы адамдардың және  азаматтардың

жағдайының конституциялық негіздері.

  3.2.Азаматтықты алудың және одан айырудың және тоқтату негіздері.

  3.3.Қазақстан республикасының Президентінің  азаматтықты сақтау,  азаматтықты  қалпы келтіру,  қабылдау  сұрақтары  бойынша  өкілеттілігі.

   4.    Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі

   4.1. Сайлау  жүйесінің түсінігі

   4.2. Сайлау алдындағы үгіт-насихат

   4.3. Сайлау алдындағы үгіт, сайлауды қаржыландыру, дауыс беру тәртібі.

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫ ЖӘНЕ СОТ

   5.  Құқық қорғау органдарын ұйымдастырудын және олардың

          қызметінің негіздері

  5.1. Қазақстан Республикасының сот жүйесі және құқық қорғау органдары

           туралы жалпы түсініктеме

  5.2. Сот билігінің ұғымы.

  5.3. Қазақстан Республикасының прокуратурасы

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ

   6.  ҚР мемлекеттік басқару

   6.1.Мемлекеттік басқару негіздері

  6.2.Мемлекеттік басқару жүйесі, ұйымдастырылуы және  нысаны

  6.3. Қазақстанда өзін - өзі  басқаруды қалыптастыру.

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ

   7. Қазақстан Республикасының  әкімшілік  құқығы

   7.1. Әкімшілік құқықтық қатынастар

   7.2. Атқарушы биліктін органдары. Қазақстан Республикасының Үкіметі

   7.3.Әкімшілік құқық бұзушылық. Мемлекеттік қызмет

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТТЫҚ ЖӘНЕ ОТБАСЫ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ

   8. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы туралы жалпы 

        ережелер

   8.1. Азаматтық құқықтық қатынастардың түрлері

   8.2. Меншік құқығы. Мұрагерлік құқығы

   8.3. Міндеттеме түсінігі. Шарттардың жекелеген түрлерінің қысқаша сипаттамасы.

   9.  ҚР отбасы құқығы негіздері

   9.1.Некеге тұрудың талаптары, некенің бұзылуы, тоқтауы.

   9.2. Жұбайлардың жеке және  мүліктік құқықтары мен  міндеттері. Неке шарты.

   9.3.Ата – аналары  мен  балаларының құқықтыры  мен міндеттері.  Ұл (қыз) асырап алу.

   9.4.Қамқоршылық және қорғаншылық түсінігі, жалпы сипаттамасы. Отбасы мүшелерінің  алименттік  қатынастары.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫ ҚҰҚЫҒЫ

   10. Мемлекеттік қаржылық қызметі. Қазақстан Республикасының  

  қаржылық құқығы құқық саласы ретінде

   10.1. Қаржылық құқытың жалпы сипаттамасы

   10.2. Қазақстан Республикасының бюджеттік құқығының пәні, әдістері

            және жүйесі

   10.3. Салықтық құқықтың ұғымы

   10.4. Инвестицияның  түсінігі

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫ ЖӘНЕ  ӘЛЕУМЕТТІК  ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ҚҰҚЫҒЫ

    11. ҚР Еңбек құқығының ұғымы және әлеуметтік қамсыздандыру құқығының

         негіздері

   11.1. Жеке еңбек шарты, түрлері, мерзімі. Еңбекке  орналастыру  және жұмыспен  қамтудың құқытық негіздері.  

   11.2. Жұмыс уақыты. Демалыс уақыты.  Кепілдік пен конпенсация. Еңбекті  қорғау.

   11.3. Еңбек  тәртібі.  Материалдық жауапкершілік.  Еңбек  даулары.

   11.4. Әлеуметтік қамтамасыз ету құқығы негіздері

         ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ЖЕР  ҚҰҚЫҒЫ  НЕГІЗДЕРІ

   12. Қазақстан Республикасының экология құқығы

   12.1. Экология құқығының ұғымы

   12.2. Табиғатты және оның құрамдас бөліктерін құқықтық қорғау

   12.3. Жер құқығының негіздері

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰЫҚЫҒЫ

   13. Қылмыстық құқық негіздері

   13.1. Қылмыстың ұғымы, қылмыстың белгілері, құрамының элементтері.

   13.2. Қылмыстық  әрекеттерді  болдырмайтын,  жауапкершілікті   ауырлататын, жауапкершілікті  жеңілдететін мән- жайлар.

   13.3.Қылмыс жасау  сатылары. Қылмыстық  жаза: түсінігі,  белгілері мен мақсаты.

   14. Қазақстандағы  сыбайлас  жемқорлықпен  күресу

   14.1.Сыбайлас жемқорлықпен күресу қағидаттары.

   14.2.Сыбайлас  жемқорлық  қылмыстарының  субъектілері.

   14.3.Сыбайлас жемқорлықпен байланысты  қылмыстарды жасағаны  үшін        

  жауапкершілік.

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫ

   15. Қылмыстық және азаматтық істер жүргізу құқығы

   15.1. Қылмыстық іс жүргізу сатылары

   15.2. Азаматтық іс жүргізу құқығының ұғымы

   15.3. Азаматтық іс жүргізу құқығының қайнар көздері

 

 

 ӘДЕБИЕТТЕР

 

КІРІСПЕ

 

 «Құқық негіздері» оқулығы мемлекет туралы негізгі түсініктерді, сондай-ақ құқық және құқықтық құбылыстар туралы негізгі ұғымдарды қарастыруға арналған. Оқу курсында конституциялық құқықтың негіздері, Қазақстан Республикасындағы адам және азамат мәртебесінің конституциялық негіздері, сайлау құқығы, әкімшілік құқық, Қазақстан Республикасы азаматтық құқығының негіздері, интеллектуалдық меншік құқығы, мұрагерлік құқық, отбасылық құқық негіздері, Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары, қаржы құқығы негіздері, бюджеттік құқық, салық құқығының негіздері, инвестициялық қатынастарды құқықтық реттеу, еңбек құқығы негіздері және әлеуметтік қамтамасыз ету құқығы, қылмыстық құқық негіздері, Қазақстанда сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері, экологиялық құқық негіздері, Қазақстан Республикасының қылмыстық және азаматтық іс жүргізу құқығының негіздері қарастырылады.

    Құқық пен мемлекетті дамыту және жетілдіру құқықтық мемлекеттің дамуы мен қызмет етуінің негізі  болып табылады. Қазақстан Республикасында құқықтық нормалар үнемі жаңартылып, жетілдірілу үстінде, сол арқылы жүргізіліп отырған реформалар айқындалып  жүзеге асырылады. Қазіргі кезеңдегі қоғамның даму жағдайы жоғарғы және орта-арнаулы білімді маманға жоғарғы талап қоюда. Бұл құқық негіздеріне де қатысты. Қазіргі кезеңде құқық субъектілерінің құқықтық ақпараттануы және құқықтық санасының жоғарғы деңгейде болуы аса қажетті. Себебі, құқықтық мемлекеттің негізі болып табылатын адам және азамат құқықтары мен бостандықтарын қорғау қоғамның құқықтық мәдениетінің жоғарғы деңгейінсіз мүмкін емес. Құқықтық  нормалар мен қағидаларын білу қазіргі құқықтың негізгі салаларына жалпы  бағдар алуға мүмкіндік береді, Қазақстан Республикасы заңнамасының негізгі жүйесін ұғынуға көмектеседі, сондай-ақ заңдар мен заңға бағынышты актілерді өздерінің еңбек жолында табысты пайдалана білуге жағдай жасайды.

  «Құқық негіздері» электрондық оқулықты оқып үйренудің негізгі міндеті - Қазақстан Республикасы нормативті-құқықтық актілерінің негізгі ережелерін білу және оларды күнделікті өмірде пайдалана білу дағдысын қалыптастыру болып табылады. Қазақстандық құқық негіздерін зерттеу экономика мамандығы бойынша білім алатын студентке экономикалық қатынастар субъектілерінің шаруашылық әрекетін кешенді түсінуге қажетті заңнама ережелерін игеруге мүмкіндік береді.

Электрондық оқулықты оқыту міндеттерінің қатарына құқықтық нормалар ережелерін позитивті игеру, оларды тиімді пайдалану үшін қажетті заңдық талқылау және дұрыс түсіну, құқық және заңнама жүйесі мен құрылымын , мемлекеттік билік органдарының, сонымен бірге құқық қорғау органдарының міндеттері мен әрекет ету қағидаттарын білу де кіреді.

 

 

 

МЕМЛЕКЕТ, ҚҰҚЫҚ  ЖӘНЕ  МЕМЛЕКЕТТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ  ҚҰБЫЛЫСТАР ТУРАЛЫ  НЕГІЗГІ ҰҒЫМДАР

   1.Құқық негіздері курсының жүйесі

   1.1. Құқық негіздерінің қайнар көздер

   1.2. Мемлекет және құқық туралы негізгі  түсініктер

   1.3.Мемелекет пен құқықтың пайда болуы туралы теориялар

 

Құқық негіздерінің жүйесі, пәні

Жүйе деп әртүрлі байланыстарымен және өзара қатынастарымен біріккен жеке элементтерден тұратын күрделі ұйымдасқан тұтастық түсініледі.

Элемент - бұл күрделі тұтастықтың құрамды бөлігі. Демек, жүйе ішкі құрылысты, құрылымды, байланысты, бөлшекке даралап бөлуді мегзейді. Сонымен бірге жүйе белгілі бір заңдар немесе принциптер бойынша реттелген жеке элементтерден тұратын біртұтас құрылым болып табылады. Құқық теориясында жүйе деп реттелінетін қоғамдық қатынастардың сипатымен айқындалатын тарихи қалыптасқан, ақиқат бар құқықтың ішкі құрылымы түсініледі.

Құқықтың жүйесі оның ішкі бірлігін білдіреді, ол қалыптасқан қоғамдық қатынастардың жүйесімен байланысты. Оның бастапқы элементі құқықтық нұсқау - құқық нормасы болып табылады. Құқық нормаларынын көбінің бір тұтасқа бірігуі, олардың арасындағы өзара іс-қимылы оның жеке бөлшектеріне тән емес жаңа сапа туғызады.

Жүйелер туралы жалпы теория идеяларын құқық жүйесін сипаттағанда толығынан қолдануға болады. Оның аса маңызды белгілері: біріншіден, құқық нормаларының тұтастығы, бірлігі; екіншіден, құқықтың жүйелілігі болып табылады. Соңғыны құқық жүйесінің сыртқы қасиеті ретінде айыруға болады. Оның ең басты сапасы - қайшылығы жоқтығы, үйлесімсіз ережелердін болмауы.

Құқық нормалары бірімен бірі өзара байланысты, өзара келісімді болуы керек, құқық тек жалпы экономикалық жағдайға ғана сәйкес, жәй ғана оның көрінісі болып қоймай, қайта ішкі қайшылықтарына байланысты өзін-өзі жоққа шығармайтын ішкі үйлесімнің көрінісі болуға тиіс.

Әрбір жүйе екі негізгі бөліктің, біріншіден, құрылышы - қандай да болмасын бірыңғай тым жалпы бір тұтастықтың (процестің, құбылыстың) шеңберінде біршама дербес элементтердің жекеленуі мен «жиынтығын» және, екіншіден, құрылым элементтерінің өзара қатынасы болуын көздейді.

Құрылым дегеніміз элементтердің тұрақты бірлігін қатынастардың реттелінгендігін, тұрақтылығын білдіретін элементтер байланысының заңы; ол құбылыстың жүйе ретінде тұтастығын, бірлігін сақтауды қамтамасыз етеді, оның негізгі қаңқасын құрайды. Сонымен бірге элементтердің бірлігі олардың өзара бір-бірімен келіскен әрекеттестікте болуын көздейді, бұл жүйенің өмір сүруінің амалы болып табылады. Өзара әрекеттестіктің арқасында әрбір элемент бүкіл жүйеге тән өзгеше сапаға ие болады. Оның жүйеден тысқары өмір сүруі мүмкін емес.

Құқықтың жүйелі құбылыс ретінде нақ осы ерекшелігіне толығырақ тоқталайық, құқық жүйесі құрылысының негізі мен принциптерін қарастырайық. Құқықты жеке бөліктерге бөлудің негізіне материалдық белгі - құқықтық реттеудің негізіне жататын қоғамдық қатынастардың сипаты алынды. Құқық жүйесін жеке бөліктерге бөлу қандай да болсын нормалаудың қоғамдық қатынастардың қай саласын реттейтіндігіне байланысты, яғни құқық жүйесінде салаларды бөлудің белгісі құқықтық реттеудің тақырыбы болып табылады.

Құқық жүйесінде салаларды бөлудің қосымша белгісіне құқықтық реттеудің әдісі жатады, ол дегеніміз заңдык тәсілдер мен амалдардың жиынтығы, солардың көмегімен сапасы жағынан біртектес, жекеленген қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу жүзеге асырылады. Оны құқықтың салаларын бөлудің заңдық белгісі деп айтады.

Құқықтық реттеу тақырыбы бойынша ерекшеленетін құқық жүйесінің жеке бөліктері құқық салалары деп аталады, олар біртектес қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы ретінде түсініледі.

Егер нормативтік нұсқама (құқық нормасы) құқықтың бастапқы элементі, негізгі клеткасы, тұтас құқықтык материя болатын болса, онда құқықтық институт құқық саласының негізгі элементі, саланың бастапқы, дербес құрылымдық бөлшегі болып табылады, онда құқықтық нормалар өздерінің заңдык мазмұны бойынша топтастырылады. Заңдық нормалар саланы тікелей емес, құқықтық институттар арқылы құрады. Құқықтық институт - бұл біртектес қоғамдық қатынастардың дербес түрін реттейтін құқық саласының бөлігі.

Ғылымның немесе оқу құралының өзіндік реттейтін, оқытатын пәні болады. Мемлекет және құқық пәні - қоғамдағы саяси экономикалық, әлеуметтік құбылыстарды зерттеп, қоғамдық өмірдегі қарым-қатынастарды реттеу, басқару әдіс-тәсілдерін, объективтік заңдылықтарын анықтап отыратын ғылым. Ол мемлекет пен құқықтың мәнін терең түсінуге мүмкіндік береді. Мемлекет пен құқықты бөліп қарауға болмайды, олар бір-бірімен тығыз байланысты. Құқық мемлекеттік органдардың құрамын қалыптастырудың ретін, жұмыс тәртібін және оның бағыт-бағдарын орнықтырады, ал мемлекет құқықтық нормаларды қабылдайды, бекітеді және қорғайды.

Методология (әдіс-тәсіл) - дүниені философиялық тұрғыдан түсіндіретін ілім. Ғылыми методологияның негізі - диалектикалық  материализм. Мемлекет және құқық теориясының методологиясы философияның обьективтік заңдарына, теориялық қағидаларына сүйене отырып, логикалық әдіс-тәсілдер арқылы мемлекет пен құқықтың өмірге келу, даму заңдылықтарын зерттейді. Бұл зерттеу процесінде теория мен тәжрибенің бірлестігіне сүйене отырып, қортынды ғылыми тұжырымдар жасалады. Сонымен мемлекет және құқық теориясының әдісі - диалектикалық материализм методологиясы және заң ғылымдарының зерттеу тәжірибесінен қалыптасқан әдіс-тәсілдер.

Адам қоғамының тарихын, даму процесін, мазмұнын, болашағын зерттейтін ғылымдарды қоғамдық ғылым дейді. Оның салалары: философия, саяси экономика, тарих, социология, заң ғылымдары, филология, археология, этнография т. б. Бұлардың ішінде мемелекет пен құқық теориясына кеңірек көңіл бөлетін философия мен тарих, ал басқалары қысқаша тоқтап өтеді.

Заң ғылымы – қоғам ғылымдарының бір саласы. Заң ғылымы шын және толық мәнінде заң дүниесін, заң құрамын жете танитын ғылым болып XIX ғасырдың ортасында қалыптасты. Бұл ғылым мемлекет пен құқықтың өмірге келуін, мазмұнын, атқаратын жұмыстарын, диалектикалық даму процесін т. б. мәселелерін зерттеумен шұғылданады.

Заң ғылымдары үш топқа бөлінеді:

1. Мемлекет және құқық теориясы, мемлекет пен құқықтың жалпы тарихы, құқық пен саясаттың тарихи дамуы;

2. Салалық заң ғылымдары (азаматтық, қылмыстық, еңбек т. б.)

        3. Арнаулы заң ғылымдары (криминалистика, соттық-медицина, халықаралық құқық т. б.).

 

Құқық негіздерінің қайнар көздері

Құқық негізі жөнінде әңгімелегенде, бәрінен бұрын құқықтың пайда болуы мен оның әрекет етуіне негіз болатын қозғаушы күштердің мағынасы әңгімеге арқау болады. Мұндай қозғаушы күштер мемлекеттің құқық шығармашылық ісі, үстем таптың (бүкіл халықтың) ерік-жігері және ең соңында қоғамның материалдық тұрмыс жағдайлары.

Бұл тұрғыдан құқық негіздерін кең мағынада түсіндіреді. Сондай бола тұрса да «құқық негіздері» ұғымының тар мағынасы да бар. Заң ғылымында «құқық негіздері» дегеніміз - қоғамдық қатанастарды реттейтін, ресми түрде бекітілген, жалпыға бірдей міндетті, мемлекет қамтамасыз ететін қоғамның ерік-жігері.

Әдетте құқық негіздері төрт түрге бөлінеді: құқықтық әдеттер, сот прецеденттері (үлгілер), құқықтық келісім-шарттар, нормативтік-құқықтық актілер.

Құқықтық әдеттер - қоғам өмірінен шыққан, адамдардың қарым-қатынасын реттейтін, мемлекет күшімен қамтамасыз етілетін ресми түрде бекітілген әдет-ғұрыптар.

Кезінде қазақ даласында құқықтық әдет-ғұрыптар қоғамдық қатынастардың негізгі реттеушісі болған.

Оған дәлел «Қасым ханның қасқа жолы» (XV ғ.), «Есім ханның ескі жолы» (XVI ғ.), Тәуке ханның «Жеті жарғысы» (XVIII ғ.). Сонымен қатар қазақ қоғамында билердің үлгі шешімдері де қазақтың ұлттық құқықтық әдеттерін дамытқан. Қиыннан қиыстырып тапқан билердің шешімдері ұқсас істерді қарағанда күші бар құқықтық норма ретінде пайдаланылған. XIX ғасырда билер съезінде қабылданған ережелерде құқықтық нормалар жазылып, нормативті актілер ретінде пайдаланылған. Солармен қатар қазақ қоғамында ежелден қалыптасқан құқықтық әдеттер де қоғамдық қатынастардың реттеушісі болып отырған. Құқық прецеденті - жоғары мемлекет (сот) органдары қабылдаған нақты шешім. Осы шешім төменгі мемлекет (сот) органдарына ұқсас істерді шешкенде негіз болады. Құқық прецендентінің шыққан елі - Англия. Қазіргі заманда құқық прецеденті Англия, АҚШ, Үндістан, Австралия мемлекеттерінде құқықтың негізгі қайнар көзі болып табылады.

Құқықтық келісім-шарт екі немесе көп жақтың өз еркімен жасалған, ресми түрде бекітілген, мемлекет күшімен қамтамасыз етілетін келісім-шарт.

Қазіргі заманда құқықтық келісім-шарттар халықаралық қатынастарда құқықтың негізгі қайнар көзі болып табылады. Нормативтік-құқықтық актілер - құқықтың ең басты қайнар көзі негізі ретінде танылады.

Нормативтік-құқықтық акті (НҚА) - мемлекеттік органдар ресми түрде қабылдаған, жалпы ережелерден тұратын, қоғамдық қатынастарды реттейтін, жалпыға бірдей міндетті құжат, яғни акті.

Тәуелсіз Қазақстан Республикасында ұлттық құқық тек қана нормативтік актілер арқылы қалыптасуда. Құқықтың нәр алатын бастауы - Қазақстан Республикасының Конституциясы. Конституцияның ең жоғары заңдық күші бар және Республиканың бүкіл аумағында ол тікелей қолданылады. Одан төмен - конституциялық заңдар. Ондай заңдар ерекше қатынастарды реттейді. Одан кейінгі - жай заңдар. Конституцияға өзгерістер мен қосымшаларды республикалық референдум немесе Парламент енгізеді. Конституциялық және жай заңдарды Парламент қабылдайды. Парламент Президентке бір жылдан аспайтын мерзімге заң шығару өкілеттігін беруге қақылы. Конституцияда аталған жағдайда Президент заң күші бар Жарлық шығаруға қақылы. Президент өз өкілеттігіне жататын мәселелер бойынша нормативті Жарлық шығарады. Қазақстан Республикасының Үкіметі өз құзырындағы мәселелер бойынша Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші бар қаулылар шығарады. Конституциялық Кеңес өз құзырындағы мәселелер бойынша нормативті қаулылар шығаруға құқылы. Ол Қазақстан құқығының құрамды бөлшегі болып есептеледі. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты да құзырына жататын мәселелер бойынша нормативті қаулылар қабылдауға құқылы.

 

   Мемлекет және құқық туралы негізгі  түсініктер

Мемлекеттің қоғаммен генетикалык байланысы. Мемлекет туралы әңгімені бастардың алдында біз ең алдымен оның қоғамда әрекет ететіндігін, онымен қандай да бір өзара қарым-қатынаста болатындығын, оның, яғни қоғамның тарапынан белгілі бір ықпалдың болатындығын және өз кезегінде қоғамға өзі де ықпал ете алатындығын ескереміз. Сондықтан да қоғам мен мемлекеттің, оны жанама түрде көрсететін аса маңызды институттарының көмегімен болатын өзара қарым-қатынасының принциптері мен негіздерін теориялық жағынан айқындау қажеттігі туып отыр.

Қоғам - адамдардың ұйымдасуы мен өмір сүруінің нысаны, соның шеңберінде материалдық және рухани игіліктер өндіріліп, тұтынылып және айырбасталып жатады, осының өзі белгілі бір тәртіпті, адамдар арасындағы өзара қарым-қатынастардың орнықтылығы мен тұрақтылығын нығайтуға бағытталған, өз мүшелерінің мінез-құлқын басқарудың, реттеудің және ықпал етудің ерекше құралдарының болуымен сипатталады.

Мемлекет қоғамның негізінде пайда болады және сол мемлекет құрған ұйымдардың бірі болып табылады. Ол - қоғам дамуының белгілі бір кезеңіндегі нәтижесі. Қоғамның анатомиясы, бейнесі, сипаты және табиғаты қандай болса, мемлекет те сондай болады. Жартылай жабайы қоғамның өзіне лайықты мемлекеті болса, өркениетті қоғамда мүлде басқа мемлекет болды. Өркениеттің әр басқышы әр алуан мемлекеттермен сипатталып келді және сипатталып отыр. Қоғам дегеніміз - мемлекеттің объективті негізі іспетті, соның базисі, өзгеше «тіршілік ету ортасы». Ол мемлекеттен әлдеқайда көп бұрын пайда болды. Ұзақ уақыт бойы ол мемлекетсіз өмір сүрді, туындаған мәселелерді басқа ұйымдық құрылымдар мен институттардың көмегімен шешіп отырды. Алайда қоғам өзі тудырған мемлекет оның өте қажетті серігі, міндетті түрдегі атрибуты болып шықты. Бір кезеңнен екінші кезеңге өткен сайын ол дамып, түрленіп, өзгеріп келді және жақын, алыс келешекте де өзгеретіндігі шүбә келтірмейді, бірақ енді келешекте тарих сахнасынан шығып қалуы және жойылып кетуі екіталай. Қоғам тіршілік етіп жатқан кезде мемлекет те сақталады.

Алғашкы кезде қоғам мен мемлекет бірдей болды деген сияқты оқу әдебиеттерінде кездесетін пікір біздің ойымызша, дұрыс емес. Келтірілген тезистің авторы Л. И. Спиридонов айтып отырған ежелгі полис бір мезгілде әрі мемлекет, әрі қоғам болуы мүмкін емес. Оның бойынан өз құрылымдары бар мемлекет болып не табылатынын және шын мәнінде қоғамды не құрайтынын айыру керек. Олар сәйкес келмейді, сәйкес келуі мүмкін де емес, өйткені әртүрлі дәстүрдін құбылыстарына жатады.

Мемлекет қоғамға қызмет етуі керек, оның мүдделері мен қажеттіліктерін қанағаттандыруға ықпал етуге, оның тіршілік етуіне қажетті жағдайларды қамтамасыз етуге тиіс. Бұл жағынан мемлекеттің мүмкіндігі зор. Орасан зор материалдық, адам, ұйымдастыру ресурстарына, саяси-идеологиялық потенциалға, басқарудың, реттеудің және ықпал етудің әр алуан құралдарына иелік ете отырып, мемлекет (оларды үнемді әрі тиімді пайдаланған жағдайда) экономиканың, әлеуметтік, рухани және басқа жағдайлардың дамуына оң әсер етіп, тұрақтылық пен тәртіпке қол жеткізуге, қоғамда қажетті моральдық-психологиялық ахуал қалыптастыруға оң ықпал ете алады. Мемлекеттің жоғарыда аталып өткен мүмкіндіктерінін қоғамға барынша пайда келтіретіндей етіп жүзеге асырылуы аса маңызды.

Алайда, кейде мемлекеттің қоғамға масыл болатын жағдайы да кездеседі, қоғамға зиян және түгелдей орны толмайтын залал келтіре отырып, оның дамуына теріс (тойтаратын, жансыздандыратын, тежейтін) роль атқаруы мүмкін. Мемлекеттің қоғамға теріс ықпалының мүмкіндігі аса зор болғандықтан онын қоғамды деформациялау сияқты салдары да болуы мүмкін. Мысалы, фашистік және басқа тоталитарлық мемлекеттердің қоғам дамуындағы ролі шын мәнінде қатерлі болып шықты: экономиканың милитаризациялануы, демократияның дамымауы, жеке адамның құқығының аякқа басылуы, полицияның зорлық-зомбылығы, жаппай заңсыздык - міне осының бәрі қоғамның табиғатын бұрмаламай тұра алмады, оған теріс бағыт берді.

Көріп отырғанымыздай, қоғамға қатысты мемлекеттің ролі біржақты бағалана алмайды екен.

Қоғам мен мемлекеттің қатынасынын үйлесімділігінің қажеттілігі. Қоғам алдында тұрған көптеген міндеттерді шешуді мойнына алған мемлекет қалай болғанда да қоғамның түрлі саласындағы тіршілік әрекетіне араласуға мәжбүр болады. Тарихтың әр кезеніндегі мұндай араласудың сипаты мен шегі әртүрлі. Оларға көптеген объективті және субъективті факторлар әсер етеді: экономиканың даму деңгейі, халықтың әл-ауқаты, елдің әлеуметтік тұрақтылығы, қоғамдык және мемлекеттік құрылыстың демократиялық деңгейі, аса маңызды саяси институттардың ара қатынасы, басқару элитасы мақсаттарының бағыттылығы, басшылардың жеке басының қасиеті. Осыған байланысты мемлекет пен қоғамның өзара қарым-қатынасының тұрпаты қалыптасады. Мемлекет өзінің дамуының ең алғашқы кезеңдерінде қоғаммен өзара қарым-қатынасында жабайы әрі дөрекі нысандарды жиі қолданды: үстемдік ету, сөзсіз бағынуды талап ету, қатаң бақылау мен ұсақ тәртіп белгілеушілік, мәжбүрлеу және күштеу әдістерін қолдану арқылы жаппай мемлекеттендіру. Тек кейінірек, халықтың сана-сезімі мен менталитетінің өсу, мемлекеттік және қоғамдық институттарды бірте-бірте демократияландыру адамның және азаматтың құқығы мен бостандығын қорғаудың қажеттігі туралы идеяның пайда болуы мен таралу денгейіне қарай бұл дөрекі әрі қарапайым нысандар қалай болғанда да өзгереді, жұмсарады, басқаларға орын береді. Өркениеттік бастаулар, мемлекет пен қоғамның қарым-қатынасына кіре отырып, оларды жана сатыға көтереді, оларға жаңа сипат береді.

Әрине, бүгінде қоғамды табанына салып таптағысы, оған өзінің еркін таңып, дербестік пен автономиялықты жоққа шығарғысы келетін мемлекеттерде кездесіп қалады. Алайда, олармен қатар, көптеген мемлекеттер қоғаммен өзара қатынастарын үйлесімділік пен тең құқықтық принциптеріне құра отырып, әміршілдік-бұйрықшылдық нысандарынан бас тартуда. Бұл тенденциялардың әрі қарай дамуы құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам құруға алып келеді.

Мемлекет пен қоғамның өзара қарым-қатынасының үйлесімділігіне апаратын жолдың көптеген қиындықтары бар, соқтықпалы-соқпақты болып келеді. Жаңа принциптер мен әдістерді бекіту үшін материалдық және ұйымдық алғы шарттармен қамтамасыз ету керек. Сонымен бірге, бұйрық беруге дағдыланып қалған әрі иландыру мен тәрбиелеуді білмейтін мемлекеттік аппараттың барлық қызметкерлерінің ойлау селқостығын жеңу керек. Азаматтардың сана-сезімін қайта бағдарлау аз күш жұмсауды қажет етпейді, олар өз құқығы мен мүддесін қорғауға дағдыланбаған, кейде олардың бұзылуымен үнсіз келіседі, өмірде кездесетін заңсыздық, сыбайластық және қиянат фактілеріне енжарлық көзқарас ұстанады.

Қоғам қабылетті әрі тиімді әлеуметтік институттар құруға мүдделі, өйткені олар мемлекеттің ролінің шектен тыс күшеюіне және оның өзіне негізсіз билік етуіне, айқын өктемдігіне, әсіресе тоталитарлығына сенімді кедергі болар еді. Олардың ішінде ең алдымен халықтың әртүрлі топтары құратын саяси партияларды, қоғамдық бірлестіктерді, бұқаралық қозғалыстарды, үкіметтік емес ұйымдарды айтуға болады. Жұртшылықтың белгілі бір дәрежедегі қолдауына ие болған, қоғамдық пікір мен өз беделіне сүйенген олар, қоғам мен мемлекеттің арасындағы қажетті балансты сақтау немесе қалыптастыру үшін ықпал етудің түрлі механизмдерін пайдаланады.

 

         Мемелекет пен құқықтың пайда болуы туралы теориялар

Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы және мемлекеттің пайда болуының алғы шарттары. Мемлекеттің пайда болуына өзінің сипатына, бағытталуы мен ерекшеліктеріне сәйкес, нысандарын қажет етпеген және мемлекет болғанға дейінгі, басқа нысандарды пайдаланып келген алғашқы қауымдық қоғамның даму кезеңдері тікелей ізашар болып отыр. Экономика мен басқа да тіршілік ету салаларының өте төмен деңгейімен ерекшеленетін алғашқы қауымдық қоғам алдын ала қоғамдық өмірдің жабайы сатысынан объективті түрде өтіп, мемлекеттік деңгейіне дейін «өсуі» керек. Ол жануарлар әлемінен енді ғана бөлініп шыққан, өзінің өткен өмірінің ашық та анық таңбасы бар адамның көп жағдайда табиғаттың дүлей де соқыр күштерінің алдында дәрменсіз болып қалатындығымен, жағдайды бірден бағдарлай алмайтындығымен, өзінің іс-әрекеті мен қылығынын аяғы неге апарып соғатындығын болжай алмайтындығымен сипатталатын. Ол тамақ, киім және басқа тіршілікке қажетті заттарды табудың жетілмеген, дөрекі құралдарын пайдаланды, соған қарай қоғамда еңбек өнімділігі табыстың жинақталып, осында қалып қалуына мүмкіндік жасай алмады: ол қалдықсыз пайдаланылды.

Осындай өте қиын жағдайларда, тіршілік ету үшін адамдардың алғашында шағын ғана отбасылық кезбе топ құруға, кейінірек - қауымның құрамы бойынша одан әлдеқайда көбірек болып топтасуы қажет болды. Бұл топтар негізінен туыстық қатысы бар адамдардан құрылды. Кезбе топтың немесе қауымның мүшелерімен туыстық қатысы жоқ адамдарға сенімсіздік көрсетіліп, олар ортаға жіберілмеді. Біртіндеп қоғамның негізін салған рудың адамдары бөлектеніп шыға бастайды. Ол үшін олардың мынадай ерекшеліктері болуы керек болды:

1) сол кездегі іс-әрекеттің негізгі салаларын қамтуға мүмкіндік беретін қоғамдық өмірдің өзіндік бір нысаны ретінде ортақ шаруашылықты жүргізе алатын, ұжымдық тұтынуды жүзеге асыратын, ұжым мүшелерінің қажетін қанағаттандыратын болуы керек;

2) туыстық жағынан аса жақын емес, сондай-ақ таяудағы мақсат, мүдделері де бөлектеу ру мүшелері айтарлықтай ұйымшылдық көрсетіп, бір біріне көмектесіп, қауіп-қатерден бірлесіп қорғануы керек;

3) осыған сәйкес руды басқару жүйесі құрылды: ру тіршілігінің негізгі мәселелері барлық ру мүшелерінің дауысы тең болып саналатын рудың жалпы жиналысында қаралып, сонда шешілді; жалпы жиналыс қандай да бір қоғамдық міндет жүктелетін ру басшысын, әскер басын және басқа да адамдарды сайлайды, сондай-ақ олардың қызметіне бақылауды жүзеге асырады. Барлық қоғамдық міндеттердің ақысыз-пұлсыз атқарылатындығын, тұрақты негізде емес және ру мүшелерінің ұсынысы бойынша кез келген сәтте өзгеріп тұратындығын атап айту аса маңызды, ал кәсіби немесе жартылай кәсіби басқарушы-қызметкерлер түріндегі қандай да бір басқару және мәжбүрлеу аппаратын ру ұйымы білген емес.

Ру адамдар арасындағы алғашқы қауымдық құрылыстың алғашқы ұйымы ретіндегі қоғамдық тұрмыс жүйесін толық қамтыған жоқ - ол небәрі осы жүйенің бір буыны ғана болды. Бірнеше ру фратрийге бірікті, ал бірнеше фратрий тайпа құрды. Кейде тайпалар одағы сияқты бірлестіктерді де кездестіруге болады.

Осынау басқалардан анағұрлым ірілеу бөлімшелердің шеңберінде болып жатқан қоғамдық істерді басқару, руды басқару тәртібімен бірдей негізде жүргізілді.

Бұдан кейінгі кезеңдерде алғашқы қоғамның негізінде болған өзгерістер оның барлық тараптарына қатысты болды. Тұрмыстың экономикалық саласында болған өзгерістердің маңызы айрықша еді. Күннен күнге өндіргіш күштер жетіле бастады: егер алдымен жабайы жеміс-жидектерді, дәнді дақылдарды жинау және жабайы аңдарды аулау бағыты басым болса, сосын, солармен қатар, мәдени дақылдарды сеуіп, мал өсіру қолға алына бастады. Сүйектен, тастан, ал кейінірек қоладан еңбек құралдары, аң аулайтын және қорғанатын құралдар қолданыла бастады. Адамның тұтынған затынан өндірген затының артылып қалуы ұшырасты. Артық дүниесі көбейгендер оқшауланып шыға бастады. Сөйтіп, осының негізінде жеке меншік пайда болды да, бірыңғай әлеуметтік қоғамда үлкен бір өзгеріс жасап, оны байлар мен кедейлер деп екі топка беліп берді. Осы кезеңдегі ірі қоғамдық еңбек бөлінісінің (қалған жұртшылықтан бақташылар тайпасынын бөлініп шығуы; колөнердің егін шаруашылығынан бөлінуі; көпестер тобының пайда болуы) әсерімен бұл процестер тереңдей түсті.

Біртіндеп басқарудың рулық ұйымы мен қоғамдық тұрмыс қоғамның жаңадан тіршілік ету жағдайларында қайшылықтарға кездесе бастады да, өздеріне жүктелген міндетті орындай алмайтын жағдайға жетті. Оның қоғамның өзгерген жағдайын ескере алатын жаңа ұйымға, - мемлекетке жол беруі керек болды.

Мемлекет тақыр жерден пайда болған жоқ. Ол рулық басқару жүйесін жоққа шығару және сонымен бір мезгілде оның өзіндік бір жалғасы болып табылды. Олардың арасында жақсы жаңалықтан кенде емес кейбір инстатуттардың сабақтастығы айқын көрініп тұрды. Біріншіден, рулық басқарудың көптеген институттары (мысалы, процедурасы күрделі және қатысушылары тең құқықты жалпы жиналыс) ысырылып тасталып, билік ету-мәжбүрлеу бағытындағы басқасымен алмастырылды. Екіншіден, рулық басқарудың бірқатар институттары (мысалға, әскери басшылар мен көсемдер немесе сайлау институты) елеулі өзгерістерге ұшырап, қоғамның тіршілік әрекетінде жаңа жағдайларға бейімделді, сипатын, функциясы мен міндетін өзгертті, қалай болғанда да сақталып қалды. Үшіншіден, бұл процесте басты нәрсе әлеуметтік жағынан әр алуан, антагонизмдерімен және күресімен сипатталатын қоғамға арналған әкімшіл-бұйрықшыл, мәжбүрлеу-күштеу сипатындағы жана институттардың қалыптасуы, апробациялануы, іріктелуі, жетілдірілуі болып отыр.

Көріп отырғанымыздай, алғашқы қауымдық қоғам дамуының табиғи барысынын өзі, әрекет етіп отырған барлық факторлардың - объективті және субъективті, ішкі және сыртқы, маңызды және екінші кезектегі - жиынтығы мемлекеттің пайда болуына алып келді. Бұдан былай қарай мемлекет өзінің тарихының барлық келесі кезеңдерінде серіктес болып келген қоғамның тікелей атрибуты болды.

Мемлекет туралы ұғым. Мемлекет - басқару функциясын орындайтын және соның көмегімен қоғамнын тіршілік-тынысын қамтамасыз ететін, оған қажетті жағдайлар мен алғышарттар жасауға ұмтылатын адамзат қоғамын ұйымдастырудың айрықша нысаны. Өзіне тән ерекше белгілері мен қажетіне, сондай-ақ өзіндегі аса мол мүмкіндіктеріне қарай мемлекет экономиканы дамытудың, әлеуметгік-саяси, рухани, ұлтаралық және жеке адамдардың арасындағы қатынастардың маңызды мәселелерін шешуге нақты қатысып, қоғамдағы істердің жағдайына белсенді түрде әсер ете алады. Мемлекет тек өзіне ғана тән функциялары, әсер ету нысандары мен әдістері бар айрықша құрылым ретінде сипатталады. Соның арқасында оны қоғамда, ұйымда, құрылымдар мен институттарда әрекет ететін басқалардан ерекше өзгешелігімен көзге түсетін күрделі саяси организм ретінде қабылдаймыз.

Көрсетілген негізгі жағдайлар біздің түсінігімізде және мемлекетті анықтауда өзінің көрінісін табуы керек. Өзінің көрінісін тапқан құбылыстың күрделілігі мен көп аспектілігін қарай оның біржақты болуы мүмкін емес және бірнеше «қабатты» қамтиды.

Мемлекет дегеніміз бұл - адамзат қоғамы дамуының маңызды кезеңдеріне тән саяси ұйым:

а) қоғамды басқару міндетін атқару, адамдардың, топтардың, таптардың және басқа да әлеуметтік субъектілердің қарым-қатынасын реттеп, бағыттау, олардың бірлескен іс-қимылына жағдай жасау жүктелген;

б) оның саясатын жүзеге асыру жүктелген кең тармақты органдар жүйесі және биліктің ұйымдастырушылық күш құралдары бар;

в) тапсырмасының орындалуын қоғамдық өмірдің барлық субъектілері қамтамасыз ететін әкімшілік-мәжбүрлеу өкілеттігі берілген.

Мемлекет туралы бұл түсінікті ашып, нақтылай отырып, әрбір белгі соғылған белгілерге егжей-тегжейлі тоқталып, оның мазмұнды және мәнді сипаттамасына тереңірек үңіліп, әрекет ету механизмін көрсету қажет.

Мемлекеттің негізгі белгілері. Мемлекеттің рулық басқару ұйымынан басты айырмашылығы сол, онда арнаулы кәсіби басқару және мәжбүрлеу аппаратының болуымен немесе, оқу және монографиялық әдебиеттерде атайтынындай, «жария биліктің» болуы тән. Бұл жердегі әңгіме қоғамнан бөлініп шыққан, басқару негізгі жұмысына, кәсібіне, мамандығына айналған, қатары біртіндеп көбейе бастаған адамдар туралы. Басқарушы-адамдардың мұндай ерекше тобын алғашқы-рулық басқару ұйымы білген емес. Ол тек қана басқарудың мемлекеттік жүйесіне тән нәрсе; олар мемлекеттің рабайсыз үлкен механизмін іске қосады. Нәтижесінде мемлекеттін барлық халқы бір жағынан басқарылатындарға, екінші жағынан басқаратындар мен басқару жөніндегі мамандарға бөлінген сияқты. Сөйте тұра екіншілерінің біріншісіне қатысты тек қана басқару функцияларын емес, сондай-ақ кейбір мәжбүрлеп ықпал ету шараларын да ресми түрде жүзеге асыруына қақысы бар.

Мемлекеттің басқа бір ерекше белгісі, өзінің өмір сүруі үшін халықтан салық жинауға мәжбүр болуы. Салық - бұл мемлекеттің өмір сүріп, тіршілік етуінің экономикалық негізі; салықсыз ол күн көре алмайды, өйткені қаржының жетіспеуінен немесе болмауынан оның бүкіл тіршілігі қиындайды. Салықты мемлекеттің барлық азаматтары, соларға қоса шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар да төлейді; халықтың шамалы бөлігі ғана салық төлеуден босатылады. Мемлекет салықтан түскен қаржыны баскару және мәжбүрлеу аппаратының орасан зор армиясын ұстауға, мемлекеттің жүргізетін ішкі саяси және сыртқы саяси шараларын қаржыландыруға, медицинаны, білім беру, ғылым, мәдениет салаларын қолдауға, экономиканың маңызды салаларын ынталандыруға, қоғамдық қауіпсіздікті, құқық тәртібін және қылмыс пен кұқық бұзушылықпен күресті қамтамасыз етуге пайдаланады.

Мемлекеттің ерекше белгілерінін біріне оның өз азаматтарын аумақтық принцип бойынша бөлетіндігі жатады, ал алғашқы - рулық басқару ұйымының негізі мүлдем басқаша - қандас туысқандардың байланысы мен қарым-қатынасынан құралады. Енді соңғысы бұрынғы маңызын жойды, басқару ісінде басым болудан қалды. Керісінше, мемлекет азаматтарға өздеріне тиесілі құқықтарын бөліп, оларға міндеттер жүктеу туралы мәселені шешкен кезде, оларды басқару, ұйымдастыру және басқа да шараларға тарту кезінде ең алдымен олардың аумақтық тиістілігін, тұрғылықты жерін ескереді.

Мемлекеттің даму барысында халықтың аумақтық принципі бірқатар мемлекеттік-құқықтық институттармен тұтас алғанда жанама түрде байланыс орната алды, ол оны нақтылай түсуге, тереңдетуге, айқын мазмұнмен толықтыруға бағытталған еді.

Олардың ішінде қандай да бір мемлекетке тиесілілігі бекітілген азаматтық институты ерекшеленеді. Басқа тұлғалардың бәрі шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ тұлғалар болып танылады. Азаматтардың мәртебесіндегі айырмашылықтарының, сондай-ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалардың арқасында мемлекет халықты «өзіміздікі» және «өзіміздікі емес» деп дифференциялайды. Сыртқы (мемлекеттер арасындағы) және ішкі (автономиялық және әкімшілік-аумақтық бөліністер арасындағы) шекаралар институтының маңызы айтарлықтай. Олардың көмегімен мемлекеттік биліктің кеңістіктегі шегі, сондай-ақ мемлекеттің егемендігінің құрамдас бөлігі болып табылатын аумақтық билік ету институты анықталады.

Мемлекет басқа ұйымдардан қоғамда әрекет ететін құрылымдарымен және институттарымен, егемендік сияқты қасиетімен ерекшеленеді. Бұл қасиет мемлекетті басқа ұйымдардан, қоғамның құрылымдары мен институттарынан жоғары қойып, оған өзіндік басымдық, қайталанбас ерекшелік береді. Егемендіктің екі құрамдас бөлігі бар: үстемдік және тәуелсіздік. Мемлекеттік биліктің үстемдігі деп өз аумағындағы ең жоғары билікті айтады. Аумағындағы жұмыс істеп тұрған барлық ұйымдар, бірлестіктер, құрылымдар мен тұлғалар мемлекетгің басымдық ролін мойындайды, өздерін оның мәртебесі мен маңызынан төмен қояды. Олар мемлекеттік биліктін бұйрығын орындауға, мемлекеттің белгілеген тәртібін сактауға міндетті. Мемлекетке тиесілі аумақта бірде бір ұйым, бірлестік немесе құрылым мемлекетке қарсы келе алмайды. Егемендіктің екінші бір құрамдас бөлігі болып саналатын тәуелсіздік дегеніміздің мәнісі, мемлекет өзінің билігін дербес жүргізеді, өзінің стратегиялық бағыты мен тактикалық жолын өзі таңдайды, өз ісіне ешкімді араластырмай, ішкі және сыртқы саясатын өзі жасайды, басқаның үстемдігіне жол бермейді. Тәуелсіздік ұғымының ішкі аспектісі мемлекеттің ішінде жұмыс істейтін бірде-бір ұйымның, бірлестіктің және құрылымның мемлекетгік биліктің дербестігіне қол сұға алмайтындығына ерекше көңіл аударуға міндеттейді. Ал тәуелсіздіктің сыртқы аспектісі, егемен мемлекет басқа мемлекеттермен, халықаралық ұйымдармен дербес қарым-қатынасты сақтайды дегенді білдіреді.

 «Құқық» терминінің көптеген мәні бар, ол заң ғылымында, күнделікті өмірде және қызмет бабында қолданылады. Кең мағыналы түсінік болғандықтан, әрбір адамның құқықтың мәні туралы қандай да бір пікірі қалыптасатыны сөзсіз.

Заң ғылымында «құқық» термині бірнеше мағынада қолданылады. Біріншіден, «құқық» - ресми түрде танылған жеке және заңды тұлғалардың заңға сүйене отырып, әрекет жасау мүмкіндігі. Мысалы, азаматтардың еңбек ету бостандығы, білім алу, меншік иесі болу, кәсіпкерлікпен шұғылдану құқығы. Заңды тұлғалардың да құқықтық мүмкіндіктері болады. Осы келтірілген жағдайларда «құқық» түсінігі субъективтік (тұлғалар) мағынада қолданылады.

Субъективтік (тұлғалар) құқық - тұлғалардың мүддесін қанағатгандыру мақсатымен құкықтық нормалардын құқық тұлғаларына берген құқықтық мүмкіндіктері. Мұндай мүмкіндіктер құқықтық қатынастарға қатысатын тұлғалардың мінез-құлқының шегін анықтайды. Тұлғаның құқығы құқықтық қатынасқа қатысушы басқа тұлғаның құқығымен байланысты болғандықтан, екі жақта да құқықтық міндеттер пайда болады. Мысалы, әр азаматтың оқып, білім алуға құқығы бар. Сол құқықты пайдаланып, оқуға түскеннен кейін азамат оқу орнының ішкі тәртібіне бағынуға, оқу бағдарламасын орындауға міндетті.

Заңи тұлға кәсіпкерлікпен шұғылданып, заңи негізде мүлікке ие болуға хақылы. Ол мүлікті өз игілігі үшін пайдаланады. Сонымен қатар, өз мүлкін пайдаланғанда қоғамның, басқа адамдардың мүдделеріне зиян келтірмеуі керек. Сондықтан Қазақстан Республикасының Конституциясында былай деп жазылған: «Меншік міндет жүктейді, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игілігіне де қызмет етуге тиіс» (6-бап).

Субъективтік (тұлғалық) құқықтық міндет - құқықтық мүмкіндік берілген құқық тұлғасының заңи мүддесін (талабын) орындату үшін басқа құқық тұлғасына жүктелген міндет. Бұл міндет құқықтық қатынастарға қатысу нәтижесінде жүзеге асырылып, мемлекеттік мәжбүрлеу арқылы (міндетті орындамаған жағдайда) қамтамасыз етіледі.

Екіншіден, «құқық» дегеніміз құқық нормаларының жүйеге келтірілген жиынтығы. Бұл объективтік мағынадағы құқық, себебі олардың жасалуы жеке адамның еркіне байланысты емес. Сонымен, объективтік мағынадағы құқық жеке нормаларға бөлінбейтін, тұтас құбылыс болып саналады. Құқық туралы Конституция былай дейді: «Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық Конституцияның, соған сәйкес заңдардың, өзге де нормативтік-құқықтық актілердің, Республиканың халықаралық шарттық және өзге де міндеттемелерінің, сондай-ақ Республика Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Соты нормативтік қаулыларының нормалары болып табылады» (4-бап).

Үшіншіден, «құқық» термині оқу пәнін білдіретін ұғым ретінде қолданылады. Құқық пәндері түрлі салаларға бөлінеді: конституциялық құқық, әкімшілік құқық, еңбек құқығы, отбасы құқығы, азаматтық құқық, қылмыстық құқық, қаржылық құқық т.б. Құқық саласы - өзара туыстас қоғамдык қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Мысалы, азаматтық құқық - мүліктік және мүліктік емес қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Қылмыстық құқық - қылмыс жасауға, жазалауға байланысты қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.

Төртіншіден, «құқық» термині тұлғалық құқық пен объективтік құқықтың жиынтығы ретінде де қолданылады. Осыған байланысты «құқық жүйесі» деген түсінік бар. Мысалы, қазіргі жағдайда елімізде Қазақстанның құқық жүйесі қалыптасуда.

Құқық пәндерін оқып, құқықтың мәнін терең түсінген адам оның түрлі жағдайда мағынасы әр түрлі болатынын да анықтай алады. Мұның өзі құқықтың өте күрделі әлеуметтік құбылыс екендігінің белгісі.

Құқықтың түрлі түсінігінің болуы - оның әлеуметтік мәнінің де түрлі болуының негізі. Егер құқықты тұлғалармен байланыстырса, тұлғалардың мемлекетте, қоғамда құқықтық мәртебесі қандай екенін анықтау, түсіну қажеттігі туады. Азаматтарға сан қилы құқықтар мен бостандықтар беріліп, оларды жүзеге асыру мүмкіндігі жасалса, онда қоғамда шынайы теңдік орнатылған болып есептеледі. Ал, объективтік құқық туралы сөз болғанда, мемлекетте қалыптасқан заңдар жүйесі әлеуметтік тұрғыдан сипатталады.

Әрине, құқық туралы зерттеушілердің көзқарасы бір жерден шығып, бір текті болады деп айтуға болмайды. Негізінен, құқықты таптық және жалпы әлеуметтік тұрғыдан түсіндіру ғылымда кен орын алып келді. Маркстік ілім құқықты, оған байланысты құбылыстарды тек таптық тұрғыдан ғана зерттейді. Бұл ілім бойынша құқық - үстем таптың саяси құралы, тек соның жоғын жоқтап, мүддесін қорғайды. Ал өркениеттік тұрғыдағы ілім бойынша құқық қоғамдағы барлық адамдардың еркін білдіріп, мүдделерін қорғайтын құрал болып саналады. Қандай ілім болса да құқықтың әлеуметтік мәні бар екенін айтады. Бірақ маркстік ілім құқықтың әлеуметтік мәнін өте тар тұрғыдан түсіндіруге тырысады. Әрине, құл иеленушілік дәуірде құқық ашықтан-ашық тек құл иеленушілердің мүдделерін қорғап, құлдарды сөйлейтін мүлікке теңегені белгілі. Бірақ, бұл көзқарасты барлық қоғамдарға, түрлі сатыдағы мемлекеттерге телуге болмайды. Құқық тек үстем таптың еркін білдіретін болса, ондай қоғамда үздіксіз тап тартысы орын алып, ақырында ол құлдырап, жойылады. Қазіргі замандағы өркениетті мемлекеттерде құқық барлық азаматтардың еркін білдіретін саяси құралға айнала бастағанын мойындау керек. Қазақстан мемлекетінде қалыптасып келе жатқан құқыққа да осындай жалпы әлеуметтік тұрғыдан қарау шындыққа сай келеді десек, қателеспейміз. Қазақстан Республикасында қабылданған заңдарды талдайтын болсақ, олардың қандай да болсын әлеуметтік топтарды кемсітетінін немесе белгілі бір топқа артықшылық жасайтынын таба алмаймыз. Демек, Қазақстан заңдары барлық әлеуметтік топтардың еркін білдіріп, олардың заңды мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған.

Құқықтың жалпы әлеуметтік мәнін мойындай отырып, оған мынадай анықтама беруге болады.

Құқық (объективтік тұрғыдан қарағанда) - жалпыға бірдей міндетті, мемлекет күшімен қамтамасыз етілетін, қоғамдық қатынастарды реттейтін, заңда және басқа да ресми құжаттарда анықталған құқықтық норма, ережелердің жиынтығы.

Енді, құқықтың негізгі белгілерін қарастырайық.

Жүйелілігі. Құқық - бірнеше бөлшектен тұратын жүйелі құрылыс. Оның бір бөлігі - табиғи құқықтың мазмұны адам мен қоғамның табиғатына байланысты әлеуметтік-құқықтық талаптармен анықталады. Мысалы, адамның өмірі, денсаулығы табиғи құбылыстар. Оларды сақтауға, қорғауға, қамтамасыз етуге бағытталған құқықтық нормалар табиғи құқыққа жатады. Қазақстан Республикасының Конституциясында былай деп жазылған: «Әркімнің өмір сүруге құқығы бар. Ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға хақысы жоқ» (15-бап). Құқықтық жүйенің екінші бөлігі - мемлекеттегі қолданылатын барлық заңдардың жиынтығы. Құқықтық жүйенің үшінші бөлігі - субъективтік (тұлғалар) құқықтар. Осы айтылған бөліктер бірімен-бірі табиғи түрде байланысты, бірінсіз басқаларын түсінуге, жүзеге асыруға болмайды. Мысалы, тек әр адамның өмір сүруге құқығы бар деп жарияланса, оның жүзеге асырылуы қамтамасыз етілмесе, адамның өз өмірін сақтауға, қорғауға мүмкіндігі болмаса, аталған құқық қағаз бетінде ғана жазылып қалған болар еді. Адам өзіне қажетті рухани және мүліктік игілікті пайдалану үшін өзі белсенді әрекет жасауы керек. Адамның әлеуметтік-құқықтың талаптарының мағынасы - оны мемлекеттің тануы, қорғауы, қажет болған жағдайда қамтамасыз етуі.

Нормативтік сипаты - құқықтың негізгі белгілерінің бірі. Құқық қағидалардан, ережелерден, рәсімдерден тұрады. Қағида - тұлғалардың мінез-құлықтары туралы ереже. Былайша айтқанда, қоғамдық қатынасқа қатысушылар өз іс-әрекеттерін, мінезін белгілі ережеде көрсетілген қалыпқа бейімдеулері қажет. Сондықтан құқықтың нормалары - тұлғалардың іс-әрекетінің, мінез-құлқының үлгісі. Мысалы, әркім өзінің қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататынын өзі анықтауға және оны көрсету көрсетпеуге хақылы (Қазақстан Республикасының Конституциясы, 19-бап). Тұлғалардың мінез-құлқын анықтау арқылы құқық нормалары қоғамдық қатынастарды қажетті арнаға бағыттап, жолға салады, реттейді, жөндейді, ұйымдастырады, тұрақтандырады, бассыздықтан қорғайды.

Формальды анықтылық - құқықтың тағы да бір маңызды белгісі. Ол құқықтың мемлекетпен байланысты екенін көрсетеді. Құқықты, оны құратын заңдарды, басқа да нормативтік актілерді жасайтын, жалпы алғанда, мемлекет. Мемлекет органдардан тұрады, демек, мемлекет органдары заңдарды жасайды. Заң - ережелер жиынтығы. Олар жай ережелер емес, мемлекет атымен жасалатын болғандықтан ресми сипаты бар ережелер. Әрбір ереже, қағида заң шығарушының тұлғалардың мінез-құлқы туралы ойын анықтап, түсінікті түрде тұжырымдайды. Қағидада артық сөз болмауы керек, оның әрбір сөзінің әлеуметтік мәні болады, себебі ол қоғамдық қатынасқа қатысатын тұлғалардың мінез-құлқын анықтау арқылы олардың тағдырына әсер етеді.

Құқықтың енді бір белгісі - мемлекеттің күшіне сүйенуі. Егер мемлекет құқық қағидаларының жүзеге асырылуына, дұрыс қолданылуын қамтамасыз етпесе, олар тек қағаз бетінде ғана жазылып қалған болар еді. Мемлекет, оның органдары тұлғалардың құқықтарын жүзеге асыруға жәрдемдеседі, жағдай жасайды. Мысалы, Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша елімізде азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасалады. Заңда көрсетілген санаттағы мұқтаж азаматтарға тұрғын үй заңмен белгіленген нормаларға сәйкес мемлекетгік тұрғын үй қорларынан олардың шама-шарқы көтеретін ақыға беріледі (25-бап). Егер азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына қол сұғылса, мемлекет оларды қорғайды. Заңды бұзғандар құқықтық жауапқа тартылады, мүмкіндігінше бұзылған құқық орнына келтіріледі.

Құқықтың тағы бір белгісі - адамдардың еркін білдіруі. Қазақстан Республикасының Конституциясында жазылғандай, мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы - халық. Халық билікті тікелей республикалық референдум және еркін сайлау аркылы жүзеге асырады, сондай-ақ өз билігін жүзеге асыруды мемлекеттік органдарға береді (3-бап). Сонымен халық заңдарды өзі тікелей қабылдай алады. Мұндай жағдайда заң тікелей халықтың еркін паш етеді. Оған мысал, 1995 жылдын 30 тамызында Қазақстан халқының Конституцияны қабылдауы. Конституция - құқықтың өзегі, ұйтқысы. Олай болса, Қазақстанда қалыптасып келе жатқан құқық бүкіл көп ұлтты халықтың еркін білдіреді, ойын жүзеге асырады десек, ешбір асыра сілтеу болмайды. Халықтың ойын, еркін мемлекет органдары да тиісті нормативті актілер қабылдау арқылы жүзеге асырады. Халық Президентті сайлайды. Ол халық атынан әрекет жасап, өз өкілеттігінің шеңберінде нормативті актілер - заң күші бар жарлықтар, жай нормативті жарлықтар, қаулылар қабылдайды. Президенттің нормативті актілері Қазақстан құқығын қалыптастыратын бастау болып есептеледі. Құқықты құратын нормалар тек бір адамның немесе әлеуметтік топтың еркін білдіріп, мүддесін ғана қорғамайды. Ол - халық үшін қызмет істейді.

Құқықтың әлеуметтік реттеуші ретіндегі объективтік қасиетіне формальды белгілік (определенность), яғни нысандағы белгілік. Құқықтық нормалар міндетті түрде объективті болуы керек, сырттан көрініп, әртүрлі нысандардың мазмұнында болуы керек, себебі өмір сүрудің жолы, өмірдің нысандары. Онсыз құқық нормаларының барлығын жекелігін мойындауға болмайды, олардың сырттай объектиленбесе өзінің тәртіпті реттеу мақсатын орындай алмайтындығын айтпасақта.

Мәселеңі былай қойсақ, табиғи құқықтың барлығына, адам құқықғының бөлімбейтіндігіне қарсы шыққандық болып түсінілуі мүмкін, себебі ондай жағдай, бұрынан позитивті (жазба) құқыққа қарсы қойылған. Бірақ дүниежүзілік тәжирибе адам құқығының дамуы мен толыққандылығы олдардың жазба құқығында бекітіліп нормативті құқықтық - актылар арқылы іске асырылу мүмкіндігі көрсетілген. Профессор А.Б.Венгеровтың айтуы бойынша, ХХ ғасырда құқықтың белгісіне байланыста табиғи-құқықтық ережелер мен адамның өмір сүруінен шығатын (оның негізгі құқығы мен бостандығымен); және басқа құқықтық ережелердің арасындағы өзгешелік жоғалады. Барлық құқық аясындағы нысан біреу ғана болады - объективті бекітуді барлық тәртіп құқығы актыларды және басқа қайнар көздерде көрінетін болады.

Бұрынғы табиғи құқық аталатын жағдай, кәзіргі көзқарасқа, ойларға сай құқықтың объективтік негізін, қоғамның құқықтық талабын құрады. Ал мемлекеттің міндеті - бұл мазмұнды ресми актыларға кіргізу.

Құқықты сырттан объективтікке айналдыру проблемасымен көптеген түсініктер және терминдердің байланыстылығына сай соны талдап білу қажет. Мысалы, «құқық нысаны» мен «құқықтық нысанды» айыра білу қажет. Құқықтық нысан деп негізінен құқықтық құралды атайды, егер олар әлеуметтік мәселелерді шешу үшін жанама түрде пайдаланса. Мысалы, экономиканы құқықтық реттеу нысаны.

Құқықты объективтілікке айналдыру нысанымен, қатар (бұл кезде оны, сыртқы нысан деп атайды) құқықтық ішкі нысанын және ұйымдастырылуын түсініп, элементтердің байланысу жолдарын (жүйелі келу теориясындағы құрылымды) зерттейміз.

Құқық нормаларының сыртқы көрінісін құқықтың қайнар көзі деп атайды. Бірақ бұл термин көп мағнада болады. Құқықтың қайнар көзін формальді мағнада (құқық нысаны) былай бөледі:

а) материальды мағнада (қоғамның өмірінің материалдық жағдайы, әруақытта объективті түрде, құқықтың пайда болуын, құқықтық реттеудің қажеттілігін талап етеді).

б) құқықтық ғылыми қайнар көзі (өткен дәуердегі заңдардың текстілері, жалнамасын, тарихи хроникалар т.б.)

в) құқықтық қайнар көзі идеологиялық мағнада - қоғамның құқық санасы, көзқарастар, идеалар, заңды доктриналар.

1. Тарихи бірінші құқық нысанына - (құқықтың қайнар көзі формальды мағнада) құқықтық дәстүр - мемлекет санкция берген дәстүр жатады. Мазмұны бойынша ол шын мәніндегі тәртіптерін жолы, бірақ мемлекеттің – қыстау арқылы іске асыратын мүмкіндігімен пайдаланады: егер үйреншікті күш жұмыс істемесе, оған мемлекет араласады. Әдет-ғұрыптарға мемлекеттік санкция беру екі жолмен жүргізіледі:

а) нормативті-құқықтық актыда (әдетке сілтеу) әдет-ғұрыптың негізгі нормаларын бекіту арқылы.

б) әдет-ғұрыпты сот шешімдерінің нормативтік негізі ретінде пайдалану артқылы. Егер, норма (тәртіп) әдет-ғұрып түгелімен нормативті-құқықтық актымың теке түсінді толығымен қайталанса, құқықтық қайнар көзі (құқықтық әдет) әдет-ғұрып делбестік қасиеттілікті қабылдамайды: әдет-ғұрып нормалары кәзірде нормативті заңды нысанда не сот преценденті ретінде өмір сүреді.

Әдет-ғұрып құқығы ерте кездегі құқықтық жүйесінің даму кезеңдерінде үстемділік етті. Дегенмен ол кәзіргі кездегі АҚШ-тың, Англияның, ФРГ құқықтық жүйеде және мұсылман құқығында пайдаланылады. Әдет-ғұрыптың маңызы Азияның, Африканың және Океандағы даму үстінде елдерде жоғары бағаланады. Әдет-ғұрып халықаралық құқықтың қайнар көзі ретінде БҰҰ-ның 1980 жылғы товарларды халықаралық сатып алу-сату Конвенциясында мойындалған.

2. Құқықтың қайнар көзінің екінші түрі - сот прецеденті. Сот прецеденті құқықтың қайнар көзі ретінде Көне Римде (преторлық құқық) мойындалған. Ондай мойындау орта ғасырда да болған. Құқықтың қайнар көзі сот прецеденті кәзіргі кезде англо-саксандық жалпы құқықққа да таралды (Англия, АҚШ, Канада, Австралия).  Барлық елдерде сот есебі жарияланады, одан прецендеттен туралы ақпарат алуға болады. Прецедентті құқықтың қайнар көзі ретінде мойындау соттағы құқықтық шығармашылық функциясын мойындау, мұндай жағдайда - шын мәнінде жоғарғы құқықтық мәдениет, сот жүйесі сияқты дамыған құқықтық сана, демократиялық традиция жөнді ақпарат жүйесі және әлеуметтік бақылаудың нәтижелері болып табылады.

Соттар прецедентті «тудырмайды» оларды жасап шығармайды. Прецеденттірдің көмегімен соттар қоғамда бұрын құрылған нормаларды бекітеді. Сот прецедентті қажетті заңның жоқтығынан не, сол сияқты бар кезде де құрады.

Прецеденттер  барлық соттармен жасалмайды, тек жоғарғы инстанциядағы соттармен белгіленеді. Англияда ондай инстанциядағы соттарға Жоғарғы және сот апппеляциялық және лорд палатасының соттары жатады.

Россияның құқықтық жүйесінде сот прецеденті арнайы түрде құқықтың қайнар көзі ретінде мофындалмаған.

Мемлекеттің басқару аясының қызыметінде құқықтың қайрнар көзі әкімшілік прецеденті болуы мүмкін.

Сонымен, заң прецеденті (сот не әкімшілік) - сот және әкімшілік шешімдері мұндай жұмыстарды қарағанда үлгі (эталон, үлгі алатын) пайдаланылды және заңды тәртіпке айналды.  Сот прецеденті  - бұл соттың шешімі, онда сот ізденіп өз жұмысын шешу үшін жаңа заң нормаларын табады және пайдаланады, яғни прецедент болып аталуы үшін бірегей ғана сот шешімі болуы қажет. Сонымен қатар , «жалпы құқық! Елдерінде прецедент - бірнеше соттардың шешімімен құрылады.

3. Құқық нормаларының қайнар көздерінің біріне, яғни үшіншісі ретінде нормативтік-құқықтық келісімді атауға болады.

Барлық құқықтық жүйелерде келісімдердің маңызы құқық белгілеуші ретінде мойындалады. Бірақ оны құқықтың қайнар көзі ретінде басқа құқықтық келісіндерден, жекелеген заңды актылардан (мысалы азаматтық құқықтағы сату-саты алу келісімі) айыра білу керек. Себебі, оларда заңды тәртіпті белгілемейді тек нақты субъектілердің нақты құқықтары мен міндеттерін белгілейді. Нормативті-құқықтық келісімдер ретінде субъектілердің өзара сөз байласулары көрінеді, өйткені онда жаңа заң тәртіптері бар. Келісім құқықтың қайнар көзі ретіндегі маңызы халықаралық және Конституциялық құқықтар үшін көбрек қажет, себебі, базарлық қатнастардың дамуына байланысты азаматтық және еңбек құқықтарының аясында таралады. Жалпы алғанда, нормативті-құқықтық келісімдердің заң нормаларының қайнар көзі ретінде үлкен болашағы бар.

4. Төртінші (ең маңызды) құқықтың қайнар көзіне нормативті- актылар жатады (ол туралы келесі сұрақта).

Зпңды доктриналар (құқықтық теориялар, құқық туралы ілімдер) құқықтың төртінші (ең маңызды) қайнар көзіне жатады. Оның үлкен маңыздылығы Ертедегі Рим құқығына әсер етті. Белгілі рим юристеріне соттарға міндетті түсініктеме беруге рұқсат, құқық берлген. Кәзіргі кезде, заңды доктриналар мұсылман құқығының шығу көздеріне айналды. Англиядағы соттар өздерінің кейбір шешімдеріне негізді ғалымдардың жұмыстарынан табады соған сүйенуге тырысады.

Көп елдердегі континентальдық және жалпы құқықтардың қайнар көздеріне құқықтың жалпы принциптері (қағидалары) жатады.

Нормативті-құқықтық акт: түсінігі және түрлері

Нормативті-құқықтық акт құқықтың негізгі нысаны ретінде «жазулы» құқық елдерінде пайдаланылады. Оның өзіне тән негізгі сипатымен белгіленеді, яғни ол бір жағынан, заң нормаларының қайнар көзі болып табылады, ал екінші жағынан, құқықтық актылардың түрлеріне жатады. Сонымен, нормативті-құқықтық акт:

а) заң нормаларын ұстайды;

б) арнайы жазбаша акт-құжат болып саналады;

в) мемлекеттің ерекше шығармашылық әрекеттерінің нәтижесі.

Нормативті-құқықтық акт өкілеттік заңдар тәртібінде не болмаса референдум атрқылы қабылдануы мүмкін, бірақ әр уақытта мемлекеттің еркін көрсетуі қажеттілік.

Нормативті-құқықтық актыны оның жоғарыдағы көрсетілген белгілерін есептей отырып заңды нормаларды бойына сіңірген және белгілі процедуралық нысанды қабылданатын арнайы жазба акт-құжат ретінде білуіміз керек:

а) мемлекеттің міндетті органдарымен;

б) өкілетті заңдар тәртібінде;

в) референдум тәртібіндегі.

Нормативті-құқықтық актілерді басқа құқықтық актілердің түрлерінен айыра білу қажет - жекелеген заңды актыларден, ең маңыздысы - құқықты қолдану актісінен. Оларды біріктіретін жалпы заң табиғаты, әрқайсысының мемлекеттік - билік ұйғарымдары бар, бірақ қолдану актысында бұл ұйғарымдар жекеленген, нақтылық (субъектілерге және мазмұндарына байланысты) сипатта болады.

Нормативті-құқықтық актылардың негізгі мақсаттары - құқық нысандары басқа басқадағыдай - құқықтық ақпаратты сақтап жөнді жағдайда қажетті жерлерге жеткізеді. Бұл жағынан нормативті - құқықтық актлар өте қолайлы жетілген құқық нысаны - мемлекет және «жәй» субъектілер үшін. Мемлекет сол артқылы оперативті түрде құқықтық реттейді, қоғамның құқықтық қажеттілігіне көңіл аударады, барлық қоғамдық процесстерді басқару жұмысына координация жасайды.

Нормативті-құқықтық актілердың түрлері.

Олар, ең алдымен заңдарға, қосымша заңдарға, нормативті-құқықтық актыларға бөлінеді.

Заң мынадай белгілерден тұрады:

а) мемлекеттің жоғарғы билік органдарымен не референдум артқылы қабылданады;

б) оған ең жоғарғы заңдылық күш тән және құқықтың басқа қа  йнар көздеріне қарағанда үстемдігі басым;

в) қабылданады, өзгертіледі және ерекше процедуралық тәртіппен толықтырылады;

г) маңыздылығы жоғары әлеуметтік аяны реттейді, өте маңызды қоғамдық қатнастарды, құқықтық реттеудің басын бекітеді;

д) қоғамның қызығушылығы мен кркін көрсетуі міндетті;

е) бірыңғай нормативті (басқа нормативті-құқықтан айырмашылығы, тек құқық нормаларынан тұрады жекелеген-билік ұйғарымын, «вкрапленияны» алуы мүмкін.

Заңдар, өз жағынан, Конституциялық және кәдүмгі заңдарға бөлінеді: Конституциялық заңға мыналар жатады:

а) Конституция (мемлекеттің негізгі саяси-құқықтық актысы);

б) Конституцияның өзіне толықтырулар мен өзгертулер кіргізетін заңдар;

в) заңдарды қабылдаудың қажеттігін бекіткен заңдар.

Кәдімгі заңдарды кодификациондық (заңдардың негіздері, Кодекстер) және ағымдағыға бөлуге болады. Федеративтік мемлекеттерде заңдар федераральдық (жалпы федеральдық) және Федерацияның субъектілерінің заңдары.

Қосымша нормативті-құқықтық актылар – заңдарға міндетті түрде негізделуі қажет және оған қайшы болмауы керек.

Қазақстан Республикасындағы заңға қосымша (иерархия негізінде) нормативтік-құқықтық актыларға төмендегілер жатады:

а) ҚР Президентің жарлығы

б) ҚР үкіметінің нормативті актылары

в) Атқарушы биліктің орталық органдарының нормативтік актылары (министрлер, мемлекеттік комитеттер және ведомствалар).

 Нормативті-құқықтық актылардың ерекше түрі ретінде тек мекемелерде, өндіріс орындарында әрекет істейтін локальды нормативтік актыларды айтамыз (уставтар, ережелер т.б.)

Субъективті заңды құқық. Субъективтік заңды құқық пен субъективтік заңды міндеттердің өзара байланыстары.

Юриспруденцияда «құқық» деген сөз бір-бірімен байланыстағы, бірақ екі құбылысты көрсетеді: оның біреуі объективтік құқық, - екіншісі субъективтік заңды құқық.

Объективтік құқық - әлеуметтік нормалардың бір түрі, әлеуметтік реттеуші, яғни «жалпылама құқық» сияқты.

Бұл мағнада құқық туралы көпжақты айту мүмкін емес сипатта болады: егер әңгіме «құқық туралы» болса, субъективтік құқық туралы айтылғанын білуіміз керек. Объективтік құқық субъективтік құқықпен байланыссыз қаралса, оны жәй «құқық» деген атаққа ілінеді: азаматтық құқық, әкімшілік құқық т.с.с.

Субъективтік заңды құқық – объективтік құқықпен тығыз байланыстағы онымен қамтамасыз етілген, соның негізінде пайда болған, бірақ сапа жағынан айырмашылығы бар, яғни басқа құбылыс. Осы мәселене талдай отырып, екі проблемалары бөліп қарауымыз керек:

а) құқықтағы объективтік және субъективтік проблемалар;

б) объективтік құқық және субъективтік заңды құқық.

Біріншісі философиялық сипатта және оның мәні сонда, қоғам өміріндегі қандай құбылысты заңгерлер қай әрежеде «объективтік құқық, объективтік, ал қандай дәрежеде - субъективтік аталатының көрсету.  Біздің қарастырып отырған проблемамыз юриспруденция аясында және субъективтік құқық мұнда «субъективтік» болып аталуының бірақ себебі бар: субъектіге тікелей қатасы барлардың бәрін жаққызамыз. Сондықтан оны «субъективтік» емес «субъективтік» деп атауға да болады. Кейде, соған байланысты  мынандай анықталманы кездестіруге болады: «субъективтік құқық - субъектінің құқығы». Осындай спецификалық жағдайда, құқықтанудағы тағы бір, сапасы жағынан бөлек түсінік «құқық» - әлеуметтік нормалардың ерекше түрі ретінде мынандай абсулдты қортындығы келуге болады: субъективтік заң құқығы дегеніміз, әйтеуір бір нормалардың жүйесі, неге екені белгісіз, жеке субъектіге жатады.

Сондықтан, субъективтік заңды құқықтың анықтамасын белгілеген кезде, үш сөздің әрқайсысына түсінік беріп, сол терминнің мазмұнын ашып көрсетуіміз қажет:

а) неге ол «субъективтік»;

б)»заңдылық» деген негі білдіреді;

в) бұл кезде «құқық» деген сөзге қандай мән беріледі.

Субъективті заң құқығы - құқық субъективтігіне заң нормаларымен оның қызығушылығын қаңығаттандыруға құқықтық қатынастағы мүмкіндік тәртібінің өлшемін белгілеуге берілген құқық және ол басқа субъективтінің корреспонденттік міндетімен қамтамасыз етілсін мемлекепен кепілденген құқықтық қатынас.

Бұл анықтама төмендегідей белгілерге негізделген:

1.     Мұндағы әңгіме белгілі тәртіптің мүмкіндігі.

2.     Мұндай мүмкіндік көрінге емес, тікелей құқық субъектісіне (құқықтық қаблеттілігі бар адамға) беріледі.

3.     Құқық субъектісіне оның қызығушылығын қанағаттандыру үшін беріледі.

4.     Құқықтық қатнастарда өмір сүреді.

5.     Тәртіп өлшеміне сай өзінің шекарасы бар. Ондай өлшемді бұзу, құқықты дұрыс қолданбағандық.

6.     субъективтік заң құқығы белгілі заңды міндеттілікпен байланыссыз өмір сүре алмайды.

7.     Корреспонденттік заңды міндеттері бар органдар үшін іске асыру, мемлекеттің күш қолдану мүмкіндігімен кепілденеді не басқа құқық қорғау жолымен жүргізіледі.

8.     Заңды табиғаты мынадан көрінеді:

а) белгілі тәртіп мүмкіндігі заң нормаларымен белгіленеді;

б) ол мүмкіндікті іске асыру мемлекетпен кепілденеді.

Заң нормаларының негізнде пайда болатын субъективтік құқықты сипаттағанда, терминнің ішінен - «субъективтік заңдылық құқығы», «заңдылық» сөзді тастауға болмайды. Себебі, кейде көбінесе былай сөйлейміз: «субъективтік құқық және заңдылық міндеттер». Мұнда, қарап отырсақ субъективтік құқықтар заңдылық болмауы мүмкін. Өйткені құқық - жалғыз ғана әлеуметтік реттеуші емес екендігі белгілі. Сондықтан, қанша әлеуметтік нормалардың түрлері болса, сонша субъективтік құқықтардың түрлері бар. Мысалы: моральдық нормалдың негізінде субъективтік моральдық құқық пайда болады, корпоративтік нормалардың негізінде -қоғамдық ұйымдардың мүшелерінің субъективтік құқықтары пайда болады т.с.с. Әлеуметтік нормалардың әрекетінің принципиальды тетігі бір ең ғана: норма - фактіге сай жағдай - субъективтік құқық және міндеттілік.

Қөңіл аударатын мәселе сөз «құқық» көп жағдайда заңды емес құбылыстарға пайдаланылады. Мысалы, формальды - заңдылық мәні жоқ мынандай сөз тіркестерін айтуға болады: «табиғи құқық», «адам құқығы».

Субъективтік заңды құқық, объективтік құқық сияқты өзінің «ішкі» («внутренний мир») бар: өз элементтері, ішкі ұйымы, белгілі құрлымы. Оның элементтерін құқықты деп атайды. Белгілі орыс ғалымы құқықтанушы Н.Г.Александров өз кезінде субъективтік заңдылық құқықтың құрамындағы мына үш құқықты (правомочия) бөліп айтуды ұсыныпты:

1) түр,

2) оны ұстаушының тәртіптілік мөлшері,

3) міндетті адамнан белгілі тәртіп мөлшерін талап ету мүмкіндігі және қажетті жағдайда мемлекеттік аппараттың қыстайтын күшіне жүгіну мүмкіндігі. Егер қысқаша көрсетсек былай бөлінеді:

а) жөнді әрекет жасауға құқығы;

б) талап ету құқығы;

в) жауапқа тарту.

Субъективтік заңды құқықтың диалектикалық қарама-қайшылығына субъективтік заңды міндеттері жатады. Олар айырылмайтын байланыста және бірінсіз-бірі өмір мүрмейді. Бір субъективтінің құқығы іске асырылмайды, егер сондай міндеттері бар екінші субъективтінің құқығы іске асырылмаса міндеттілік тің болуы субъективтік құқықсыз мағнасыз болады. Сондықтан, белгілі тезис «құқық міндетсіз болмайды» әлеуметтік адалдықтың жалпы басын көрсетіп қана қоймайды, сонымен қатар заң нормаларының әрекетінің механизімінің құқықтық заңдылығын көрсетеді.

Субъективтік заңды міндеттер - бұл заң нормаларымен субъектіге тапсырылған құқық, мақсаты  құқықтық қатнастардағы өкілетті субъектінің қызығушылығын қанағаттардыру қажетті тәртіп өлшемін белгілеу, іске асырылуы мемлекеттік қыстау аппараты арқылы жүргізілу мүмкіндігі.

Субъективтік заңды міндеттердің анықтамасы оның мынандай сипаттамасын көрсетеді:

1.     Әңгіме белгілі тәртіптің қажеттілігін (долженствовании).

2.     Құқыққа не құқыққа қабілетті адамға.

3.     Құқық берілген субъектінің қызығушылығын қанағаттандыру үшін құқық субъектісіне жүктеледі.

4.     Құқықтық қатнастар болады.

5.     Қажетті тәртіптің өзіндік шегі болады.

6.     субъективтік заңды құқықпен байланыссыз өмір сүре алмайды.

7.     Іс жүзіне асыру мемлекеттің күштеу мүмкіндігімен қамтамасыз етіледі.

8.     Заңды табиғаты бар, ол мынадан көрінеді:

а) белгілі тәртіптің қажеттілігі субъектілерге арналған заң нормаларына жүктеледі;

б) іс жүзіне асыру мемлекеттің күштеу мүмкіндігімен қамтамасыз етіледі.

Субъективтік заңды құқық және міндеттілік, басқа көптеген диалектикалық қарама-қайшылық сияқты жалпылама жолы бар, соған қарамай бір-бірінен көп айырымашылығы бар. Оларды біріктіретін, біріншіден, жалпы заңды табиғаты: және құқық, және міндетілік заң нормаларынан шығады және мемдекетпен кепілдінеді. Екіншіден, құқық та, және міндеттілік те тәртіп мөлшері болады. Сонымен, бірге құқық – тәртіп мөлшерінің мүмкіндігі, ал міндеттілік – қажетті (керек) тәртіп мөлшері. Бұл айырмашылықтың мәнін мынадан көруге болады: біріншіден, құқықтың іске асырылуы өкілетті адамның еркіне байланысты болады, екіншіден, міндетті адамның еркі бұл қатнаста қатал төмен детілген (детерминирован): ол өзінің міндетін өзі іске асыруы қажет.

Құқық пен міндеттіліктің айырмашылығы сонда, егер бірінші, өзін ұстаушы үшін игілікті болса, екіншісі; өзін алып жүрушінің қызығы үшін істелмейді, басқа адамның қызығы үшін – заңды өкілдің.

Қорыта келе айтсақ, жалпы субъективтік міндеттілік те, субъективтік құқық сияқты, заңды емес болуы мүмкін: субъективтік моральді міндеттілік, қоғамдық ұйымдардың мүшелерінің субъективтік міндеттері т.с.с.

Құқық пен мораль тығыз байланыста. Осы екі құбылыстың жалпылама ерекшеліктерін және айырмашылықтарын көрсету қажет.

Жалпылама ерекшеліктері құқық пен мораль экономикалық базиске жасалған қондырма болып табылады, қоғамдық қатынастарды реттейді, әлеуметтік-экономикалық мүдделердің ортақтығына (бірлігіне) негізделеді.

Құқық пен мораль көпшілік жағдайларда ерікті түрде жүзеге асырылады және жүзеге асырылуының ішкі кепілі - адамның ар-ұяты мен намысы.

Құқық нормаларының талаптары моральдық талаптарға негізделеді. Мысалы, Қазақстан Республикасының Конституциясының 27-бабында былай айтылған: «Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады. Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу - ата-ананың табиғи құқығы әрі парызы. Кәмелетке толған еңбекке қабілетті балалар еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға міндетті».

Бұл бапта құқық нормасының талабы және мораль нормасының талабы бірдей көрініс табады.

Кейбір құқық салаларында моральдық талаптардың ықпалы аздау. Мысалы, салалық құқықта, азаматтық құқықта, қаржылық құқықта және т.б. Ал отбасы, қылмыс, халықаралық құқықта моральдың маңызы өте зор.

Енді құқық пен моральдың айырмашылығына тоқталу қажет.

1. Құқық мемлекетпен бірге, қатар пайда болады, ал мораль мемлекеттен бұрын пайда болады. Құқық жазылған нормалардан тұрады, ал мораль күрделірек құрылым және жазылмаған ережелер, талаптардан тұрады. Құқық мемлекеттік мәжбүрлеудің болу мүмкіндігімен қамтамасыз етіледі, ал мораль дағды арқылы немесе қоғамдык пікір күшімен қамтамасыз етіледі.

Нормативтік реттеу жүйесінде құқық ерекше орын алады. Бұның себебі құқықтың айрықша белгілеріне байланысты.

2. Құқықты социологиялық және философиялық тұрғыдан қарағанда ол өте кең түсінік болып, оған құқық нормаларымен қатар құқықтық сана, құқықтық қатынастар да жатады.

Құқыққа, ерекше әлеуметтік құбылыс ретінде жалпы және айрықша белгілер тән.

1. Құқық жазылған нормалардан тұрады. Нормативтік тек құқыққа тән жағдай емес. Ол адамның табиғатымен байланысты және кез келген әлеуметтік ұйымға тән. Нормативтік дегеніміз адамдардың ой жүйесін, қоғамдық өмірін тәртіппен, соның нәтижесінде белгілі ережелерге бағындыру.

2. Құқық әділдік және бостандық идеяларын білдіреді. Әділдік пен бостандыққа адамзат ежелден ұмтылып, оларды армандаған. Әділдік - адамның игілігіне бағытталған жағдай, ол басқа адамның мүддесіне зиян келтірмейді, қоғамға пайдалы. Осы талаптарға сай келетін адамның әрекеті әділ болып саналады. Марксизм-ленинизм негізін қалаушылар әділдікті тек таптық мүдделермен байланыстырады.

Бостандық - адамнан ажыратылмайтын қасиет. Тек бостандық болса ғана адам лайықты өмір сүре алады, барлық өзіне тән шығармашылық мүмкіндіктерін аша алады.

3. Құқықтың бейнелейтін объектілері болады. Олар - билік, мемлекет, қоғамдағы тәртіп. Солар арқылы әділдік пен бостандық жүзеге асырылады. Әрине, әділдікпен бостандық шектелсе де, сол аталған құбылыстар арқылы жүзеге асырылады. Құқықтың нормалары мен мемлекет органдарының арасында қайшылықтар, үйлеспеушілік болуы мүмкін. Зандарда адамдардың құқықтары мен бостандықтары жарияланғанымен, мемлекет органдары олардың жүзеге асырылуын қамтамасыз етпеуі мүмкін.

4. Құқық адамның іс-әрекетін реттейді, оның ойына, сезіміне әсер етеді. Егер адам заңдарда әділдік пен бостандық баянды етілетініне көзі жетсе, оларды орындау кажет деп есептейді. Мұндай жағдайда адам өз еркімен заң талабын орындайды. Заң талабын бұзса, кінәліге мәжбүрлеу шаралары қолданылады.

5. Құқық заңдар түрінде қалыптасады. Заңдарда адамдардың еркі баянды етіледі. Адамдардың еркін заң шығаратын орган ресмилендіреді. Сондықтан құқық - мемлекет таныған адамдардың еркі. Егер құқық әділдік пен бостандықты паш етсе, ол жалпы халықтық құқық деп саналады.

6. Құқықтың формалды анықтылығы. Заңдарда бекітілген нормативті нұсқаулар ерекше қасиетке ие болады. Ол - формалды анықтылық. Оның белгілері: айқындығы, бір мағыналылығы, қысқалығы. Бұл құқық субъектісінің не нәрсені істеуге болады, нені болмайтындығын білуіне ыңғайлы, әрі қолайлы. Мысалы, біреудің мүлкін ұрлау - қылмыс.

Құқықтың жүйелілігі - оның тағы бір қасиеті. Заңдарда жазылған құқықтық нормалар өзара байланысты, үйлесімді болады. Құқықтың нормалары тек осындай негізде жазылып, қалыптасса ғана құкық өзінің борышын орындауға қабілетті болады.

Құқықтың тағы бір қасиеті - оның өзгермелілігі. Қоғамдық өмір сіресіп қалмай, құбылып өзгеріп тұрады. Соған сәйкес құқық нормалары да өзгерген қатынастарды лайықты түрде реттеу үшін өзгеріп тұруы қажет. Осыған байланысты ескірген заңдар күшін жояды, жаңа заңдар қабылданады. Құқық біркелкі қалыпты түрде адамдарға қолданылады. Осының өзі құқықта теңсіздіктің баянды етілетінін байқатады. Адамдар әр түрлі: біреу әлсіз, біреудің қабілеті мол, екіншісінікі кем, біреудің отбасы бар, біреу бойдақ. Адамдардың мұндай айырмашылығын заң ескере бермейді. Сондықтан заң адамдарды іс жүзінде теңдестіре алмайды. Әрине, өмірдің кейбір салаларында, мысалы, саяси құқықтармен пайдаланғанда барлық азаматтардың жағдайы бірдей.

Құқықты мемлекет қорғайды. Құқықтың барлық нормаларының талаптарын адамдар өз еркімен орындай бермейді. Соған байланысты мемлекет құқық талабын бұзғандарға мәжбүрлеу тәсілін қолданады. Мұндай қорғау болмаса, құқық жоқ деп есептеу керек.

 

Студенттің білімін пысықтау сұрақтары.

1.Мемлекеттің басқару түрін атаңыз.

2.Субъективтік құқықты қалай түсінесің?

       3. Құқықтың белгілерін атаңыз.

 

1.Мемлекет және құқық негіздері. Баянов Е. Алматы. 2001

2.Мемлекет және құқық негіздері. Сапарғалиев Ғ. Алматы. 2004

3.Мемлекет және құқық негіздері. Баймаханов М.Т. Алматы. 2001

4.Мемлекет және құқық негіздері. Абдуллина З.К. Алматы. 2001

5.Құқық негіздері. Баққұлов С.Д. Алматы. 2004

6.Егемен Қазақстан құқығы. Ашитов З.О. Алматы. 2004

7.Назарбаев Н.Ә. Қазақстан – 2030 .Алматы. 1997

 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ

  2.   Конституциалық құқық – Қазақстан Республикасының жетекші құқық саласы     

2.1. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы - құқық саласы 

          және ғылым саласы ретінде

   2.2. Қазақстан Республикасының Конституциясы -  мемлекеттің Негізгі Заңы.

   2.3. 1995  жылғы  Қазақстан Республикасының Конституциясы,  оның 1993 жылғы   конституциядан  айырмашылығы.

 

2.Конституциялық құқық - Қазақстан Республикасының құқық жүйесінің бір саласы.  Конституциялық құқық қоғам мен мемлекеттің және ондағы жария құқықтың құрылымының негіздерін қалыптастыратын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар жиынтығы.

     Конституциялық құқық нормаларымен реттелетін  қоғамдық қатынастар аясы мейлінше кең болып табылады. Ол мемлекет пен қоғам өмірінің  саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени және басқа да  салаларын қамтиды.  

     Конституциялық құқық ғылым саласы ретінде конституциялық дамуды, конституциялық-құқықтық нормаларды, конституциялық институттар мен қатынастардың қалыптасу мен дамуын зерттейтін ғылым саласы болып табылады. Құқықтық ғылым саласының негізі саласының бірі бола отырып, конституциялық құқық,  құқық жүйесінің басқа салаларының  негізі.

     Конституциялық құқықтық қатынастар бұл мемлекеттік билікті жүзеге асыру барысында  қоғам, тұлға мен мемлекет арасында пайда болатын    қатынастар.  Конституциялық – құқықтық  қатынастар реттеуші конституциялық құқықтық нормаларға байланысты ерекшеленеді. Оларды әрекет етуіне байланысты тұрақты  және уақытша,  реттеу мақсатына байланысты құқық қалыптастырушы және құқық қорғаушы, сонымен қатар, материалдық және іс жүргізушілік қатынастарға жіктеуге болады.

      Конституциялық  құқықтық нормаларға құқықтық нормалардың барлық белгілері тән. Олар мемлекеттік органдар тарапынан қабылданып  қоғамдық қатынастардың барлық субъектілері үшін  міндетті болып табылатын қоғамдық қатынастарды реттейтін құрал. Оларда басқа құқықтық нормалар сияқты реттеушілік және қорғаушылық қызметті жүзеге асырады. 

     Реттеуші нормаларға  құқықтық қатынастар субъектілеріне субъективтік құқық беретін және оларға заңды міндеттеме жүктейтін нормалар жатады. Құқық қорғаушы нормаларға  қоғамдық қатынас субъектілерінің  тәртібін, оларды тәртіпті бұзған жағдайда, мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын белгілеу жолымен анықтайтын конституциялық - құқықтық нормалар жатады.

    Конституциялық - құқықтық нормалар  өкілеттік беруші, тиым салушы және міндеттеуші нормаларға жіктеледі.

    Өкілеттік беруші конституциялық – құқықтық нормалар құқықтық қатынас субъектілеріне қандайда бір жағымды әрекет жасауға құқық беретін нормалар. Мұндай нормаларға адам мен азаматтарға, мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды тұлғаларына белгілі іс-әрекетті жүзеге асыруға  өкілеттік, яғни құқық беретін нормалар.

     Тиым  салушы нормаларға конституциялық құқықтық қатынас субъектілеріне белгілі іс әрекеттерді жүзеге асыруға тиым салатын нормалар жатады. Мысалы, мұндай нормаларға Конституцияға сәйкес  Қазақстан Республикасында діни негізде саяси партия құруға немесе әскерилендірілген ұйымдар құруға тиым салатын нормаларды жатқызуға болады.

       Міндеттеуші нормалар  құқықтық қатынас субъектілеріне заң нормаларымен белгіленген белгілі іс-әрекеттерді жасауға міндеттейтін және сол үшін жауапкершілікті белгілейтін нормалар жатады. Мысалы, мұндай нормаларға Қазақстан Республикасының азаматтарның өз Отанын қорғау,  мемлекетке салық және басқа да міндетті  алымдарды төлеу сынды нормалар жатады.

Конституциялық құқық жүйесі мен конституциялық құқықтың қайнар көздері.

 Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы бұл мемлекет пен қоғамдағы адамның құқықтық жағдайын, мемлекеттік құрлыстың негіздерін, оны ұйымдастыру мен мемлекеттік органдардың қызметін, өзін-өзі басқарудың негіздерін реттейтін құқықтық нормалар жүйесі.

       Қазақстан Республикасының конституциялық құқығының жүйесіне:

1. Жалпы қағидалар - Конституцияның мәні мен онымен реттелетін қатынастардың, мәселелерді реттейтін негізгі конституциялық ұстанымдар.

2.   Конституциялық-құқықтық институттар - ретеудің жалпы объектісімен (пәнімен) біріктірілген құқықтық нормалар жиынтығы. Оларға президенттік институтын, парламентаризм институтын және т.б. жатқызуға болады.

3.    Конституциялық - құқықтық нормалар -  мемлекет тарапынан бекітілген конституциялық - құқықтық қатынастарды реттеуге және қорғауға бағытталған жалпыға міндетті ережелер.

       Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығының қайнар-көздері бұл нормативтік құқықтық актілер. Конституциялық құқықтық қайнар көздерінің ерекшелігі оның мемлекеттің аса маңызды қатынастарын  реттеуге байланысты.

       Қазақстан Республикасының конституциялық құқығының қайнар-көздеріне:

1. Қазақстан Республикасының Конституциясының нормалары.

2. ҚР Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізетін заң нормалары.

3. Конституциялық заңдар мен ҚР Президенттің Конституциялық заң күші бар жарлықтары.

4. Қазақстан республикасының заңдары мен ҚР Президенттің заң күші бар жарлықтары.

5.  ҚР   Президентінің нормативтік сипаттағы жарлықтары.

6.  ҚР Конституциялық Кеңесінің нормативтік сипаттағы қаулылары.

7.  ҚР Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары.

8.  ҚР Орталық сайлау комиссиясының нормативтік қаулылары.

9.  Орталық атқару органдарының (Үкіметтің, министрліктердің, агенттіктердің, комитеттердің және комиссиялардың) нормативтік сипаттағы актілері.

10. ҚР Парламентінің регламенті мен Парламент Палаталарының Регламенттері.

11. ҚР Парламентімен қабылданған декларациялар мен жолдаулар.

12. Жергілікті өкілетті органдар мен атқару органдарының, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының нормативтік актілері.

13. ҚР ратификацияланған халықаралық шарттар мен басқа актілердің нормалары және т.б.

ҚР конституциялық құрлысының ұғымы мен оның элементтері. Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы   Қазақстан Республикасы аумағының республикалық және жергілікті мүдделерін қолайлы ұштастыру негізінде мемлекеттік басқаруды жүзеге асыру мақсатында мемлекет аумағын бірліктерге бөлу.

 Әкімшілік - аумақтық құрылыс  конститиуциялық құқықтың негізгі институттарының бірі. Әкімшілік аумақтық құрылыс бұл мемлекеттің  аумақтық құрылымын, ондағы бірліктердің құқықтық мәртебесін анықтайды,

     Қазақстан Республикасы аумағының республикалық және жергілікті мүдделерін қолайлы ұштастыру негізінде мемлекеттік басқаруды жүзеге асыру негізгі екі категорияға - аймақтарға және елді мекендерге бөлінеді.

      Аймақ - республиканың бірнеше елді мекендері енгізілетін, оның мүддесі үшін құрылатын және басқарылатын республика аумағының бір бөлігі.

      Республикалық әкімшілік-аумақтық құрылыстың негізгі буындары ретінде облыс, аудан және ауылдық (селолық) округ аймақтар болып табылады.

      Елді мекен - республика аумағының халық жинақы орналасқан, кемінде 50 адамы бар, азаматтардың шаруашылық және басқа қоғамдық қызметі нәтижесінде қалыптасқан, заңда белгіленген тәртіпте есепке алынған және тіркелген, жергілікті өкілді және атқарушы органдар басқаратын бір бөлігі.

      Қазақстан Республикасы аумағындағы елді мекендер қалалық және селолық елді мекендерге бөлінеді.

      Қалалық елді мекендерге республикалық, облыстық және аудандық маңыздағы қалалар, сондай-ақ поселкелер; селоларға - олардың әкімшілік бағыныстылығына қарамастан қалған барлық елді мекендер жатады.

      Халқының саны 400 мың адамнан асатын облыстық маңызы бар қаладағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы аудан қаладағы аудан болып табылады.

      Қалалар және басқа елді мекендер:

      1) республикалық маңыздағы қалаларға бөлінеді, бұларға ерекше мемлекеттік маңызы бар және, әдетте, бір миллион адамнан астам халқы бар елді мекендер жатқызылуы мүмкін;

      2) облыстық маңызы бар қалаларға бөлінеді, бұларға саны 50 мың адамнан асатын, дамыған өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымы бар, ірі экономикалық және мәдени орталықтар болып табылатын елді мекендер жатқызылуы мүмкін;

      3) аудандық маңызы бар қалаларға бөлінеді, бұларға аумағында өнеркәсіп орындары, коммуналдық шаруашылығы, мемлекеттік тұрғын үй қоры, оқу және мәдени-ағарту, емдеу мен сауда объектілерінің дамыған жүйесі, кемінде 10 мың адам халқы бар, оның халқының жалпы санының үштен екісінен астамы жұмысшылар, қызметшілер мен олардың отбасы мүшелері болып табылатын елді мекендер жатқызылуы мүмкін;

      4) поселкелерге бөлінеді, бұларға өнеркәсіп орындарының, құрылыстардың, темір жол стансаларының және басқа экономикалық маңызды объектілердің жанындағы, кемінде 3 мың адамы бар, оның кемінде үштен екісі жұмысшылар, қызметшілер және олардың отбасы мүшелері болып табылатын елді мекендер жатқызылуы мүмкін, сонымен қатар,      кемінде екі мың адам халқы бар, оның жыл сайын емделу мен тынығу үшін келетіндер саны кемінде тең жартысын құрайтын, емдік маңызы бар жерлерде орналасқан елді мекендер де поселкелерге теңестіріледі; оларға қалалықтардың жазғы демалыс орындары болып табылатын, ересек халқының кемінде 25 проценті ауыл шаруашылығымен ұдайы айналысатын саяжай поселкелері де жатқызылуы мүмкін;

      5) ауыл (село) - кемінде 50 адамы бар, халқының кемінде жартысы ауылшаруашылық өндірісімен айналысатын қызметкерлер және олардың отбасы мүшелері болып табылатын елді мекен;

      6) халқының саны кемінде 50 адам шаруа және басқа да қоныстар ең жуық елді мекеннің құрамына енгізіледі.

      Әкімшілік-аумақтық бірліктерді құру, тарату,  олардың шекараларын белгілеу және өзгерту,   оларға ат қою және олардың атын өзгерту туралы              шешімдерді  Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі, жергілікті өкілді және атқарушы органдар өз өкілеттіктері шегінде қабылдайды.

     Облыстарға, аудандарға, қалаларға ат қою мен олардың аттарын өзгертуге байланысты шығындар бюджет қаражаты есебінен жұмсалады.

      Әкімшілік-аумақтық бірліктерге ат қою және олардың атын өзгертуге, атауларының транскрипциясын нақтылау жөніндегі жұмысты ретке келтіру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің және облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) атқарушы органдар жанынан ономастикалық комиссиялар құрылады.

       Тұрақты халқының саны 50 адамнан асатын және дербес елді мекендер деп саналатын қоныстар есепке алынады және тіркелуге жатады.

      Қызметтік мақсаттағы объектілер болып табылатын жалғыз үйлер, фермалар, қоныстар (орманшылардың, жол қараушылардың, жол шеберлерінің үйлері, зайымкелер, қыстаулар, дала қостары, метеостансалар және т.б.) әкімшілік немесе аумақтық тұрғыдан байланысты елді мекендер құрамында есепке алынады.

      Қалалардың, кенттердің немесе ауылдардың (селолардың) құрамына енгізілген және олардың бір бөлігіне айналған елді мекендер, сондай-ақ тұрғындарының бәрі кетіп қалған немесе қоныс аударған қоныстар дербес әкімшілік-аумақтық бірліктер мәртебесінен айырылады және есепті деректерден шығарылады.

ҚР қызметінің негізгі қағидалары.  Конституция Қазақстан Республикасының  қызметінің келесі негізгі қағидаларын бекітеді:

1. Қоғамдық келісім және саяси тұрақтылық.

2. Қазақстандық патриотизм.

3. Бүкіл Қазақстан халқының игілігін көздейтін экономикалық даму.

4. Мемлекет өмірінің аса маңызды мәселерін демократиялық әдістермен, оның ішінде республикалық референдумда немесе парламенте дауыс беру арқылы шешу.

    Қоғамдық келісім және саяси тұрақтылық қағидасының  бірінші орында тұруы, бұл қағиданың аса маңыздылығында. Себебі, түрлі объективтік және субъективтік  факторлаға байланысты қоғам әртүрлі  топтардан, яғни  әлеуметтік таптардан, ұлттардан, тектерден және конфессиялардан тұрады. Бұл топтардың әрқайысының өз дүниетанымы, көзқарасы, идеялары мен сенімдері бар. Осы әртүрлі көзқарас алшақтығының, қарама-қарсы тұрушылықтың, олардың арасындағы күрестің себебіне  айналмауы тиіс. Басқа топтың, ұлттың, діннің немесе нәсілдің өкілдеріне төзбеушілік тек көзқарас алшақтығының ғана емес, сондай-ақ текетірестің көзі болып табылады. Ал, мұндай жағдай тек сол топқа ғана емес, қоғам мен мемлекет үшін қауіпті. Сондықтан қоғамдық келісімнің болуы өте маңызды.

     Мемлекеттің және оның органдарының әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік, діни және басқа да ерекшеліктеріне қарамастан баршаның  тең құқылығын нығайтуға, осы себептер бойынша кемсітушіліктің болмауына бағытталған нормалар шығарудағы қызметінің маңызы ерекше.

     Саяси тұрақтылыққа да, қоғамдық келісімге сияқты мемлекеттің, қоғамның, оның институттарының үзіліссіз еңбектінің нәтижесінде қол жеткізіледі. Саяси тұрақтылықтың болуы мемлекеттің бірқалыпты дамуының негізі. Мемлекет ішінде тұрақтылық болмаса, халықаралық қатынастарда тұрақтылық болмайды. Саяси көзқарастың, идеялардың әралуан болуына  қарамастан мемлекет ішінде саяи тұрақтылық қамтамасыз ету бұл мемлекеттің басты  мақсаттарының бірі. Түрлі идеологиялық топтардың арасында  келісімді қарым-қатынас орнату мемлекеттік билікті бірқалыпты жүзеге асыру Қазақстан Республикасының негізгі қызметтерінің  бірі болып табылады.

    Экономикалық даму қағидасы - қоғам мен мемлекеттің прогрессивті дамуыны бағытталған , экономиканың шешуші мәні бар күш ретінде таниды.  Аталған қағиданың Конституцияда бекітілуі  мемлекетіміздің қоғамның экономикалық дамуына жауапты екенін көрсетеді. Сонымен қатар,  Конституция меншік құқығын бекіте отырып, оны мемлекеттік және жеке меншік ретінде таниды. Бұл  норманың Конституцияда бекітілуі жеке және заңды тұлғалар үшін аса маңызды.

      Қазақстандық патриотизм - бұл Қазақстан Республикасының барлық азаматтарының өз Отаны, яғни Қазақстанға деген сүйіспеншілігі және берілгендік сезімі. Осы жоғары сезім өмірдің барлық салаларында: саяси, экономикалық, мәдени және т.б. салаларда жоғарғы жетістіктерге жетуге, оның қуаттылығын, қорғаныс қабілеттілігін көтеруге халықаралық аренада беделін нығайтуға көмектеседі. Қазақстандық патриотизм, сонымен қатар Қазақстанда ондаған жылдар бойы тұратын әртүрлі ұлттың адамдары мүддесінің ортақтылығын сезіну, осы елдің тарихи өткенін құрметтеу, жаңа мемлекет құру, азаматтық қоғам құру жолындағы белсенді қызмет.

     Мемлекет өмірінің мейлінше маңызды мәселелерін демократиялық жолмен шешу қағидасы өзіне, аса маңызды мәселелерді Парламентте дауыс беру немесе референдумда дауыс беру арқылы, Қазақстан халқының өзінің мемлекеттік билікті жүзеге асыруға қатысуы.

 

Студенттің білімін пысықтау сұрақтары.

1.Конституциялық құқықтың басқа ғылым салаларымен байланысы.

2.Негізгі Заң дегеніміз не?

3.Конституцияда ең көп қарастырылған мәселе.  

 

1.Мемлекет және құқық негіздері. Баянов Е. Алматы. 2001

2.Мемлекет және құқық негіздері. Сапарғалиев Ғ. Алматы. 2004

3.Мемлекет және құқық негіздері. Баймаханов М.Т. Алматы. 2001

4.Мемлекет және құқық негіздері. Абдуллина З.К. Алматы. 2001

5.Құқық негіздері. Баққұлов С.Д. Алматы. 2004

6.Егемен Қазақстан құқығы. Ашитов З.О. Алматы. 2004

7.Назарбаев Н.Ә. Қазақстан – 2030 .Алматы. 1997

 

 

3. Адам және азамат, құқықтары мен бостандықтары

3.1.Қазақстан Республикасындағы адамдардың және  азаматтардың жағдайының конституциялық негіздері.

3.2.Азаматтықты алудың және одан айырудың және тоқтату негіздері.

3.3.Қазақстан республикасының  Президентінің  азаматтықты сақтау,  азаматтықты  қалпына келтіру,  қабылдау  сұрақтары  бойынша  өкілеттілігі.

 

Қазақстан Республикасының азаматтығы адамның мемлекетпен тұрақты саяси-құқықтық байланысын айқындайды, бұл байланыс олардың өзара құқықтары мен міндеттерінің жиынтығынан көрінеді. Қазақстан Республикасында әрбір адамның азаматтық алуға құқығы бар. Қазақстан Республикасының азаматтығы заңға сәйкес алынады және тоқтатылады.   Қазақстан Республикасының азаматын ешқандай жағдайда азаматтығынан, өзінің азаматтығын өзгерту құқығынан айыруға, сондай-ақ оны Қазақстаннан тыс жерлерге аластауға болмайды.

     Қазақстан Республикасының азаматтығын растайтын құжат Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының паспорты болып табылады. 16 жасқа дейінгі баланың азаматтығы оның туу туралы куәлігімен, ата-анасының қайсысының болса да паспортымен расталады. Қазақстан Республикасының азаматтығы, оның қандай негізде алынғанына қарамастан, бірыңғай және тең болып табылады.

      Қазақстан Республикасы азаматының республикадан тыс жерлерде тұруы Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатуға әкеп соқтырмайды.

      Қазақстан Республикасы азаматының немесе азаматшасының республика азаматы емес адаммен некеге тұруы, сондай-ақ мұндай некені бұзуы азаматтықтың өзгеруіне әкеп соқтырмайды.

      Қазақстан Республикасының азаматтығы:

      1)   тууы бойынша;

      2)  Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау нәтижесінде;

      3) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген негіздер мен тәртіп бойынша;

      4) заңда көзделген өзге де негіздер бойынша алынады.

    Тууы бойынша азаматтық алу .  Бала туған кезде ата-анасының екеуі де ҚР азаматы болса, ол туған жеріне қарамастан ҚР  азаматы болып табылады.

      Ата-анасының азаматтығы әртүрлі болып, бала туған кезде олардың біреуі ҚР азаматы болған жағдайда бала:

      1) ҚР территориясында туса;

      2) ҚР тыс жерде туса, бірақ, ата-анасының немесе олардың біреуінің бұл кезде ҚР  территориясында тұрақты тұрғылықты жері болса, ол ҚР  азаматы болып табылады.

      Ата-анасының азаматтығы әртүрлі болып, бала туған кезде олардың біреуі ҚР азаматы болған жағдайда, егер осы кезде ата-анасының екеуінің де ҚР тыс жерде тұрақты тұрғылықты жері болса, ҚР тыс жерде туған баланың азаматтығы ата-анасының жазбаша түрде білдірген келісімі бойынша анықталады.

      Бала туған кезде ата-анасының біреуі ҚР азаматтығында болып, ал екіншісі азаматтығы жоқ адам болса, не оның азаматтығы белгісіз болса, бала қай жерде туғанына қарамастан ҚР  азаматы болып табылады. Баланың анасы азаматтығы жоқ адам болып, ал әкесі ҚР азаматы деп танылып, әкелігі анықталған ретте 14 жасқа толмаған бала қай жерде туғанына қарамастан ҚР азаматы болады. Бұл бала ҚР тыс жерлерде тұрақты тұрған ретте оның азаматтығы ата-анасының жазбаша арызы бойынша анықталады.

      Ата-анасының екеуі де белгісіз ҚР территориясындағы бала ҚР азаматы болып табылады. Қазақстан Республикасы территориясында тұрақты тұрғылықты жері бар, азаматтығы жоқ адамдардың ҚР территориясында туған баласы ҚР азаматы болып табылады.

     Қазақстан Республикасы азаматтығына қабылдау.  Шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар олардың өтініштері бойынша  заңға сәйкес ҚР  азаматтығына қабылдануы мүмкін. ҚР азаматтығына қабылдау туралы өтініштер бойынша шешімді ҚР Президенті қабылдайды.

    ҚР азаматтығына қабылдауға байланысты келесі шарттар қойылады:

      1) ҚР аумағында заңды негізде кемінде бес жыл тұрақты тұратын не ҚР азаматтарымен кемінде үш жыл некеде тұратын адамдар қабылданады.

      ҚР азаматтығына қабылдаған кезде кәмелетке толмағандардан, пайым қабілетін жоғалтқан не ҚР Президенті белгілейтін тізбе бойынша кәсіптерге ие және талаптарға сай келетін адамдардан және олардың отбасы мүшелерінен және ҚР алдында ерекше еңбек сіңірген адамдардан, сондай-ақ Қазақстан аумағынан кеткен адамдар мен олардың ұрпақтарынан, егер олар тарихи Отаны ретінде тұрақты тұру үшін ҚР  қайтып оралған болса, олардан жоғарыда аталған  шарттардың болуы талап етілмейді;

      2) ҚР азаматтарының ішінде жақын туыстарының бірі - баласы (оның ішінде асырап алған баласы), жұбайы (зайыбы) және ата-анасының біреуі (асырап алушысы), апа-қарындасы, аға-інісі, атасы немесе әжесі бар, ҚР  тұрақты тұру мақсатымен келген, бұрынғы одақтас республикалардың азаматтары, ҚР  тұру мерзіміне қарамастан, қабылданатын болады.

      Міндетті әскери қызмет атқарып жүрген және ҚР  аумағында орналасқан әскери қызметшілердің азаматтығы мәселелері ҚР мемлекетаралық шарттарымен белгіленеді. Қазақстан Республикасында азаматтық мәселелер жөнінде шешім қабылдайтын лауазымды адам Қазақстан Республикасының Президенті болып табылады.

      Қазақстан Республикасы азаматтығына қабылдаудан бас тарту негіздері.  Егер Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы өтініш жасаушы адам:

      1) азаматқа қарсы халықаралық құқықта көзделген қылмыс жасаса, ҚР  

          егемендігі мен тәуелсіздігіне әдейі қарсы шықса;

      2) ҚР  территориясының бірлігі мен тұтастығын бұзуға шақырса;

      3) мемлекет қауіпсіздігіне, халықтың денсаулығына нұқсан келтіретін

          құқыққа қарсы іс-әрекет жасаса;

      4) мемлекетаралық, ұлтаралық және діни араздықты қоздыратын болса,

          ҚР  мемлекеттік тілінің қолданылуына қарсы әрекет жасаса;

      5) терроршылдық әрекеті үшін сотталған болса;

      6) сот ерекше қауіпті баукеспе деп таныса;

      7) басқа мемлекеттің азаматы болса, оның өтініші қабылданбайды.

      Азаматтықты тоқтату негіздері. Қазақстан Республикасының азаматтығы:

      1) ҚР азаматтығынан шығу;

      2) ҚР азаматтығынан айырылу салдарынан тоқтатылады.

      Азаматтықтан шығу.  ҚР  азаматтығынан шығуға адамның заңда белгіленген тәртіппен жасаған өтініші негізінде рұқсат етіледі.

      Егер шығу туралы өтініш жасаушы адамның ҚР алдындағы міндеттемелерінің немесе мүліктік міндеттемелерінің орындалмағандары болып, олармен азаматтардың немесе ҚР территориясында орналасқан кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің елеулі мүдделері байланысты болса, ҚР азаматтығынан шығарудан бас тартылуы мүмкін.

      Егер шығу туралы өтініш жасаушы адам айыпкер ретінде қылмысты жауапқа тартылған болса не заң жүзінде күшіне енген сот үкімі бойынша жазасын өтеп жүрсе, немесе ол адамның ҚР  азаматтығынан шығуы ҚР  мемлекет қауіпсіздігі мүдделеріне қайшы келсе, ҚР  азаматтығынан шығуға жол берілмейді.

     Азаматтықтан айырылу.    Қазақстан Республикасы азаматтығынан:

      1) ҚР мемлекетаралық шарттарында көзделген реттерді қоспағанда, адамның басқа мемлекетте әскери қызметке қауіпсіздік қызметіне, полицияға, юстиция органдарына немесе өзге де мемлекеттік өкімет және басқару органдарына орналасуы салдарынан;

      2) егер ҚР азаматтығы көрінеу жалған мәліметтер немесе жалған құжаттар табыс ету нәтижесінде алынса;

      3) ҚР мемлекетаралық шарттарында көзделген негіздер бойынша;

      4) егер ҚР тыс жерлерде тұрақты тұратын адам дәлелсіз себептермен үш жыл бойы консулдық есепке тіркелмесе;

      5) егер адам басқа мемлекеттің азаматтығын алған болса, айырылады.

     Ата-анасының азаматтығы өзгерген жағдайда баланың азаматтығының өзгеруі. Ата-анасының азаматтығы өзгеріп, соның салдарынан екеуі де ҚР  азаматы болған, не екеуі де ҚР  азаматтығынан шыққан жағдайда тиісінше олардың 14 жасқа толмаған баласының азаматтығы да өзгереді. Егер баланың ата-анасының біреуі белгілі болса, осы ата-ананың азаматтығы өзгерген жағдайда тиісінше 14 жасқа толмаған баланың азаматтығы да өзгереді.

      Егер ата-анасының біреуі ҚР азаматтығын алып, ал екіншісі басқа мемлекеттің азаматы не азаматтығы жоқ адам болып қала берсе, ҚР территориясында тұратын 14 жасқа дейінгі бала ата-анасының осы туралы жазбаша өтініші бойынша ҚР азаматтығын алуы мүмкін. Егер ата-анасының біреуі ҚР азаматтығынан шығып, ал екіншісі ҚР  азаматы болып қала берсе, 14 жасқа дейінгі бала ҚР азаматтығын сақтап қалады. Ата-анасының осы туралы жазбаша өтініші бойынша, мұндай баланың ҚР  азаматтығынан шығуына рұқсат етілуі мүмкін.

       ҚР азаматы асырап алған, басқа мемлекеттің азаматы немесе азаматтығы жоқ адам болып табылатын 14 жасқа дейінгі бала ҚР  азаматы болады. Біреуі ҚР азаматы, ал екіншісі оның азаматы емес ерлі-зайыптылар асырап алған, басқа мемлекеттің азаматы немесе азаматтығы жоқ адам болып табылатын 14 жасқа дейінгі бала асырап алушылардың жазбаша түрде білдірілген келісімімен ҚР азаматы болады.

 

Студенттің білімін пысықтау сұрақтары.

1.Азаматтықтың маңызы, азаматтықтан айырылыу.

2.Әр елдің азаматынан туылған баланың азаматтығын анықтау.

3.Қазақстандағы қос азаматтық мәселесін атаңыз.

 

1.Мемлекет және құқық негіздері. Баянов Е. Алматы. 2001

2.Мемлекет және құқық негіздері. Сапарғалиев Ғ. Алматы. 2004

3.Мемлекет және құқық негіздері. Баймаханов М.Т. Алматы. 2001

4.Мемлекет және құқық негіздері. Абдуллина З.К. Алматы. 2001

5.Құқық негіздері. Баққұлов С.Д. Алматы. 2004

6.Егемен Қазақстан құқығы. Ашитов З.О. Алматы. 2004

7.Назарбаев Н.Ә. Қазақстан – 2030 .Алматы. 1997

 

   4.    Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі

   4.1. Сайлау  жүйесінің түсінігі

   4.2. Сайлау алдындағы үгіт-насихат

   4.3. Сайлауды қаржыландыру, дауыс беру тәртібі.

 

                        Сайлау жүйесінің түсінігі

 Қазақстан Республикасының сайлау құқығы Республика Президентінің, Парламентінің Сенаты мен Мәжілісі, мәслихаттары депутаттарының және жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу кезінде пайда болатын қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар жиынтығы. 

      Сайлау құқығы Республика азаматтарының сайлау және сайлану құқығын еркін жүзеге асыруына негізделе отырып,  келесі қағидаларға  негізделе жүзеге асырылады.

      Республика Президентін, Парламенті Мәжілісінің және мәслихат депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру жағдайында өткізіледі.

     Республика Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау, жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру жағдайында өткізіледі. 
   Республика азаматтарының сайлауға қатысуы ерікті болып табылады. Азаматты сайлауға қатысуға немесе қатыспауға мәжбүрлеуге, сондай-ақ оның еркін білдіруді шектеуге ешкімнің де құқығы жоқ.

     Жалпыға бірдей белсенді сайлау құқығы - Республиканың он сегіз жасқа жеткен азаматтарының тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне немесе кез келген өзге де  жағдайларға қарамастан, сайлауда дауыс беруге қатысу құқығы.

     Бәсең сайлау құқығы - Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасы Парламентінің, мәслихатының депутаты немесе жергілікті өзін-өзі басқару органына мүше болып сайлану құқығы.

    Сайлауға сот іс-әрекетке қабілетсіз деп таныған, сондай-ақ сот үкімімен бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтар қатыспайды. 
     Тең сайлау құқығына сәйкес  сайлаушылар Республика Президенті, Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттары мен жергілікті өзін - өзі басқару органдарының мүшелерін сайлауына тең негіздерде қатысады әрі олардың әрқайсысының бір сайлау бюллетеніне тиісінше бір дауысы болады.

     Төте сайлау құқығы - бұл   Республика Президентін, Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін азаматтардың  тікелей сайлауы.

     Ал, жанама сайлау құқығы бұл  Парламент Сенатының депутаттарын сайлауға таңдаушылар - мәслихаттардың депутаты болып табылатын Республика азаматтары қатысуы. Таңдаушылар Сенат депутаттарын сайлауға тең негіздерде қатысады әрі олардың әрқайсысының Сенат депутатын сайлаған кезде бір дауысы болады.

     Жасырын дауыс беру бұл -   Республика Президентін, Парламентінің және мәслихаттарының депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлауда жасырын түрде дауыс беруі және   сайлаушылардың еркін білдіруіне қандай да болсын бақылау жасау мүмкіндігіне жол берілмеуі.  

      Қазақстан Республикасының сайлау жүйелері  мажоритарлық және пропорциялық болып екі түрге бөлінеді.

      Президентті және Парламент депутаттарын сайлау кезінде дауыс санаудың мынадай жүйесі қолданылады:

·        1-турда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың (таңдаушылардың) елу процентінен астамының дауысын алған кандидат сайланды деп есептеледі; 

·        2-турда, яғни қайта дауыс беру кезінде басқа кандидатқа қарағанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың (таңдаушылардың) дауыс санының көпшілігін алған кандидат сайланды деп есептеледі.

      Мәслихаттардың депутаттарын және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау кезінде басқа кандидаттарға қарағанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың дауыс санының көпшілігін алған кандидат сайланған болып саналады.

 

Сайлау органдары мәртебесі мен өкілеттіктері.

 Қазақстан Республикасында сайлауды әзірлеу мен өткізуді ұйымдастыратын мемлекеттік сайлау органдары сайлау комиссиялары болып табылады. Сайлау комиссияларының біртұтас жүйесіне:

1) Республиканың Орталық сайлау комиссиясы;

2) аумақтық сайлау комиссиялары;

3) округтік сайлау комиссиялары;

4) учаскелік сайлау комиссиялары кіреді.

      Сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі - бес жыл.       Аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларын саяси партиялардың ұсыныстары негізінде тиісті мәслихаттар сайлайды.

      Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы. Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшесі болып табылмайтын кандидатура ұсынуға құқылы.
     Мәслихат белгілеген, сайлау комиссияларын құру мерзіміне дейін бір ай ішінде саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.

     Сайлау комиссияларының жаңа құрамын құру сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі аяқталардан   2 ай бұрын басталады және өкілеттік мерзімінің бітуіне кемінде 3 күн қалғанда аяқталады.

     Сайлау комиссияларын құру туралы шешім, олардың құрамы мен орналасқан жері туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабарланады. 

      Орталық сайлау комиссиясы Республика сайлау комиссияларының біртұтас жүйесіне басшылық етеді және тұрақты жұмыс істейтін орган болып табылады. Орталық сайлау комиссиясы Республика Президентінің ұсынуы бойынша Парламент Мәжілісі қызметке сайлайтын және қызметтен босататын комиссияның Төрағасынан, Төрағасының орынбасарынан, хатшысынан және мүшелерінен тұрады. Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы мен хатшысының жоғары заң білімі болуға тиіс.  Орталық сайлау комиссиясының өз аппараты болады және оларға жұмсалатын шығыстар республикалық бюджеттен қаржыландырылады.

     Республиканың орталық сайлау комиссиясының өкілеттіктеріне:
     1) Республиканың аумағында сайлау туралы заңдардың атқарылуына бақылауды жүзеге асырады және өзінің құзыреті шегінде бүкіл Республика аумағында міндетті шешімдер қабылдайды;

     2) Президент пен Парламент Мәжілісі мен Сенат депутаттарының сайлауын әзірлеу мен өткізуді ұйымдастырады;

     3) саяси партияларды Парламент Мәжілісі депутаттарының партиялық тізім бойынша сайланатын бөлігіне қатыстыру мәселесін қарайды;

     4) сайлау науқанын өткізуге жұмсалатын шығыстардың мөлшерлі сметасын жасап, Республика Үкіметіне ұсынады, республикалық бюджеттің сайлау науқанын өткізуге арнап бөлінген қаражатын  бөлу; сайлау комиссияларының қызметіне қажетті материалдық-техникалық жағдайлар жасалуын бақылау; аумақтық және округтік сайлау комиссияларының шешімдері мен іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) түскен арыздар мен шағымдарды қарау; саяси партиялардың өкілдерімен сайлауды ұйымдастыру және өткізу жөнінде семинарлар өткізу және т.б.

    Аумақтық сайлау комиссияларына облыстық (республикалық маңызы бар қалалар және Республика астанасы), аудандық, қалалық, қаладағы аудандық сайлау комиссиялары жатады.

      Аумақты сайлау комиссиялары  жеті адамнан құрылады және Президент, Парламент және мәслихаттар депутаттарының, жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерінің сайлауын ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз етеді.

     Округтік сайлау комиссиялары сайлау oкругтерінде Парламент Мәжілісінің және мәслихаттардың депутаттарын сайлауды ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз етеді. Округтік сайлау комиссиясы жеті адамнан құрылады.
     Округтік сайлау комиссиясының өкілеттіктері:

                        - тиісті сайлау округінің аумағында сайлау туралы заңдардың атқарылуын бақылауды жүзеге асырады;

                        - учаскелік сайлау комиссияларының қызметін ұйымдастырып, үйлестіріп отырады; олардың шешімдерінің күшін жояды және тоқтата тұрады; учаскелік сайлау комиссияларының қызметіне қажетті материалдық-техникалық жағдай жасалуын бақылайды;

                        Парламент, Мәжілісінің және мәслихаттардың депутаттығына ұсынылған кандидаттарды, олардың сенім білдірген адамдарын
тіркейді, оларға тиісті куәліктер береді, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында кандидаттарды тіркеу туралы хабар жариялайды; 

                        қайта дауыс беру, қайта сайлау және  шығып қалған депутаттарының орнына сайлау өткізеді;

     Учаскелік сайлау комиссиялары тиісті сайлау учаскелерінде Президентті, Парламент Мәжілісінің және мәслихаттардың депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлауды ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз етеді.    Учаскелік сайлау комиссиялары жеті мүшеден тұратын құрамда құрылады.

     Учаскелік сайлау комиссияларының өкілеттіктері:

                        сайлау учаскесінде Президентті, Парламент Мәжілісінің, мәслихаттардың депутаттарын және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау жөніндегі сайлау шараларын жүргізеді;

                        тиісті сайлау учаскесінде сайлаушылардың тізімін нақтылайды; 

                        азаматтарды сайлаушылардың тізімімен таныстырады, тізімдердегі қателіктер мен жаңсақтықтар туралы арыздарды қарайды және оған тиісті өзгерістер енгізу туралы мәселелерді шешеді;

                        сайлаушыларды дауыс беру күні, уақыты және орны туралы хабарландырады;

                        дауыс беруге арналған үй-жай дайындайды, кабиналар мен жәшіктердің жасалуын қамтамасыз етеді;

                        сайлау күні сайлау учаскесінде дауыс берілуін ұйымдастырады;

                        дауыс санауды жүргізеді және учаскедегі дауыс беру нәтижелерін анықтайды.

Сайлау алдындағы үгіт, сайлауды қаржыландыру, дауыс беру тәртібі.

 Сайлау алдындағы үгіт - сайлаушылардың белгілі бір кандидатты, саяси партияны жақтап немесе қарсы дауыс беруге қатысуына түрткі болу мақсатындағы қызмет. Шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдік заңды тұлғалардың және халықаралық ұйымдардың кандидаттарды, партиялық тізімдерін ұсынған саяси партияларды ұсынуға және сайлауға, сайлауда белгілі бір нәтижеге қол жеткізуге кедергі болатын және (немесе) демеп жіберетін қызметті жүзеге асыруына тыйым салынады.

     Сайлау алдындағы үгіт кандидаттар тіркелген мерзімі аяқталған кезден басталып, сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша 0 сағатта аяқталады. Қайтадан дауыс беруді өткізген кезде сайлау алдындағы үгіт қайтадан дауыс беру күні тағайындалған күннен басталып, сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша 0 сағатта аяқталады.
     Сайлау алдындағы үгіт жұмыстары бұқаралық ақпарат құралдары арқылы,  сайлау алдындағы жария іс-шараларды (сайлау алдындағы жиналыстарды және сайлаушылармен (таңдаушылармен) кездесулерді, сайлау алдындағы жария пікір таластар мен пікір алысуларды, митингілерді, шерулерді, демонстрацияларды және заңнамада белгіленген тәртіппен және  заңда тыйым салынбаған өзге де сайлау алдындағы іс-шараларды), сондай-ақ кандидаттардың және олардың сенім білдірген адамдарының сайлаушылармен (таңдаушылармен) жеке кездесулерін өткізу жолымен;  баспа, дыбыс-бейне және өзге де үгіт материалдарын шығару және (немесе) тарату жолымен жүзеге асырылады.

      Сайлау алдындағы үгіт жұмыстарын  мемлекеттік органдарға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, сондай-ақ қызметтік міндеттерін орындау кезінде олардың лауазымды адамдарына,  Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери қызметшілеріне, ұлттық қауіпсіздік органдарының, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен судьяларға, сайлау комиссияларының мүшелеріне, діни бірлестіктерге сайлау алдындағы үгітті жүргізуге, кез келген сайлау алдындағы үгіт материалдарын таратуға тыйым салынады.

     Сайлау науқаны үшін арнайы әзірленген баспа материалдарын, соның ішінде безендірілген материалдарды, сондай-ақ омырауға тағатын белгілерді, жалауларды, жалаушаларды тегін таратуды қоспағанда, сайлаушыларға тегін немесе жеңілдік шарттарымен тауарлар, бағалы қағаздар беріп, қызметтер көрсету, сондай-ақ лотереялар, қайырымдылық акцияларын өткізу, ақша төлеу не осындайларға уәде беру арқылы сайлау алдындағы үгітті жүргізу сайлау алдындағы жөнсіз үгіт деп саналады.             

     Мемлекет кандидаттарға өз бағдарламаларымен бұқаралық ақпарат құралдарына шығуы үшін бірдей қаражат бөледі, әрбір кандидаттың телевизиядан он бес минуттық сөз сөйлеуіне, радиодан он минуттық сөз сөйлеуіне, сондай-ақ баспа басылымдарында 0,1 баспа табақтан аспайтын көлемде екі мақала жариялауына қаражат бөледі.

     Жергілікті атқарушы органдар тиісті сайлау комиссияларымен бірлесіп барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орын белгілейді және оларды стендтермен, тақталармен, тұғырлықтармен жарақтандырады. Үгіттік баспа материалдары барлық кандидаттар үшін тең құқықтар қамтамасыз ететін жағдайда орналастырылады.

     Халықаралық ұйымдар мен халықаралық қоғамдық бірлестіктер, шетелдік мемлекеттік органдар, шет елдердің Заңды тұлғалары мен азаматтығы жоқ адамдар тарапынан Республикадағы сайлауды қаржыландыруға, олардың қандай да болмасын тікелей немесе жанама түрде республикадағы сайлауды қаржыландыруға қатысуына тыйым салынады.

     Дауыс беру сайлау учаскесінде сайлау бюллетендері арқылы жүзеге асырылады.  Сайлау бюллетеніне мемлекеттік тілдің әліпбилік тәртібімен тегі, аты, әкесінің аты көрсетіле отырып, барлық тіркелген кандидаттар енгізіледі.      

     Саяси партияларға дауыс беруге арналған сайлау бюллетеніне жеребемен айқындалған тәртіппен саяси партиялардың атаулары енгізіледі. Жеребе тартуды Орталық сайлау комиссиясы жүргізеді. Сайлау бюллетеньдері мемлекеттік тілде және орыс тілінде басылады.

     Сайлау бюллетеньдері учаскелік сайлау комиссияларына сайлаудан кем дегенде бір күн бұрын жеткізіледі. Сайлау бюллетеньдері орналасқан үй мөрлеп бекітіліп, ішкі істер органдарының күзетуіне тапсырылады.
     Президентті, Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерін сайлау жөніндегі дауыс беру сайлау күні жергілікті уақытпен сағат 7-20  дейін өткізіледі. Аумақтық немесе округтік сайлау комиссиялары тиісті әкімнің, учаскелік сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша дауыс беруді бастайтын және аяқтайтын басқа уақыт белгілеуге хақылы. Бұл орайда дауыс беруді сағат 6- 22 дейін өткізіледі. Дауыс беруді бастау және аяқтау уақытын өзгерту туралы аумақтық немесе округтік комиссиялардың шешімі дауыс беру күніне кем дегенде 7  күн қалғанда қабылданып, сайлаушыларға хабарлануға тиіс. 

     Әрбір сайлаушы (таңдаушы) өзі дауыс береді. Сайлауда дауыс құқығын басқа біреуге беруге және сол сияқты басқа адам үшін дауыс беруге жол берілмейді. Дауыс беруге арналған бюллетеньдер сайлаушыларға (таңдаушыларға) сайлаушылар тізімдері (таңдаушылар тізімдері) негізінде сайлаушының (таңдаушының) жеке басын куәландыратын құжатты көрсетуі бойынша беріледі.   Сайлау комиссиясының төрағасы мен хатшысының бюллетеньдер бepуге құқығы жоқ. 

       Жекелеген сайлаушылар денсаулық жағдайына, отбасының сырқат мүшесіне күтім жасау себебіне, сондай-ақ сайлау учаскелері құрылмаған шалғайдағы және қатынасу қиын аудандарда болуына байланысты дауыс беруге келе алмаған жағдайда, учаскелік сайлау комиссиясы олардың дауыс беру күні жергілікті уақыт бойынша сағат он екіден кешіктірілмей беріле алатын жазбаша өтініші бойынша осы сайлаушылардың тұрған жерінде дауыс беруді ұйымдастыруға тиіс.

    Дауыс берушілер сайлау бюллетеньдерін жасырын дауыс беруге арналған кабиналарда толтырады. Оларды толтыру кезінде дауыс берушіден басқа кімнің болса да кіріп тұруына тыйым салынады. Бюллетеньдерді өз бетінше толтыруға мүмкіндігі жоқ сайлаушы (таңдаушы) өзі сенетін адамның көмегін пайдалануға құқылы, оның аты-жөні дауыс бергеннен кейін сайлаушылардың тізіміне тіркеліп, тұсына сайлаушының (таңдаушының) бюллетень алғандығы жөнінде қолы қойылады.

    Дауыс беру қорытындыларын анықтау заңда белгіленген тәртіппен дауыс беру уақыты өзгертілмеген болса, жергілікті уақытпен сағат жиырмада басталады.      Дауыстарды санауды сайлау комиссиясының мүшелері дауыс беру қорытындысы анықталғанға дейін үзіліссіз жүргізеді, қорытындылар заңға сәйкес дауыстарды санау кезінде қатысатын адамдардың назарына жеткізілуге тиіс. Сайлау учаскесінде дауыстарды санау уақыты санау басталған кезден бастап 12 сағаттан аспауға тиіс.

     Дауыстарды санау нәтижелерін учаскелік сайлау комиссиясы қарап, хаттамаларға түсіреді, оларға сайлау комиссиясының төрағасы мен мүшелері қол қояды.          Президентті, Парламент депутаттарын сайлау қорытындыларын Орталық сайлау комиссиясы анықтайды.   Мәслихат депутаттары мен  жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау қорытындыларын аумақтық сайлау комиссиялары анықтайды.

 

Студенттің білімін пысықтау сұрақтары.

        1.Сайлауға алғашқы қатысқан кезіңдегі орындалған тәртіптерді ата.

        2.Сайлауға, сайлануға қатысуға берілетін құқықтар.

        3.Сайлаудың маңызы неде деп түсінесің?

 

1.Мемлекет және құқық негіздері. Баянов Е. Алматы. 2001

2.Мемлекет және құқық негіздері. Сапарғалиев Ғ. Алматы. 2004

3.Мемлекет және құқық негіздері. Баймаханов М.Т. Алматы. 2001

4.Мемлекет және құқық негіздері. Абдуллина З.К. Алматы. 2001

5.Құқық негіздері. Баққұлов С.Д. Алматы. 2004

6.Егемен Қазақстан құқығы. Ашитов З.О. Алматы. 2004

7.Назарбаев Н.Ә. Қазақстан – 2030 .Алматы. 1997

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫ ЖӘНЕ СОТ

   5.  Құқық қорғау органдарын ұйымдастырудын және олардың

          қызметінің негіздері

  5.1. Қазақстан Республикасының сот жүйесі және құқық қорғау органдары

           туралы жалпы түсініктеме

  5.2. Сот билігінің ұғымы.

  5.3. Қазақстан Республикасының прокуратурасы

Қазақстан Республикасының сот жүйесі және құқық қорғау органдары туралы жалпы түсініктеме

Қолданылып жүрген заңдарда «құқық корғау органдары» деген ұғым жоқ. Практикада қалыптасқан және нормативтік құжатгар мен нормативтік емес сипаттағы әртүрлі құжаттарда қолданылатын бұл ұғым әдетте қылмыстарға және өзге де құқық бұзушылықтарға қарсы күрес жүргізетін мемлекеттік органдар үшін жалпылама болып табылады.

Құқық қорғау кызметін құқық қатынастары субъектілерінін санасы мен мінез-құлқына зан жүзінде ықпал ету шараларының көмегімен құқықтық нормаларды сақтау және дұрыс қолдану жағдайларын қамтамасыз ету жөнінде заңға және белгіленген рәсімге сәйкес жүзеге асырылатын қоғамдық-пайдалы қызмет деп сипаттауға болады.

Құқық қорғау қызметіне тән белгілер:

-құқық қорғау міндетінің болуы;

-құқық қатынастарының субъектілеріне ықпал етудін арнаулы заңдық шараларын қолдану;

-заңмен қатаң түрде регламенттеу;

-белгіленген рәсім - іс жүргізу тәртібі болып табылады.

Белгілерін негізге ала отырып, құқық қорғау қызметін басқа да қызмет түрлерінен ажыратуға болады. Мысалы, республикалық «Барлау» қызметінің негізгі міндеті - еліміздің кауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында сыртқы барлауды ұйымдастыру мен жүргізу, сондықтан оның құқық қорғау қызметінін бірқатар белгілері (заң негізінде қызметті қатаң регламенттеу, билік сипатындағы өкілеттік беру) болғанымен де, ол құқық қорғау органы емес.

Құқық қорғау қызметінің мақсаты - құқық пен міндетті қорғау - олардың қолданылу пәрменділігін қамтамасыз ету, нормаларды сақтау және олардың сақталмағаны үшін жауапкершілік шараларын қолдану. Міндеттер айқындалған соң, оның негізгі бағыттары /нысандары/:

-конституциялық бақылау;

-сот төрелігі;

-прокурорлық қадағалау;

-әділет органдарының қызметі;

-қылмыстық қудалау;

-адвокатура органдарының қызметі болып бөлінеді.

Конституциялық бақылау елдің бүкіл аумағында Қазақстан Республикасы Конституциясының барлық заңдардан, зандарға тәуелді және өзге де нормативтік құқықтық актілерден үстемдігін қамтамасыз ету болып табылады. Оны Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі жүзеге асырады.

Сот төрелігі құқық қорғау қызметі жүйесіндегі іргелі негіз болып табылады. Ол құқық туралы даулардың көпшілігін шешуді, көптеген заңдық мәселелерді анықтауды қамтамасыз етеді, көбінесе заң жүзіндегі жауапкершілік шараларын қолдануға байланысты мәселелерде соңғы саты болады. Мысалы, алдын ала тергеу органдарының қылмыс жасаған адамды қылмыстық жауапқа тартуы тек сот органдарында ғана қисынды аяқталады. Лауазымды адамдар мен заңды тұлғалардың әрекеттеріне сотқа шағым беріліп, дау айтылуы мүмкін.

Прокурорлық қадағалау да құқық қорғау қызметінін маңызды нысаны, өйткені ол Республика аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасы Президенті жарлықтарының және өзге де нормативтік-құқықтық актілердің дәл әрі бірынғай қолданылуына, жедел-іздестіру қызметінің, анықтау мен алдын ала тергеудің, әкімшілік және атқарушы іс жүргізудің заңдылығына жоғары дәрежеде қадағалауды жүзеге асыру болып табылады.

Әділет органдарының қызметін, сөз жоқ, құқық қорғау қызметіне жатқызу керек, өйткені бұл органдар құқықтық нормалардың қалыпты жұмыс істеу режимін сақтау жөніндегі міндетті жүзеге асырады, сот әділдігін материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету мәселелерін шешіп, оның міндеттеріне тікелей жәрдемдеседі. Олардың жекелеген қызметтері, бөлімшелері азаматтық құқықтар мен фактілерді куәландырумен (нотариаттың, жылжымайтын мүлік агенттігінің, АХАЖ мекемелерінің азаматтық-құқықтық мәмілелерді, заңды тұлғаларды тіркеумен) айналысады.

Қылмыстық қудалау құқық бұзушылықтың әлеуметтік ең қауіпті түрлері - қылмыстарға қарсы күреске бағытталған. Ол қылмыстарды табу мен ашу, оларды жасауға кінәлі адамдарды әшкерелеу және оларды қылмыстық жауапқа тарту жөніндегі шараларды жүзеге асырудан көрінеді.

Адвокатураның қызметі көмек сұраған азаматтар мен ұйымдарды білікті заң көмегін көрсету жолымен құқықтық корғауды қамтамасыз етуге  тиіс, ондай көмек, мысалы, сотта азаматтық және өзге де істер бойынша олардың мүдделерін білдіру, негізсіз қылмыстық қудалаудан қорғау және т.б. арқылы көрінуі мүмкін.

Құкық қорғау қызметі белгілі бір дәрежеде барлық құқық қолдану субъектілеріне тән, бірақ ол біреулер үшін негізгі, басқалар үшін екінші дәрежелі қызмет болып табылады. Құқық пен қоғамдық қатынастардың тұрақтылығына мүдделі мемлекет құқық қорғау үстемдік ететін, кейде бірден-бір міндеті болатын органдарды арнайы құрады. Мысалы, прокуратура заңдардың дәл әрі бірыңғай қолданылуын жоғары дәрежеде қадағалауды, қылмыс жасаған адамдарды қылмыстық қудалауды жүзеге асырады, сот органдарында мемлекеттің мүдделерін білдіреді. Ал құқық қорғау шараларына қатысатын басқа органдар, айталық, Парламент немесе Үкімет олар сияқты емес, өйткені олардың негізгі міндеттері тиісінше заң шығарушылық және атқарушылық болып табылады. Демек, құқықтық нормалардың сақталу мен дұрыс қолданылу жағдайларын қамтамасыз ету жөнінде арнаулы өкілеттік берілген, құқық қорғау міндеттері басым болатын органдарды құқық қорғау органдары деп түсіну керек. Мәселен, Конституциялық Кеңесті, сотты, прокуратураны, юстицияны, адвокатураны, қылмыстык қудалау органдарын құқық қорғау органдары мен мекемелеріне жатқызуға болады.

Егер алғашқы бес мекеме дербес, тәуелсіз құрамалар болса, анықтауды және жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын қызметтердің көпшілігі өз кезегінде құқық қорғау шеңберіне сыймайтын едәуір кең көлемді өкілеттік тобы бар басқа да мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері болып табылады. Мысалы, оларға Мемлекеттік кіріс министрлігінің салық полициясы, кеден комитетінің анықтау қызметтері және басқалар жатады.

Ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарын олардың құқық қорғау шараларымен айналысатын бөлімшелерінін басқа құрамалар арасында едәуір көп үлес салмағы бар деген пікірлер бойынша толығымен құқық қорғау органдарына жатқызуға болады.

Жалпы алғанда, құқық қорғау органдары ауқымының, олардың құзыреті мен міндеттерінің үнемі өзгеріп отыратынын атап өткен жөн. Уақыт пен тәжірибе өз түзетулерін енгізіп отырады.

 

Сот билігінің ұғымы.

         Сот билігі 1995 жылғы ҚР Конституциясы бойынша заң шығару және атқарушылық биліктен бөлінген және мемлекеттік биліктің дербес тармағын білдіреді.

         Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы" ҚР Конституциялық Заңының 1-бабының 2-тармағына сәйкес сот билігі Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, Республика Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтік құқықтық актілерінің, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуге кызмет етеді. Қазақстан Республикасы егемендік алғаннан бастап соттарға кез келген құқықтык мемлекетке тән өкілеттіктерді толық беру қажеттігі туындады.

         Сондықтан, соңғы жылдары сот билігінің проблемалары көптеген ғылыми жұмыстардың, әсіресе Ресей Федерациясы ғалымдарының зерттеу тақырыбына айналды. Осы ұғымның кейбір қырларын қазақстандық ғалымдар да өз жұмыстарында қарастырды. Алайда соңғы кезге дейін отандық ғылымда осы проблемаға тиісті көңіл аударылған жоқ. К.Х. Халыковтың, Г.Ж.Сүлейменованың жұмыстары сот билігі проблемаларын зерттеуге арналған. Тек 2001 жылы сот билігі құбылысын зерделеуде Қазақстан ғылымының олқылықтарын толықтырған Қ.Ә.Мәмидің  монографиялық зерттеуі жарық көрді.

          Бұл мән-жайлар "сот билігі" ұғымының құқық ғылымында жаңа санат болып табылуына және жақында - 80-жылдардың аяғы, 90-жылдардың басында зерттеле басталуына байланысты. Сонымен бірге кеңес мемлекетінде мемлекеттік саясат шеңберінде теориялық тұжырым қалыптасқан, яғни соған сәйкес елде біртұтас бөлінбейтін мемлекеттік билік жұмыс істейді. Сондықтан сот билігі мәселесі мемлекеттік биліктің дербес тармағы ретінде туындаған емес. Сот төрелігіне байланысты проблемаларға арналған ғылыми зерттеулерде сот - құқық қорғау органы жүйесінің бөлігі ретінде қарастырылды.

       Құқықтық мемлекет қоғамындағы биліктерді бөлу теориясын мойындау сот билігінің мәнін зерттеуді бастауға негіз болды. Бұл ретте ғалымдар арасында ортақ пікір болмаған сот билігі ұғымын айқындау туралы мәселе маңызды болды. Мәселен, М.В. Баглай сотты адамдардың кұқықтары мен бостандықтарын  қорғауға, заңдылықты орнықтыруға арналған мемлекеттік биліктің тәуелсіз буыны ретінде рөлін көрсете отырып, "Тәуелсіз сот билігі құқықтық мемлекеттің және конституционизмнің, халық бостандығының басты кепілі бола бастады. Осы көзқарасты В.И. Раученко, В.П. Кашенов, К.Ф. Гуценко және В.М. Ковалев және т.б. бөліседі.

     Кейбір авторлар сот билігінің ұғымы мен мақсатын тек сот төрелігін жүзеге асырумен байланыстырады. Мәселен, У. Жекебаев және В.К. Бобров, сот билігі сот төрелігінде іске асырылады деп пайымдайды. К.Х. Халықов, сот төрелігі ұғымын зерттеп, оны соңғысын сот билігі ретінде жеке (тар) және кең мағынада қарастырады.

      Сот билігінің мәні соттың сот төрелігін жүзеге асыру кезінде көрінеді. Алайда сот қызметін осы биліктің тек бір нысанын іске асыру болып табылатын бір сот төрелігін жүзеге асырумен ғана шектеуге болмайды. Алайда Қ.Ә. Мәми дұрыс ажыратқандай "сот билігі ұғымының мәнін және мазмұнын неғұрлым толық және айқын ашу үшін оның барлық белгілерін яғни мемлекет тетігінде оның рөлі мен орнын, биліктің басқа тармақтарынан айырмашылығын көрсететін ерекшеліктері мен қырларын анықтау қажет. Сот билігін, - дейді В.М.Савицкий, - құқықтық мемлекеттің негізгі құрылымдары-ның бірі ретінде азаматтық немесе құқықтық нормаларда көзделген нақты істерді қараумен шектеуге болмайды. Мұндай көзқарас өзін жояды. ... Қазіргі сот билігі бұрын әдетте құқық төрелігі деп аталғаннан бөлек, соттың сапалы жаңа функцияларға ие болуы нәтижесінде туындауы мүмкін.

       Сот төрелігі саласынан басқа сот билігі соттың басқа да функцияларды жүзеге асыруы кезінде іске асырылады, атап айтқанда: -  анықтау, алдын ала тергеу органдарының және прокурордың қабылдаған шешімдері мен іс-әрекеттерінде заңдылыктың бақылау;

- азаматтардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау туралы өтініштерді, сондай-ақ бұзылған құқықтарға және бостандықтарын бұзған іс-әрекеттер мен шешімдерге шағымдарды карау;

- соттардың заңдар мен өзге де нормативтік құкықтық актілерді қолдану тәжірибесін зертелу және жинақтау;

- жеке қаулылармен мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қылмыс жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою жөніндегі шараларды келтіру;

-  республика Жоғарғы Сотының жалпы отырысында сот тәжірибесі мәселелері бойынша нормативтік қаулыларды қабылдау;

- жоғары тұрған соттардың төменгі тұрған соттардың іс жүргізу әрекеттеріне сот кадағалауын жүзеге асыруы және т.б.

Сот билігі істі қарау кезінде кімге тиесілі - нақты судьяға ма (немесе сот алқаларына) немесе сот мекемесіне ме деген сұрак талқыға түсті. Б.А. Страшун және Л.А. Мишин "сот билігі құқық қоғамдық қатынастарға ықпал ету құралы ретінде барлық сот органдарының жиынтығына жүктелген, әрбір сот органы сот билігін ұстанушылар болып табылады"- деп есептейді. В.Е.-Чиркиннің пікірінше, "сот   билігі сот   мекемесіне емес,   сот рәсімінде белгіленген талаптарға сәйкес істі қарайтын сот алқасына (немесе тек судьяға) тиесілі. Осындай пікірді С.А. Пашин де айтады, яғни "сот билігі құқық қолдану және өз құзыреті шегінде істерді қарайтын органдарды білдіруші, заңдарды қолдану мәселелері бойынша басшылыққа алынатын түсіндірмелер беруші және істің соттылығын өзгерту туралы мәселені шешуші кұқық ретінде соттарға тиесілі. Жеке судья, егер ол соттың атынан әрекет жасай отырып, белгіленген іс жүргізу тәртібімен істі қараса немесе жекелеген мәселелерді шешсе, сот билігінің өкілеттігін іске асырады.

         2000 жылы 25 желтоқсанда қабылданған "Қазақстан Респуб-ликасындағы сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы" ҚР   Конституциялық   Заңының,    1-бабында   "Қазақстан Республикасында сот билігі тұрақты судьялар, сондай-ақ заңда көзделген жағдайларда және тәртіппен кылмыстық сот ісін жүргізуге тартылған алка заседательдері арқылы соттарға ғана тиесілі", деп айқындап көрсетілген талқылауларға нүкте қойды. Заң шығарушы сотты істі алқалық немесе жеке қарайтын сот билігі органы деп санайтынын көрсеткен жөн (ҚІЖК-нің 7-ба-бының 1-тармағы). Заңда белгіленген тәртіппен судья лауазымына тағайындалған немесе сайланған, тиісті сотта жұмыс істейтін және өз өкілеттігін кәсіпқой негізде жүзеге асыратын адам судья болып табылады. Жоғарғы Соттың, облыстык және оларға теңестірілген соттардың, аудандық (қалалык) және оларға теңестірілген соттардың төрағалары мен тұрақты судьялар, Жоғарғы Соттың, облыстык және оларға теңестірілген соттардың сот алқаларының төрағалары, сот учаскелерінің аға судьялары судь­ялар болып табылады.

       Соттардың заң шығарушы билік органдарынан айырмашылығы заң шығармайды. Алайда олардың қызметі заңға тәуелді: сот Конституция мен заңның талаптарына (олардың нормаларын қолдануға және оларды басшылыкка алуға) бағынуга тиіс. Бұл ретте сот заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілерді дұрыс қолданумен катар, олардың Конституцияға, сондай-ак жал­пы танылған халықаралық қағидаттар мен нормаларға сәйкестігі тұрғысынан да баға беруге тиіс. Олардың ҚР Конституциясына сәйкессіздігі жағдайында сот іс бойынша іс жүргізуді тоқтатуға және Конституциялық Кеңеске осы актіні конституциялық емес деп тану туралы ұсыныспен жүгінуге міндетті; осы арқылы соттар заң шығару процесіне белгілі бір әсерін тигізеді.

        Өз кезегінде, заң шығарушылық билік органдары (соттарды ұйымдастыру және олардың қызметін регламенттейтін заңдарды қабылдаумен қатар) ҚР Парламенті Сенатының атынан:

- ҚР Жоғарғы Сотының судьялар корпусын қалыптастырады;

-  судьяларды осы соттың лауазымынан босату туралы мәселені шешеді;

- ҚР Конституциясының 55-бабының 3-тармағында белгіленген жағдайларда судьяларды қылмыстық жауапкершілікке  тартуға келісім береді және т.б.

        Соттар мемлекеттік биліктің атқарушы органдар тармағынан айырмашылығы ұйымдастырушылық және атқарушылық-өкімгерлік қызметпен айналыспайды. Сонымен бірге соттарға атқарушылық билік органдарын, сондай-ақ олардың лауазымды адамдарын осы органдардың іс-әрекеттері мен шешімдеріне шағымдарды қарау арқылы бақылау құқығы берілген. Өз кезегінде, атқарушы билік тармағының органы ретіндегі әділет министрлігі Конституциялық заңның 31-бабына сәйкес аудандық соттың төрағасы мен судьясына үміткерлерді Президентке ұсыну арқылы аудандық соттардың қызметін кадрлық қамтамасыз етуді жүзеге асыруға тиіс. Сонымен бірге, Әділет министрлігі мен оның басқармасы кез келген буындағы соттарға қатысты сот төрелігін жүзеге асыру бойынша олардың қызметін басқаратын және бақылайтын орган болып табылмайды. Олар судьялардың тәуелсіздігі және тек Конституция мен заңға бағыну әрі сот төрелігін атқару бойынша олардың қызметіне араласпау қағидатын қатаң сақтау жағдайында заңмен берілген функцияларды жүзеге асырады.

Осылайша, сот билігі ҚР Конституциясында соттарға берілген билік ету өкілеттіктеріне байланысты тепе-теңдік пен ара салмақтар жүйесі арқылы олармен өзара іс-қимыл жасай отырып, заң шығарушылық және атқарушы биліктің шешімдеріне әсерін тигізеді. Осындай мәртебемен сотқа құқық мәселелері мен фактілерді шешуде көлемді құзырет берілген.

 

Қазақстан Республикасының Прокуратурасы

Құқық қорғау қызметіндегі маңызды бағыттардың бірі прокурорлық қадағалау болып саналады. Прокурорлық қадағалауды жүзеге асыратын орган прокуратура болып есептеледі.

Конституцияға және «Қазакстан Республикасының Прокуратурасы туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандаты заң күші бар Жарлыкқа сәйкес, Республика Прокуратурасы:

1) Республика аумағында заңдардың, Президент жарлықтарының және өзге де нормативтік - құқықтық актілердің дәл және бірізділікпен қолданылуына, жедел іздестіру қызметінің, анықтау мен тергеудің, әкімшілік және атқарушылық іс жүргізудін заңдылығына жоғары қадағалауды жүзеге асырады;

2)  сотта мемлекеттің мүддесін қорғайды;

3) қылмыстық қудалауды іске асырады. Прокурорлық қадағалау оның қызметінде негізгі бағыт болып есептеледі. Прокурорлық қадағалау деген ұғымды зандардың дөл және бірізділікпен қолданылуын бұзуды дер кезінде анықтап, кемшілікті түзетіп отыру және кінәлі адамдарды жауапқа тарту арқылы прокуратура қызметін мемлекет атынан жүзеге асыру деп түсіну керек.

Прокурорлық қадағалаудың мәні мен ерекшеліктері прокуратура қызметін ұйымдастыру жұмысының негізі болып саналатын принциптермен белгіленеді.

Оларға мыналар жатады:

Прокуратурадағы тұтастық, орталықтану және дара басқару. Оның органдарынын бәрі төменнен жоғарыға қарай бас прокурорға бағындырылған, біртұтастықты білдіреді, мемлекет атынан әрекет етеді, және бүкіл прокуратура жүйесінің өкілі болады, ортақ мақсаттары, міндеттері, қадағалау нысандары мен әдістері бар. Бұл принцип прокурорды «патшаның оң көзі» атаған 1 Петрдің заманынан бері бар. Мұндай жағдай мемлекеттік билік зан деңгейіне көтерген ережелерден ауытқудың кез келген түріне жедел және тиімділікпен назар аударуға мүмкіндік береді.

Мемлекеттік органдардан, лауазымды адамдардан, саяси партиялардан және қоғамдық бірлестіктерден тәуелсіздік. Тәуелсіздік бәрінен бұрын прокуратураның мемлекеттік органдар жүйесіндегі дербес жағдайымен, оның материалдық-техникалық базасын мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырумен, оның органдары мен лауазымды адамдарын толық саясатсыздандырумен қамтамасыз етіледі. Сонымен бірге тәуелсіздік бақылаусыздық деген ұғымды білдірмейді. Бас прокурор Президент алдында кем дегенде әр тоқсанда бір реттен есеп беріп отырады. Прокурордың әрекеттері мен актілеріне жоғары тұрған прокурорға және сотқа шағым берілуі мүмкін. Прокуратура органдарының қызметіне араласуға тыйым салынады. Прокурорлардың шешімдеріне ықпал етуге тырысудың кез келгеніне тыйым салынады және қылмыстық, әкімшілік немесе тәртіптік жауапкершілік туғызады.

 

Студенттің білімін пысықтау сұрақтары.

1.Құық қорғау органдарының қызметі туралы жалпы сипаттама.

2.Сот төрелігі дегеніміз не?

3.Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметін ата.

 

1.Мемлекет және құқық негіздері. Баянов Е. Алматы. 2001

2.Мемлекет және құқық негіздері. Сапарғалиев Ғ. Алматы. 2004

3.Мемлекет және құқық негіздері. Баймаханов М.Т. Алматы. 2001

4.Мемлекет және құқық негіздері. Абдуллина З.К. Алматы. 2001

5.Құқық негіздері. Баққұлов С.Д. Алматы. 2004

6.Егемен Қазақстан құқығы. Ашитов З.О. Алматы. 2004

7.Назарбаев Н.Ә. Қазақстан – 2030 .Алматы. 1997

 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ

   6.  ҚР мемлекеттік басқару

   6.1.Мемлекеттік басқару негіздері

  6.2.Мемлекеттік басқару жүйесі, ұйымдастырылуы және  нысаны

  6.3. Қазақстанда өзін - өзі  басқаруды қалыптастыру.

Мемлекеттік басқару негіздері

Атқарушы орталық (республикалық) органдарын олардың қызметінің сипатына қарай салалық құзыретті органдарға, салааралық құзыретті оргаңдарға, бақылау және қадағалау органдарына, мемлекеттің арнайы немесе ерекше функцияларын іске асыратын мамандандырылған мемлекеттік органдарға бөлуге болады.

Қазіргі кезде төмендегі салалар бойынша республиканың орталық атқарушы органдары бар:

а) экономика салалары бойынша: Экономика; Мемлекеттік кіріс; Қаржы; Ауыл шаруашылығы; Көлік және коммуникация; Энергетика, Индустрия және сауда; Табиғи ресурстар және айналадағы қоршаған ортаны қорғау министрліктері: Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі; Мемлекеттік сатып алу жөніндегі; Инвестициялау жөніндегі; Стратегиялық жостарлау жәніндегі; Жер ресурстарын басқару жөніндегі; Статистика жөніндегі агенттіктер; Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссия;

ә) әлеуметтік-мәдениет салалары бойынша: Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім; Білім және ғылым; Енбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктері; Денсаулық сақтау ісі жөніндегі; Туризм және спорт жөніндегі; Көші-қон және демография жөніндегі агенттіктер; Отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссия;

б) әкімшілік-саяси қызмет бойынша: Сыртқы істер, Корғаныс; Ішкі істер; Әділет министрліктері; Төтенше жағдайлар жөніндегі; Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі; Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі; Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі агенттіктер; Ұлттық қауіпсіздік комитеті; Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік комиссия.

Қазақстан Республикасы министрліктерінің құрамында Үкімет құратын ведомстволар болады. Мысалы, Энергетика, индустрия және сауда министрлігінде Атом энергетикасы жөніндегі және Аэроғарыш комитеттері; Табиғи ресурстар және айналадағы ортаны қорғау министрлігінде; Орман, балық және аң шаруашылығы және Су ресурстары жөніндегі комитеттері.

Кейбір органдардың өкілеттіктері мемлекеттің бірнеше салаларына таратылады, мысалы, Қарулы Күштер, ІІМ, ҰҚК және басқа да министрліктер мен ведомстволарда да денсаулық сақтау мекемелері мен органдары бар. Олар арнайы және аймақтық қызмет көрсетеді, жергілікті басқару органдарының құрамына кіреді, сонымен бірге Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттіктін емдеу ісін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулары мен өкімдерін орындап отырады.

Қазіргі кезде атқарушы биліктің орталық органдарын ұйымдастыру мен қызмет атқаруының тәртібі «Қазақстан Республикасынын Үкіметі туралы» 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Конституциялық заңмен, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық заң күші бар Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 1999 жылғы 6-мамырдағы Конституциялық заңмен, Республика Үкіметінің 1997 жылғы 13 наурыздағы №321 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Министрлігі (Мемлекеттік комитеті) туралы Үлгі Ережемен және әрбір министрлік, агенттік, комитет, комиссия туралы жеке ережелермен реттеледі.

Сонымен, Қазақстан Республикасыңда ұйымдық-құқықтық нысандарда қалыптасып кызмет атқарып жатқан мына темендегідей орталық атқарушы органдар бар:

1) Қазақстан Республикасының министрліктері;

2) Қазақстан Республикасының агенттіктері;

3) Қазақстан Республикасы министрліктерінің құрылымдық бөлімшелері болып табылатын комитеттер (ведомстволар), департаменттер және басқармалар.

Орталық органдардың, әдетте, тәжірибеде тұрақтанған үш буынды құрылымдары бар: басшылар, функционалдық бөлімшелер, қызмет көрсететін бөлімшелер.

1. Қазақстан Республикасының министрлігі мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық жасауды, сондай-ақ заңдарда көрсетілген шектерде - салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Республиканың орталық атқарушы органы болып табылады.

Министрлікті Республика Премьер-Министрінің ұсынысы бойынша Республика Президенті құрады, қайта құрады және таратады. Министрлерді де Республика Премьер-Министрінің ұсынуы бойынша Республика Президенті қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. Министр министрліктің жұмысына басшылық жасайды және министрлікке жүктелген міндеттердің орындалуына  оның өз функцияларын жүзеге асыруына жеке басымен жауап береді.

Министр лауазымы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кіреді. Министрліктің құрылымы мен штат санының шеңберін Үкімет бекітеді.

Министрлікте министрдің орынбасарларының (вице-министрлердің), сондай-ақ министрліктің басқа басшы қызметкерлерінін құрамында министр басшылық ететін (алқа төрағасы) алқа Конституциялық-кенесші орган құрылады. Алқаның сандық құрамын Үкімет, ал жеке адамдар құрамын Министр бекітеді. Алканың шешімі министрдің бұйрығымен рәсімделеді.

Министрлік өз құзыретінің мәселелері бойынша заңдарда белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасынын барлық аумағында міндетті күші бар бұйрықтар түріңде актілер шығарады.

Министрлік өзінін ұйымдық-құқықтық мәртебесі бойынша заңды тұлға болып табылады. Мемлекеттік биліктің дербес органы ретінде мемлекеттік тілде өзінің аты жазылған мөрі мен мөртабаны, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңдарға сәйкес банкілерде есеп-шоттары болады.

Министрліктің қызметін қаржыландыру тек қана мемлекеттік бюджеттен жүзеге асырылады.

Заң бойынша барлық министрліктер өзара тең болып табылады және біріне-бірі әкімшілік бағыныста болмайды, бірак олар өздерінің жұмыстарын үйлестіре алады, бірлесіп қызмет атқару немесе әртүрлі ведомстволардың іс-қимылын қажет ететін, мысалы, республикалық мақсатты бағдарламаларды іске асыру, қылмыспен күресу тағы басқалар жөніндегі мәселелерді шешу туралы шарттар мен келісімдер жасай алады.

2. Қазақстан Республикасының агенттігі Үкімет құрамына енбейтін орталық атқарушы орган болып табылады. Агенттікті Республика Премьер-Министрінің ұсынысы бойынша Республика Президенті құрады, қайта ұйымдастырады және таратады.

Агенттік тиісті мемлекеттік басқару саласына (аясына) басшылықты, сондай-ақ заңдарда белгіленген шектерде салааралық үйлестіруді және өзге де арнайы және рұқсат беру міндеттерін жүзеге асырады.

Агенттіктердің және басқа Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдардың басшыларын қызметке Үкімет тағайындайды және қызметтен босатады.

Агенттіктің құрылымын оның басшысы - төраға бекітеді. Әдетте, оның құрылымы департаменттер мен басқармалардан тұрады.

Агенттік төрағасының жанынан консультациялык-кеңесші орган - алқа құрылады. Оның сан және адам құрамын агенттіктің төрағасы бекітеді. Агенттіктің құқықтық актілері болып оның төрағасынын бұйрықтары табылады.

Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдар туралы ережелерді, сондай-ақ олардың аумақтық органдарының және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердің штат санының лимиттерін Республика Үкіметі бекітеді.

3. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті, стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі, мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттіктер, Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комитет жөніндегі агенттіктер, Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссия, сыбайлас жемқорлықка қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік комиссия, Отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссия (бұл комиссиянын төрайымы әрі Казақстан Республикасының министрі) Қазақстан Республикасы Президентіне тікелей бағынады.

4. Республиканың орталық атқарушы органынын Комитеті тиісті орталық атқарушы органның ведомствосы болып табылады.

Ведомствоны тиісті орталық атқарушы орган басшысының ұсынуымен республика Үкіметі құрады, қайта ұйымдастырады және таратады.

Ведомство Республиканың орталық атқарушы құзыретінің шегінде арнайы атқару және бақылау-қадағалау міндеттерін, сондай-ақ салааралық үйлестіруді немесе мемлекеттік басқарудың ішкі саласына (аясына) басшылық жасауды жүзеге асырады.

Орталық атқарушы орган басшысының ұсынуы бойынша Республика Үкіметі ведомствоның басшысын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

Ведомствоның құрылымын, құзыретін және басқа мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылының тәртібін Үкімет белгілейді.

Қазақстан Республикасының Үкіметі - Қазақстан Республикасының атқарушы билігін жүзеге асыратын, атқарушы органдардың жүйесін басқаратын және олардың қызметіне басшылық жасайтын орган. Оның құқықтық мәртебесінің негіздері Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген.

Үкімет құзыреті, ұйымдастырылуы мен қызметінің тәртібі Республика Конституциясына сәйкес «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңымен белгіленеді.

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясының Қазақстанда Президенттік басқаруды енгізуі мемлекеттік билік тармақтарының арасында атқару билігінің алатын орны мен жауапкершілігін арттырады. Бұнда Үкімет атқарушы биліктің біртұтас жүйесін басқарушы дербес орган ретінде танылады.

Қазақстан Республикасының Үкіметі - салалық және салааралық мемлекеттік басқару органдарының басшылары мен өзге де орталық және жергілікті атқару органдары жүйесін басқарушы лауазымды тұлғалардан құралған, Президентке жауапты, Парламентке есепті, Қазақстан Республикасы Конституциясы мен заңдарын, Президент жарлықтарын орындауды қамтамасыз ету бойынша өкілеттіліктерді иемденген, еліміздің барлық аумағында жалпыға бірдей міндеттілік күші бар заңға бағынышты актілерді қабылдау құқығы бар атқару билігінің жалпы құзіреттегі алқалы органы.      

Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылу тәртібіне тоқталатын болсақ, ол Президентпен Конституцияда көрсетілген тәртіпте құрылады. Премьер-Министрдің кандидатурасы келісім алу үшін Парламенттің қарауына ұсынады, келісім алынғаннан кейін Президент өз жарлығымен тағайындайды. Премьер-Министр тағайындалғаннан кейін он күн ішінде Үкіметтің құрылымы мен құрамы туралы ұсыныспен Президентке кіреді. Президент Премьер-Министр мен оның орынбасарларын, Үкімет Аппараты басшыларын, Министрлер мен мемлекеттік комитеттер төрағаларын тағайындайды. Үкімет мүшелері Қазақстан халқы мен Президентіне ант береді.

Үкімет Президенттің өкілеттік мерзімі шегінде әрекет етеді. Президент өз бастамасымен Үкіметтің өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдауы мүмкін, оның кез келген мүшесін лауазымынан босатуға хақылы. Премьер-Министрді орнынан босату бүкіл Үкіметтің өкілеттігін тоқтату дегенді білдіреді. Үкімет немесе оның кез келген мүшесі Президентке өзінің орнынан түсуі туралы мәлімдеуге хақылы. Президент оны он күндік мерзім ішінде қарастырып, оны қабылдауы да, қабылдамауы да мүмкін. Үкімет мүшесі өкілді органның депутаты болуға, оқытушылық, ғылыми және өзге шығармашылық әрекеттен басқа ақылы лауазымда болуға, кәсіпкерлікпен айналысуға,коммерциялық ұйымның басқарушы органы құрамына немесе бақылаушы Кеңесіне кіруге құқығы жоқ.

Премьер-Министр тағайындалғаннан кейін бір ай мерзім ішінде Үкімет әрекетінің бағдарламасын дайындап, Парламенттің қарауына ұсынады. Парламент оны қолдаудан бас тартса, екінші мәрте әзірлеп, екі ай ішінде қарауға ұсынады.

Үкімет құзіретін экономикалық; әлеуметтік; ғылым, техника, білім беру және мәдени; әкімшілік-саяси басқару; заңдылық пен құқықты тәртіпті нығайту, сыртқы саясат аймағында деп бөліп қарастыруға да болады. Мысалы, экономика саласындағы өкілеттіліктеріне жоғарыда аталғандармен қатар мемлекеттік валюталық, қаржылық және материалдық ресурстардың құрылуы мен пайдалануы барысында заңдылықты сақтауға мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету; құрылымдық және инвестициялық саясатты жүзеге асыру; баға қалыптастырудағы мемлекеттік саясатты әзірлеу және жүзеге асыру, мемлекетпен реттелінетін баға қолданылатын өнім, тауар және қызмет номенклатурасын бекіту де жатады. Үкіметтің әлеуметтік саладағы құзіретіне аймақтардың әлеуметтік дамуы мәселелерін шешуді қамтамасыз ету, жастар мәселесін шешуге ықпал ету дегендер жатады.

Әкімшілік-саяси басқарма саласында Үкімет консультативті-кеңесші органдарды құрады және таратады, министрліктер мен мемлекеттік комитеттердің, Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқару органдарының әрекетін басқарады, министрлердің орынбасарларын лауазымға тағайындайды және қызметтен босатады, жергілікті атқару органдары әрекетіне басшылық жүргізеді.

Заңдылықты нығайту және құқықтық тәртіп саласында құқықтық реформаны жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.

Сыртқы саясат саласында Үкімет келісімдер жүргізу туралы және үкіметаралық келісімдерге қол қоюға шешім қабылдайды; республиканың шет елдік мемлекеттермен, халықаралық және аймақтық ұйымдармен өзара қарым-қатынасын дамытуды қамтамасыз етеді; сыртқы экономикалық саясатты жүзеге асыру шараларын әзірлейді; сыртқы сауданы дамыту шараларын қабылдайды; халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастық пен өзара әрекеттестікті жүзеге асырады.

Үкімет әрекетінің құқықтық қайнар көздері ретінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» конституциялық заңды, өзге де заңдар мен Президент жарлықтарын атауға болады. Үкімет өз құзіреттілігінің шегінде нормативті және өзге де актілерді қабылдайды, заңдардың, Президент жарлықтарының орындалуын ұйымдастырады, халықаралық келісімдер жасайды, атқару билігінің барлық органдарына басшылық жасайды, олардың әрекетін бақылайды, заңдарды бұзуды жою үшін тиісті шараларды қабылдайды.

Мемлекеттік қызмет

Ғылыми және оқулық құқықтық әдебиеттерде мемлекеттік қызметті кең және қысаң мағынада түсінеді. Мемлекеттік қызмет кең мағынада қызметшілердің өздерінің міндеттерін (жұмысын) мемлекеттік ұйымдарда: мемлекеттік өкімет органдарында, кәсіпорындарда, мекемелерде, өзгеде ұйымдарда орындауға саяды; қысаң мағынада - бұл қызметшілердің өздерінің міндеттерін мемлекеттік органдарда орындаулары.

«Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылы 23 шілдедегі заңында мемлекеттік қызметтің ұғымы қысаң мағынада берілген. Онда мемлекеттік қызмет, - делінген, - мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдардағы мемлекеттік биліктің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттігін атқару жөніндегі қызметі.

Ал, лауазымдық өкілеттік деп заңдарда белгіленген құқықтары мен негізгі міндеттері бар мемлекеттік қызметшілердің өз қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың алдында тұрған мақсаттар мен міндеттерге жауап беретін, нақты мемлекеттік лауазыммен көзделген өкілеттік ұғынылады.

Мемлекеттік қызметтің құқықтық негізіне Қазақстан Республикасының Конституциясы, жоғарыдағы аталған Заң, «Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің мәселелері туралы» 1998 жылғы 12 қарашадағы №4141 және «Мемлекеттік қызмет кадрларымен жұмысты жетілдіру мәселелері туралы» 1999 жылғы 24 ақпандағы №13 өкімдері, республиканың өзге де нормативтік-құқықтық актілері жатады.

«Мемлекеттік қызмет туралы» Заңмен реттелмеген мемлекеттік қызметпен байланысты қатынастар республиканың еңбек, зейнетақы туралы және өзге де заңдармен реттеледі.

 

Студенттің білімін пысықтау сұрақтары.

1.Республикалық орталық атқарушы органдарды атаңыз.

2.ҚР Үкіметі.

3.Мемлекеттік қызметтің жалпы ұғымы.

 

1.Мемлекет және құқық негіздері. Баянов Е. Алматы. 2001

2.Мемлекет және құқық негіздері. Сапарғалиев Ғ. Алматы. 2004

3.Мемлекет және құқық негіздері. Баймаханов М.Т. Алматы. 2001

4.Мемлекет және құқық негіздері. Абдуллина З.К. Алматы. 2001

5.Құқық негіздері. Баққұлов С.Д. Алматы. 2004

6.Егемен Қазақстан құқығы. Ашитов З.О. Алматы. 2004

7.Назарбаев Н.Ә. Қазақстан – 2030 .Алматы. 1997

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ

   7. Қазақстан Республикасының  әкімшілік  құқығы

   7.1. Әкімшілік құқықтық қатынастар

   7.2. Атқарушы биліктін органдары. Қазақстан Республикасының Үкіметі

   7.3.Әкімшілік құқық бұзушылық. Мемлекеттік қызмет

 

Қазақстан Республикасының  әкімшілік  құқығы

Әкімшілік құқық мемлекеттік басқару саласында пайда болатын (қалыптасатын), дамитын және тоқталатын қоғамдық қатынастарды ғана реттеуге арналған.

Барлық осы тәрізді қоғамдық қатынастар қалай болғанда да мемлекеттік басқару органдарының, яғни атқарушы органдардың атқарушылық-өкім етушілік қызметін жүзеге асыру процесімен байланысты.

Әкімшілік құқық экономикалық, әлеуметтік-мәдениет және әкімшілік-саяси құрылысқа басшылық жасау туралы мемлекеттік басқарудың міндеттерін жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастардың белгілі бір тобына ғана ерекше көңіл аудара отырып, арнайы бағыттау арқылы өзінің реттеушілік ықпалын тигізеді. Сонымен бірге бұл қоғамдық қатынастар мемлекеттік басқару органдарының басқару функцияларын жүзеге асыру барысында пайда болады.

Сонымен, әкімшілік құқықтың пәнін шын мәнісінде басқарушылық қоғамдық қатынастар құрайды.

Реттелінетін қатынастардың барлық қатысушылары үшін заңды түрде міндетті болып табылатын әкімшілік құқық нормаларында бекітілген мінез-құлық (жүріс-тұрыс) ережелерін тағайындау жолымен мемлекеттік басқару саласындағы қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу жүзеге асырылады. Мемлекет осындай ережелерді тағайындай отырып, шын мәнінде, басқару функцияларын жүзеге асырудың және осыған байланысты пайда болатын қатынастардың құқықтық тәртібін орнатады.

Нақтылы қоғамдық қатынас басқарушылық болып табылады, сондықтан да мына төмендегі жағдайларда әкімшілік құқықтың реттеу ықпалына тап болады. Біріншіден, оған мемлекеттік басқарудың тиісті органы (лауазымды адамы) міндетті түрде қатысқан жағдайда. Екіншіден, бұл орган басқару қызметін жүзеге асыру үшін мемлекеттің өзіне берген уәкілдігін нақтылы іске асырған жағдайда.

Мемлекетгің атқарушы органдары қатысушы болатын кез келген қоғамдық қатынастардың бәрі бірдей басқарушылық болып табылмайтынын айту керек. Бұл органдар құқықтың басқа салаларының нормаларымен реттелінетін іс-қимылдарды атқара алады. Мысалы, олар мүліктік мәмілелер жасай алады. Бұл сияқты іс-қимылдар азаматтық құқық нормаларымен реттеледі. Олар осы органдардың қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін шаруашылық және қаржылық қызмет атқарады және өзінің мәні бойынша басқарушылық болып табылмайтын басқа жұмыспен айналысады.

Сонымен, тиісті орган атқарушы-өкім етуші қызметті тек нақтылы жүзеге асырған кезде ғана осы сияқты шын мәніндегі басқарушылық болып табылатын қоғамдық қатынастар пайда болады, сондықтан да әкімшілік- құқықтық реттеуге жатады.

Мемлекеттік басқару тәжірибесі мына төмендегі қоғамдық қатынастарды басқарушылықтың қатарына жатқызуға болатындығын дәлелдеп отыр:

а) мемлекеттің атқарушы органдарының арасындағы олардың иерархиялық (сатылық) бағынысты тәртібі бойынша қатынастар.

Мысалы, Қазақстан Республикасы Үкіметі мен салалық министрліктердің, олардың аймақтық органдарының, мемлекеттік кәсіпорындардың, мекемелердің және ұйымдардың арасындағы өзара қарым-қатынастар.

б) біріне-бірі бағынысты емес әртүрлі мемлекеттік басқару органдарының арасындағы қатынастар. Мысалы, заң жүзінде тең құқылы Қазақстан Республикасының екі министрлігінің, тең құқылы жергілікті атқару органдарының және басқалардың арасындағы қатынастар;

в) мемлекеттік басқару органдарының және оларға бағынысты мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың арасындағы қатынастар. Мысалы, Қазақстан темір жолымен оның бағынысындағы еншілес мемлекеттік кәсіпорындардың арасындағы қатынастар;

г) мемлекеттік басқару органдарымен және әртүрлі мемлекеттік емес кәсіпорындар мен ұйымдардың; акционерлік қоғамдардың, шаруашылық серіктестіктердін және басқалардың арасындағы қатынастар;

д) мемлекеттік басқару органдарымен және қоғамдық бірлестіктердің арасындағы қатынастар;

е) мемлекеттік басқару органдарымен және Қазақстан Республикасы азаматтарының арасындағы қатынастар; Мысалы, қала әкімшілігі мен шағым берген азаматтың арасындағы қатынас.

Барлық аталған және Қазақстанда реформа кезеңінде пайда болуы мүмкін басқадай қоғамдық қатынастарға мемлекеттік басқару органы міндетті түрде қатысады. Мемлекеттің атынан өкілдік ететін және оның еркін білдіретін ондай органның қатысуынсыз басқарушылық қоғамдық қатынастар пайда болуы мүмкін емес. Сол себепті екі азаматтың арасындағы қатынастарды басқарушылық деп айтуға болмайды, өйткені олардың ешқайсысына басқа біреуіне қатысты биліктік өкілеттік берілмеген.

Заңды тұлғалар мен адамдардың арасындағы шарттық қатынастар да өздерінің мәні бойынша басқарушылық болып саналмайды және көпшілігінде олардың негізіне мүліктік, жер туралы, қаржылық және басқа қатынастар жатады.

Басқару органы да, мемлекеттік (мемлекеттік емес) кәсіпорын да, мекеме мен ұйым да, сондай-ақ азамат та басқару қатынастарының екінші тарабы болуы мүмкін, бұл басқарушылық қоғамдық қатынастар пайда болатын жағдайларға толығынан сәйкес келеді.

Әкімшілік құқықтық қатынастар

Әкімшілік-құқықтық қатынастар құқықтық қатынастардын бір түрі болып табылады. Оларға қандайда болмасын құқықтық қатынастардың барлық негізгі белгілері тән, атап айтқанда: құқықтық норманың біріншілігі, соның арқасында құқықтық қатынас тиісті құқықтык норманың тиісті қоғамдық қатынасқа, оған заңдық нысан беретін, реттеушілік ықпал жасауының нәтижесі; осы қатынас тараптарының іс-қимылдарын (мінез-құлықтарын) құқықтық нормамен реттеу: құқықтық нормамен белгіленетін құқықтық қатынас тараптарының өзара міндеттері мен құқықтарын сәйкестендіру (корреспонденциялау) және с.с. Сонымен, әкімшілік-құқықтық қатынастар - бұл әкімшілік құқық нормаларымен реттелінген басқарушылық қоғамдык қатынастар, ондағы тараптар әкімшілік-құқықтық нормалармен тағайындалған және кепілденген өзара байланысты міндеттер мен құқықтарды иеленуші болып табылады.

Әкімшілік-құқықтық қатынастардың ең жалпы сипаты осындай, онда жалпылық пен ерекшеліктің тектік пен түрліліктің арақатынасы көрінісін тапқан. Сонымен бірге әкімшілік-құқықтық қатынастардың әкімшілік құқықтың нормаларынан және олар реттейтін басқарушылық қызметтен туындайтын ерекшеліктері бар.

Бұл құқықтық қатынастардың қатысушылары (тараптары) мыналар болуы мүмкін: Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар;

мемлекеттік ұйымдар: атқарушы билік (мемлекеттік басқару) органдары; мемлекеттік кәсіпорындар, мекемелер; мемлекеттік емес ұйымдар; қоғамдық бірлестіктер (партиялар, одақтар т.с.с); еңбек ұжымдары; жергілікті өзін-өзі басқару органдары; коммерциялық құрылымдар; жеке кәсіпорындар мен мекемелер.

Әкімшілік-құқықтық қатынастарда мемлекеттің мақсаттары мен мүдделері әрқашанда тиісті көрінісін табады, өйткені бұл қатынастар тараптарының бірі, әдетте, мемлекеттің атынан іс-қимыл жасайтын мемлекеттік орган немесе лауазымды адам болып табылады.

Әкімшілік-құқықтық қатынастар ерекшеліктерінің аса маңыздылары мыналар: I. Басты ерекшелік - тараптардың теңсіздігі. Тараптардың бірінің басқа тарапқа қатысты әрқашанда заңдық биліктік өкілеттіктері болады. Мұндай тарап, мысалы, басқару органдары немесе лауазымды адамдар болуы мүмкін. Сол себепті екі азаматтың арасында, екі қоғамдық бірлестіктің арасында, егер тараптардың ең болмаса біреуінің биліктік өкілеттіктері болмаса, әкімшілік құқықтық қатынастар болуы мүмкін емес.

2. Әкімшілік-құқықтық қатынастар тараптардың қайсысының болса да - басқару органының, азаматтың және сол сияқты басқалардың - ынтасы бойынша пайда болады. Бірақ екінші тараптың келісімі немесе тілегі олардың пайда болуына барлық жағдайларда міндетті шарт емес. Ол екінші тараптың тілегіне қарамастан немесе оның келісімінсіз де пайда болуы мүмкін. Бұл белгі оларды азаматтық-құқықтық қатынастардан ерекшелейді.

Мемлекеттік басқару органдарының әкімшілік-құқықтық қатынастарға түсуі тек қана мүмкіндігі емес, сонымен қатар, көпшілігіне, олардың тікелей міндеті екендігін ескеру керек.

3. Тараптардың арасындағы әкімшілік-құқықтық даулар, қағида бойынша, әкімшілік тәртіппен, яғни өкілетті басқару органынын немесе лауазымды адамның тікелей заңдық биліктік және біржақты әкім ету жолымен шешіледі.

4. Әкімшілік-құқықтық нормалардың талаптарын әкімшілік-құқықтық қатынастар тараптары бұзған жағдайда құқықтық қатынастың бір тарабының жауапкершілігі екінші тараптың алдында емес, мемлекеттің, оның атынан уәкілдігі бар тиісті органның (лауазымды адамның) алдында пайда балады.

Әкімшілік-құқықтық дауларды не жеке не бара-бар ретінде шешудің сот тәртібі қолданылып жүрген заңдарда жиі кездеседі. Сотпен шешетін әкімшілік-құқықтық даулар тобының кеңейе түсуі заңды тенденцияға айналып келеді.

Әкімшілік құқық бұзушылық

Әкімшілік құқық бұзушылық әкімшілік жауаптылықтың негізі болып табылады. Әкімшілік право бұзушылық кодексінің (ӘПБК) 9-бабы бұл құқық бұзушылықтың түсінігін былай деп берген: «Мемлекеттік немесе қоғамдық тәртіпке, социалистік меншікке (қазір социалистік жоқ.), азаматтардың праволары мен бостандықтарына, басқарудың белгіленген тәртібіне қиянат жасайтын сол үшін заңдармен әкімшілік жауаптылық көзделген правоға қарсы, кінәлі (қасақана немесе абайсыз) әрекет немесе әрекетсіздік әкімшілік право бұзушылық (теріс қылық) деп танылады».

Құқық бұзушылық үшін, егер бұл құқық бұзушылық өзінің сипаты бойынша қолданылып жүрген заңдарға сәйкес кылмыстық жауаптылыққа әкеп соқтырмайтын болса, әкімшілік заңдармен және басқа құқық салаларының нормаларымен (қаржы, жер және басқалардың) тағайындалған әкімшілік жауаптылық пайда болады.

Әкімшілік құқық бұзушылық әкімшілік құқықтың нормаларымен жауаптылық қаралатын, белгілі әрекеттерді жасауға тыйым салатын (мысалы, жекеленген қару туралы Қазақстан Республикасының заңымен тағайындалған тәртіпті бұза отырып қаруға ие болуға немесе билетсіз пойызда жүруге тағы с.с), қорғалатын қоғамдық қатынастарға нұқсан келтіреді. Осы сияқты ережелерді бұзу әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамын құрайды.

Әкімшілік құқық бұзушылықтың заңдық белгілері:

а) құқыққа қарсылық - бұл құқық нормаларын бұзатын әрекеттер жасау болып табылады. Бұл нормалар тек қана әкімшілік құқықтікі емес, сонымен қатар құқықтың бірнеше басқа салаларынікі де болуы мүмкін.

Бірақ, белгіленген нормаларды сақтау әкімшілік жауаптылық шараларымен қорғалады.

б) кінәлілік, яғни құқыққа қарсылық әрекетті қасақана немесе абайсызда жасау. Заң бойынша егер құқыққа қарсы әрекет не әрекетсіздік жасаған адам оның сипатын біле тұра, өз қылығының зияңды зардаптарын болжай тұра, мұны тілеп істесе немесе бұл зардаптардың болуына саналы түрде жол берсе, әкімшілік құқық бұзушылық қасақана жасалған деп танылады.

Егер әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адам өз әрекетінің немесе әрекетсіздігінің зиянды зардаптары болуы мүмкін екенін біле тұрса да, бірақ жеңілтектікпен ондай зардаптар болмас деп ойлаған болса, не болжауға тиіс және болжай алатын болса да, ондай зардаптар болуы мүмкін екенін болжамаған болса, әкімшілік құқық бұзушылық абайсыздықпен жасалған деп танылады.

Құқық теориясында қасақана әдейі және жанама болып бөлінеді, ал абайсыздықтың қылмыстық менмендік немесе қылмыстық салақтық түрлері бар. Мысалы, ұсақ бұзақылық ұсақ ұрлық, тыйым салынған тәсілмен аң аулау тағы сол сияқтылар - осылардың бәрі және соларға ұқсас әрекеттер тек қана қасақана жасалуы мүмкін. Көптеген әкімшілік құқық бұзушылықтар абайсыздықтан жасалынады, мысалы, жол жүру, өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу, тағы сол сияқтылар.

Кінә - әкімшілік құқық бұзушылықтың міндетті белгісі; ол болмаса адамды әкімшілік жауаптылыққа тартуға негіз жоқ деп табылады.

в) қоғамға зиянды деп азаматтың, қоғамның, мемлекеттің мүдделеріне зиян келтіретін әрекет танылады. Әкімшілік жауаптылық институтының шеңберінде қандай әрекет қоғамға қарсы деп табылатыны заңдармен белгіленеді.

Әкімшілік құқық бұзушылықтың қоғамға зияндық салмағы қылмыс жасағаннан едәуір төмен, сондықтан олар заңды түрде басқаша бағаланады да, аса қатал емес жауаптылық белгіленеді.

Бұлардан басқа, заңдармен арнайы субъектілердің - жасы кәмелетке толмағандардың, әскери кызметшілердің және тәртіптік жарғыларды басшылыққа алатын басқа адамдармен қатар шет елдіктердің де әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін жауаптылығының тәртібі белгіленеді.

Азаматтар өздерінің жасаған әкімшілік құқық бұзушылықтары үшін соларды жасаған кезде он алты жасқа толғандары жауапты болады. Әкімшілік құқық бұзушылық жасаған он алты жастан он сегіз жасқа дейінгі адамдарға жасы толмағандардың істері жөніндегі комиссиялар туралы Ережеде көзделген шаралар қолданылады, 16 жастан 18 жасқа дейінгі адамдар ӘКБтК-тің 13-бабының екінші абзацында көрсетілген (ұсақ бұзақылық, атылатын қарудан елді мекендерде және бұл үшін бөлінбеген орындарда, немесе белгіленген тәртіптің ережесін бұзып ату, полиция қызметкерінің немесе халық жасақшысының заңды өкіміне немесе талабына қасақана бағынбау және с.с.) әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған жағдайда, олар жалпы негізде әкімшілік жауапты болады.

Әскери қызметшілер және жиындарға шақырылған әскери міндетті адамдар, сондай-ақ ішкі істер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдары әкімшілік құқық бұзғандары үшін тәртіптік жарғылар бойынша жауапты болады. Бұған жол жүру ережесін, аң аулау, балық аулау және балық қорларын қорғау ережелерін, кеден ережесін бұзған және контрабанда жатпайды.

Осы көрсетілген жағдайларда бұл адамдар жалпы негіздерде әкімшілік жауапты болады. Сосын, бұл санаттағы азаматтарды әкімшілік қамауға алуға, ал кезекті шақырылған әскери қызметшілерге айыппұл да салуға болмайды.

Қазақстан аумағында тұратын шет ел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының азаматтығымен бірдей жалпы негіздерде әкімшілік жауапты болады. Қазақстан Республикасының әкімшілік юрисдикциясынан иммунитетпен пайдаланатын шет ел азаматтарының жауаптылығы туралы мәселе дипломатиялық жолмен шешіледі.

Лауазымды адамдар олардың қызмет жағдайларына байланысты әкімшілік құқық субъектілерінің ерекше санатын құрайды. Басқару тәртібін, мемлекеттік және қоғамдык тәртіпті, табиғатты, халықтың денсаулығын қорғау саласындағы белгіленген ережелерді және орындалуын қамтамасыз ету, өздерінің қызмет міндетіне жататын басқа ережелерді сақтамауына байланысты әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін лауазымды адамдар жауапты болады.

 

Студенттің білімін пысықтау сұрақтары.

1.Әкімшілік құқықтық қатынастың түрлері.

2. Әкімшілік мәжбүрлеу шарасы дегеніміз не?

3.Әкімшілік жазаның ерекшеліктері.

 

1.Мемлекет және құқық негіздері. Баянов Е. Алматы. 2001

2.Мемлекет және құқық негіздері. Сапарғалиев Ғ. Алматы. 2004

3.Мемлекет және құқық негіздері. Баймаханов М.Т. Алматы. 2001

4.Мемлекет және құқық негіздері. Абдуллина З.К. Алматы. 2001

5.Құқық негіздері. Баққұлов С.Д. Алматы. 2004

6.Егемен Қазақстан құқығы. Ашитов З.О. Алматы. 2004

7.Назарбаев Н.Ә. Қазақстан – 2030 .Алматы. 1997

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТТЫҚ ЖӘНЕ ОТБАСЫ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ

   8. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы туралы жалпы 

        ережелер

   8.1. Азаматтық құқықтық қатынастардың түрлері

   8.2. Меншік құқығы. Мұрагерлік құқығы

   8.3. Міндеттеме түсінігі. Шарттардың жекелеген түрлерінің қысқаша сипаттамасы.

Азаматтық құқықтық қатынастардың түрлері

1. Азаматтық құқық қатынастары әдетте: а) мүліктік және мүліктік емес; ә) абсолютті және салыстырмалы; б) заттық және міндеттемелік деп ажыратылады.

Бұлайша бөлудің негізіне әртүрлі белгілер алынғандықтан, бір ғана құқық қатынасы бір мезгілде мүліктік, абсолютті, заттық (мысалы, меншік құқық қатынасы) не мүліктік, салыстырмалы, міндеттемелік (мысалы, заем шартынан туындайтын құқық қатынасы) және т.б. болуы мүмкін.

Азаматтық құқық қатынастары мүліктік қатынастар мен мүліктік емес қатынастарға бөлу мынаған негізделген: мүліктік құқық қатынастарының  белгілі бір экономикалық мазмұны бар, сонымен бірге мүліктік емес құқық қатынастарының мұндай мазмұны болмайды және жеке адамның кейбір материалдық емес мүдделерін (есімін, ар-ожданын және басқаларын) қамтамасыз етеді.

Азаматтық құқық негізінен алғанда мүліктік қатынастарды реттейтіндіктен, азаматтық құқық қатынастарына қатысушылар көбінесе мүліктік құқықтардың иелері ретінде әрекет етеді. Ондай құқықтарды, әдетте, беруге болады, яғни олар басқа адамға берілуі мүмкін не оған жалпы құқықтық мираскорлық тәртібімен ауысуы мүмкін. Мүліктік құқықтың жеке, оларды иеленушілердің жеке басынан ажырағысыз, басқаға берілмейтін болуы жиі кездеседі. Оларды басқа адамға беруге не оған жалпы құқықтық мұрагерлік бойынша ауыстыруға болмайды. Мысалы, атақ, ар-ождан құқын, авторлық құқық осындай болады.

2. Құқық қатынастары тағы да абсолютті және салыстырмалы болып бөлінеді. Бұлайша бөлу қатысушылардың байланысы белгісіне негізделген. Субъективті азаматтық құқығы бар тұлғаларға міндетті тұлғалардың беймәлім тобы қарсы тұратын құқық қатынастары абсолютті құқық қатынастары деп аталады. Мүліктік (мысалы, меншік құқық қатынастары) және жеке мүліктік емес құқық қатынастары (мысалы, туындыға немесе өнертабысқа авторлықпен туындыға құқық қатынастары) абсолютті болуы мүмкін. Бұл арада меншікті заттың бір субъектісі, туындының немесе өнертабыстың авторы басқаруға құқықты болып табылады. Қалған тұлғалардың бәрі міндетті болады. Олардың негізгі міндеті келеңсіз болып табылады және меншік иесінін өз құқығын жүзеге асыруына, автор құқығын бұзбауға және т.б. келіп саяды.

Басқаруға құқықты адамға алдын ала белгілі адамдардың белгілі бір айқын тобы қарсы тұратын құқық қатынастары салыстырмалы деп саналады. Олар бірнешеу болуы мүмкін, бірақ олар әрқашанда дәл анықталған болады. Мысалы, азаматтар немесе занды тұлғалар жасасқан шарттан туындайтын құқық қатынастары салыстырмалы.

3. Заттың және міндеттемелік құқық қатынастары. Профессор М.И.Брагинскийдің атап көрсеткеніндей, Рим құқығынан бастау алатын «заттық» немесе «міндеттемелік» болып бөлу ең алдымен құрлықтағы елдердің заңдарында маңызын сақтап қалған. Егер де институциондық жүйе бойынша жасалған кодекстерде (мысал - Француз азаматтық кодексі) бұлайша бөлу онша айқын көрінбесе, павдектілік үлгіні пайдаланған кодекстерде (Герман азаматтық зандар жинағынан Ресей Федерациясынының кодексіне дейін) оның негізгі маңызы бар.

Мейлінше жалпылама түрінде заттық және міндеттемелік құқық қатынастары арасындағы айырмашылық мынадан аңғарылады: заттық құқықтық мәселені зат, абсолютті сипатта болады, затпен байланысты болғандықтан, соның ізінен шықпайды және, ақырында, құқық иесінің белсенділігін және сонымен бірге өзіне қарсы тұрғандардың енжарлығын керек етеді. Міндеттемелік құқық қатынастарына олардың мәселесі белгілі бір адамның (борышкер) іс-әрекеті болуы тән, олар салыстырмалы болады, борышкерден қалмайды және құқықты адам - несие берушіге қарсы тұратын сол борышкердің белсенділігін керек етеді. Мүлікті беру, ақша төлеу, жұмыс орындау және т.б. сондай іс-әрекет болуы мүмкін.

Меншік құқығы

Дүние жүзінің тарихи дамуындағы қай кезеңді алып қарайтын болсақ та, негізгі мәселе меншіктің айналасына топталады. Сондықтан да болу керек, меншіктің адамзат даму процесінде алатын орны ерекше.

Меншік ұғымын екі мағынада түсінуіміз қажет. Біріншіден, экономикалық категория, екіншіден құқықтық категория ретінде. Меншік экономикалық тұрғыдан алғанда, өндіріс құрал-жабдықтары мен оның өнімдеріне иелік ету жөнінде пайда болатын қоғамдык қатынастар. Меншік қоғам өмірінің негізі, яғни алғанда базистік сипаттағы экономикалық санат. Меншік құқығы қондырманың элемент болып саналғанмен қоғамның белгілі бір даму кезеңінде санатқа (базисқа) кері әсер етіп қана қоймай, алдыңғы қатарға да шығуы мүмкін.

Оған бірден-бір дәлел, еліміздің қазіргі даму сипаты. Экономикалық қатынастардың дамуына, олардың қоғам өміріне араласуына тікелей ықпал жасап отырған біздің экономикалық заңдарымыз.

Меншік құқығы объективті және субъективті мағынада анықталуы қажет. Объективті мағына тұрғысынан алғанда, меншік құқығы осы институтты реттеуге бағытталған нормативті актілердің жиынтығы болып табылады. Меншік құқығы субъективті мағынада белгілі тұлғаның нақты мүлікке байланысты құқықтық қатынасын анықтайды. Меншік иесіне мүлікті пайдалану, иелену және билік ету құқықтары тиесілі. Меншік құқығын толығырақ түсіну үшін жоғарыда көрсетілген қағидаларға жеке-жеке тоқталып, олардың мазмұнын ашып көрсеткеніміз жөн болар.

Азаматтық Кодекстің 188-ші бабында анықталғандай, меншік құқығы дегеніміз субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын және тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы.

Иелену құқығы дегеніміз мүлікті іс жүзінде иеленуді жүзеге асыруды заң жүзінде қамтамасыз ету, яғни айтқанда тұлғаның өз қалауынша мүлікке ықпал жүргізудің мүмкіншілігі. Мыс: азамат ұзақ командировкаға кеткенмен өз мүлкінің меншік иесі болып қала береді. Ол мүлікке басқа біреудің қол сұғуға құқықтық мүмкіншілігі жоқ. Сонымен қатар, мүлікті иелену құқығы басқа субъектіге берілуі де ықтимал. Мысалы: жалға беру және т. б. шарттар. Азаматтық заңдарында көрсетілгендей иелену заңды, заңсыз, адал және арам ниетті де болуы мүмкін.

Пайдалану құқығы дегеніміз мүліктен оның пайдалы табиғи қасиеттерін алудың, сондай-ақ одан пайда табудың заң жүзінде қамтамасыз етілуі. Пайда кіріс, өсім, жеміс, төл алу және өзге де нысандарда көрінуі мүмкін. Пайдалану, яғни меншік иесінің өз иелігіндегі мүліктен өзінің тұтынушылық және басқа да қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкіншілігі. Мәселен, азамат өз автомобилін өзінің шаруашылығында немесе басқа біреуге жалға беру арқылы пайда табуға болады. Пайдалану құқығы да иелену құқығы секілді басқа субъектіге берілуі мүмкін. Мыс: жалға беру шарты. Негізінен, пайдалану құқығы мен иелену құқығының арасында тығыз байланыс бар. Мәселен, меншік иесі пайдалану құқығын басқа біреуге берместен бұрын ол субъектіге мүлікті иеленуге беруі тиіс, өйткені субъектіде иелену мүмкіншілігі болмаса, пайдалану құқығы мүлдем болмай қалуы да ықтимал.

Билік ету құқығы дегеніміз мүліктің заң жүзіндегі тағдырын белгілеудің заңмен қамтамасыз етілуі. Билік ету құқығы меншік иесінін өз мүлкіне байланысты кез келген заңға қайшы келмейтін әрекетгерді жүзеге асыруға мүмкіншілік береді. Мыс: сату, айырбастау, сыйға беру, жойып жіберу және т. б. Сонымен қатар, меншік иесінің өз мүлкіне байланысты өкілеттігін жүзеге асыруы басқа тұлғалар мен мемлекеттің құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін бұзбауы тиіс. Меншік иесі өз құқықтарын жүзеге асырған кезде азаматтардың денсаулығы мен айналадағы ортаға келтірілуі мүмкін зардаптарға жол бермеу шараларын қолдануға міндетті.

Меншік иесі өзіне тиесілі мүлікке қатысты өз қалауы бойынша кез келген әрекеттер жасауға, соның ішінде бұл мүлікті басқа тұлғалардың меншігіне беріп, иелігінен шығаруға, өзі меншік иесі болып қала отырып, оларға мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету жөніндегі өз өкілеттігін тапсыруға, мүлікті кепілге беруге және оған басқа да әдістермен ауыртпалық түсіруге, оларға өзгеше түрде билік етуге құқылы.

Меншік құқығының мерзімі шексіз, яғни меншік иесіне уақыт кезеңімен анықталатын шектеулер қойылмауы тиіс.

Міндеттеме түсінігі

Азаматтық-құқықтық қатынастардың арасында көп кездесетін негіздердің бірі - міндеттемелер.

Міндеттемеге сәйкес бір тұлға (борышкер) басқа тұлғаның (несие берушінің) пайдасына мүлік беру, жұмыс орындау, ақша төлеу және т.б. сол сияқты белгілі әрекеттер жасауға не белгілі бір әрекет жасаудан тартынуға міндетті, ал несие беруші борышқордан өз міндеттерін орындауын талап етуге құқылы. Несие беруші борышқордан атқарылғанды қабылдауға міндетті.

Міндеттеменің субъектілері: несие беруші және борышқор. Несие беруші құқықты тарап, яғни борышқордан белгілі әрекеттерді жасауды немесе белгілі әрекеттерден бас тартуды талап ете алатын жақ, ал борышқор, керісінше, несие берушінің пайдасына белгілі әрекеттерді жасауға немесе жасамауға міндетті тарап.

Міндеттеме құқықтық қатынастың бір түрі болғандықтан заңмен қорғалуы тиіс. Борышқор өз міндеттемесін дұрыс орындамағаны үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілікке тартылуы да мүмкін.

Міндеттеменің мазмұны тараптардың, яғни несие беруші мен борышқордың құқықтары мен міндеттері арқылы баяндалады. Несие берушінің құқықтары борышқордың мінез-құлқы арқылы анықталғандықтан, міндеттемелік құқықтық қатынастар заттық құқықтық қатынастардан осы көрсетілген белгінің нәтижесінде ажыратылады. Заттық құқықтық қатынастарда меншік иесі өз әрекеттерінің нәтижесінде өзіне қажетті құқықтық жағдайды анықтауға мүмкіншілігі бар.

Міндеттемеге бір мезгілде бірнеше несие берушілер мен борышқор қатыса алады. Мұндай ережені міндеттемелік көпжақтылық деп атаймыз.

Үлестік міндеттеме бойынша әрбір борышқор заңмен немесе шартпен белгіленген өз үлесін несие берушіге орындайды, ал әрбір несие беруші борышқордан өзіне тиесілі үлесті орындауды ғана талап ете алады.

Үлестік міндеттеменің ерекше түріне субсидиялық міндеттеме жатады. Оның мәні Азаматтық Кодекстің 288-ші бабына сәйкес анықталады. Негізгі борышқор несие берушінің міндеттемені орындау туралы талабын қанағаттандырмаған жағдайда бұл талап орындалмаған бөлігінде басқа борышқорға (субсидиялық борышқорға) мәлімденуі мүмкін. Бұл заң құжаттарында немесе несие беруші мен борышқордың арасындағы міндеттеме ережелерінде көрсетілуі тиіс. Мыс: Азаматтық Кодекстің 330-бабы. Кепіл болушылық. Осы ережеге сәйкес кепіл болушы басқа жақтың (борышқордың) несие берушінің алдында осы жақтың міндеттемесінің толық немесе ішінара субсидиялық орындалуына жауап беруге міндеттенеді.

Ортақтасқан міндеттемеде несие беруші әрбір борышқордан міндеттеменің толық көлемде орындалуын талап етеді. Ортақ міндеттеме екі жағдайда пайда болуы мүмкін: 1) егер мұндай ереже шартта анықталса; 2) егер мұндай мән-жай заңда көрсетілсе. Ортақтас борышқорлар міндеттеме толық орындалғанға дейін міндетті болып қала береді. Борышқорлар ортақтасып міндетті болған жағдайда несие беруші барлық борышқорлардан да немесе олардың кез келгенінен де, борышты түгелдей де, бөлшектеп те, орындауды талап етуге құқылы. Борышқордың бірінен толық қанағаттанбаған немесе беруші алынбағанды ортақтас борышқордың қалғандарынан талап етуге де мүмкіншілігі бар.

Борышқорлардың бірінің ортақтас міңдетті толық орындауы қалған борышқорды несие берушінің алдында жауапкершіліктен босатады (287, 3-ші тармағы).

Сонымен бірге, заң ортақтасқан міндеттемені орындаған борышқорға қалған борышқордан міңдеттеме мөлшерінде кері талап (регресс) қоюға мүмкіндік береді. Азаматтық Кодекстің 289-ші бабына сәйкес басқа тұлғаның міндеттемесін орындаған борышқор орындалған міндеттеме мөлшерінде сол тұлғаға кері талап (регресс) қоюға құқылы. Сонымен қатар ортақтасқан міндеттемені орындаған борышқор қалған борышқордын әрқайсысына оның өзіне тиесілі үлесін шегеріп, тең үлеспен кері талап қоя алады.

Шарттардың жекелеген түрлерінің қысқаша сипаттамасы

Екі немесе одан көп тұлғаның азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келісімі щарт болып танылады. Шарттық қарым-қатынастарды қоғамдық қатынастардан айырып қарауға болмайды, өйткені олар соңғы аталған қатынастардың бір тармағы. Олардың табиғаты мен мазмұны қоғам өмірінің материалдық жағдайына байланысты. Сондықтан да болар нарықтық экономика жүйесінде шаруашылық қатынастарының негізгі реттеушісі ретінде азаматтық-құқықтық шарттың қолдануы.

Сатып алу, сату шарты бойынша бір тарап (сатушы) мүлікті (тауарды) екінші тараптың (сатып алушының) меншігіне, шаруашылық жүргізуіне немесе жедел басқаруына беруге міндеттенеді. Сатып алушы бұл мүлікті қабылдауға және ол үшін белгілі бір ақша самасын төлеуге міндеттенеді.

Сатып алу, сату шарты - екі жақты, консенсуалды, ақылы шарттарға жатады.

Шарттың мазмұны 3 элементтен тұрады:

1.     объект

2.     субъект

3.     тараптардың құқықтары мен міндеттері.

Объектісі - азамадардық күнделікті тұрмыстық қажетіне керекті материалдық дүние заттары.

Бағалы қағаздар мен валюталық құндылықтарды сатып алу, сатуға, егер заң актілерінде өзгеше белгіленбесе сатып алу шартының ережелері қолданылады.

Азаматтық айналымда шектелген мүліктерді (тауарларды) сатып алу, сату тәртібі заң актілерінде белгіленеді. Оларға: ұлы заттар, қару-жарақтар, радиактивті заттар жатады.

Азаматтар мен заңды тұлғалардың меншілігіндегі мүліктердің саны және мөлшері шектелмейді.

Сатып алу, сату шартының объектісіне тән қасиеті:

-         шарт объектісі тауар түрінде болуы керек;

-         мүлік бір адамнан, екінші адамға еркіп өтуі керек.

Сатып алу, сату шартының субъектілері:

1.     Сатушы

2.     Стып алушы.

Сатып алу, сату шартының нысаны, ауызша жазбаша, жай жазбаша, нотариалды, конклюдентті.

Шарттың кез-келген ережесі бұзылған жағдайда жауапкершілік туындауы мүмкін.

Жауапкершіліктің нысаны:

1.     Айыппұл төлеу.

2.     Келтірілген шығынды өтеу.

Сатылған мүліктің сапасы немесе саны шартқа сәйкес келмесе жәбірленуші тарапқа заң бойынша қосымша құқықтар берілген. Ол құқықтар Азам. Код. 419-428 б/да.

Егер сатылған тауардың сапасы шартқа сәйкес келмесе, сатып алушы өз қалауынша сатушыдан:

-         сатып алу бағасын сол мөлшерде кемітуді;

-         қисынды мерзімде тауардың жоюға жұмсалған өз шығындарын өтеуді;

-         сапасы жоқ тауарды шартқа сәйкес келетін тауармен алмастыруды;

-         шартты орындаудан бас тартуға және тауар үшін төленген ақша сомасын қайтаруды талап етуге құқылы.

Сатушының негізгі міндеті:

-         сатылған мүлікті сатып алушының иелігіне беру;

-         сатып алушының меншік құқының пайда болуын қамтамасыз ету;

-         сатылған тауарды сақтауды қамтамасыз ету.

Айырбас шарты бойынша тараптардың әрқайсысы басқа тараптың меншігіне бір тауарды, басқа тауарға айырбасқа беруге міндеттенеді.

Айырбас шартына сатып-алу, сату шартының жалпы ережелері қолданылады, бірақ айырбас шартының сатып алу, сату шартына қарағанда мынандай ерекшеліктері бар:

1.  Айырбас шартында екі тарап та бір мезгілде сатушы да сатып алушы да болып есептеледі.

2.  Әр тарап айырбас шартында, ақша емес, тауар алады.

Шарттың тараптары: азаматтар, заңды тұлғалар. Шарт тараптарының арнайы ата жоқ.

Айырбас шарты бойынша әр тараптың меншік құқығы тауарды беру міндеттемесі орындалған кезден бастап пайда болады.

Қозғалмайтын мүлікке меншік құқығы мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін ғана пайда болады.

Рента шарты бойынша бір тарап (рента алушы) екінші тараптың (рента төлеушінің) меншігіне мүлік береді. Ал рента төлеуші, алған мүлікке айырбас ретінде рента алушыға белгілі бір ақша сомасы түрінде немесе өзге бір нысанда қаражат беру түрінде мезгіл-мезгіл рента төлеп отыруға міндеттенеді.

Рента шартының түрлері:

1.     Тұрақты рента.

2.     Ғұмырлық рента.

Ғұмырлық рента азаматты өмір-бойы асырауда ұстау жағдайында белгіленуі мүмкін.

Рента шартының нысаны. Рента шартын нотариус куәләндыруы тиіс, ал рентаны төлеу үшін қозғалмайтын мүлікті иеліктен айыру көзделетін шарт, мемлекеттін тіркеуден өтуі тиіс.

Тұрақты рента. Тек қана, азаматтар мен коммерциялық емес ұйымдар тұрақты рентаны алушылар болып есептеледі. Тұрақты рента, шартта белгіленген бойынша, шартта көрсетілген мөлшерде, ақшалай төленеді. Кейбір жағдайда ақшаның орына заттар беру, жұмыс орындау немесе қызмет көрсету қарастырылуы мүмкін.

Тұрақты рентаның төлеу мерзімдері. Егер шартта өзгеше көзделмесе, тұрақты рента әрбір күнтізбелік тоқсан аяқталғаннан кейін төленеді.

Төленетін рентаның мөлшері. Заңда белгіленген бір айлық есептік көрсеткіштің өзгеруіне, сай өзгертіледі.

Тұрақты рента төлеуші, рентаны сатып алу жолымен оны одан әрі төлеуден, бас тартуға құқылы.

Мүлік жалдау шарты бойынша жалға беруші, жалға алушыға мүлікті ақы төлеп, уақытша иеленуге және пайдалануға беруге міндеттенеді.

Лизнг, прокат шарттары сондай-ақ мүлікті ақы төлеп уақытша иелену мен пайдалануға беруге байланысты шарттың өзге түрлері де мүлік жалдау шарттарына жатады.

Мүлік жалдау объектілері. Мүлік жалдауға кәсіпорындар мен басқа да мүліктік кешендер, жер учаскелері, үйлері, ғимараттар, жабдықтар, көлік құралдары және оларды пайдалану процесінде өздерінің табиғи қасиеттерін жоймайтын басқа да заттар (тұтыналмайтын заттар) берілуі мүмкін.

Мүлік жалдау шартының мазмұны үш элементтен тұрады:

1.     объект

2.     субъект

3.     тараптардың құқтары мен міндеттері.

Объект: жалға берілетін зат.

Субъект: жалға беруші, жалға алушы.

Мазмұны: міндеттері мен құқықтары.

Мүлік жалдау шартының нысаны:

Бір жылдан астам мерзімге жасалған, ал егер тараптардың біреуі заңды тұлға болса, мерзіміне қарамай-ақ, мүлік жалдау шарты жазбаша түрде жасалуы тиіс (544 б).

Қозғалмайтын мүлікті, мүліктік жалдау шарты, егер заңда өзгеше белгіленбесе, мемелекеттік тіркеуге жатады.

Азаматтар арасындағы бір жылға дейінгі мерзімге мүлік жалдау шарты ауызша түрде жасалуы мүмкін.

Мүлікке меншік құқының, кейіннен жалға алушыға ауысуын көздейтін мүлік жалдау шарты, сондай мүлікті сатып-алу, сату шарты үшін көздейлген нысанда жасалады.

Шартты өзгерту және бұзу тәртібі 556-562 баптарда көрсетілген.

Жүктерді,     жолаушыларды     және     тендеме     жүкті     тасу тасымалдау шартының негізінде жүргізіледі.

Тасымалдаудың     жалпы     талаптары     көлік     туралы     заң актілерімен,   өзге  де  заң  актілерімен  және  олларға  сәйкес шыгарылған ережелермен белгіленеді.

Жүктерді,    жолаушыларды    және   тевдеме    жүкті    көліктің жекелеген    түрлерімен    тасымалдау    талаптары,    егер    осы Кодекспен,   көлік   туралы   заң   актілерімен,    өзге   де   заң актілерімен   өзгеше   белгіленбесе,   тараптардың   келісімімен белгіленіледі (688-бап).

Сақтандыру шарты бойынша бір тарап (сақтанушы) сақтандыру сыйлықақысын     төлеуге     міндеттенеді,      ал     екінші     тарап (сақтандырыушы)      сақтандыру     жағдайы      басталған      кезде сақтаныушыға    немесе    шартта    белгіленген    сома(сақтандыру сомасы) шегінде өзінің пайдасына шарт жасалған өзге түлгаға ( пайда алушыға) сақтандыру төлемін төлеуге міндеттенеді. Сақтандрыру  Іпартъг  негізінде   не   өзара   сақтандыру  қоғамын мүшелік негізінде сақтандырыу жүзеге асырылады (803-бап). Сақтандырушылар  мен  сақтанушылар  арасындағы  қатынастар, сондай-ақ олардың сақтандыру шартын жасау және оны орындау процесі кезінде туындайиын сақтандырылгандармен және пайда алушылармен қатынастары осы кодекспен реттеледі (804-бап). Сақтандыру нысандары:

1)         міндеттілік дәрежесі бойынша-еріктік және міндетті;

2)         сақтандыру объектісі бойынша-жеке және мүліктік;

3)         сақтандыру     төлемін     жүзеге     асыру     негіздері     бойынша
жинақтаушы және жинақтаушы смес болып табылады.

Санаткершілік меншік құқығы

Шығармашылық бостандықтың жоғары қағидасы әрбір азамат үшін ғылыми зерттеулердің, өнертапқыштық және рационализаторлық қызметтің ауқымды дамуымен қамтамасыз етілетін ғылыми-техникалық және көркем шығармашылықтың еркіндігіне шын мәнінде кепілдік берілуімен бейнеледі. Бұл үшін мемлекет қажетті материалдық жағдай жасап, ерікті қоғамдар мен шығармашылық одақтарға қолдау көрсетуі тиіс, халық шаруашылығына және өнердің басқа салаларына өнертапқыштық және рационализаторлық ұсыныстарды енгізуді ұйымдастырады.

Заң - авторлардың құқықтық еркін кеңейтеді, ғылымның, өнер мен әдебиет шығармаларының жетістіктеріне қол сұғылмаушылығына қосымша кепілдік белгілейді, шығармалары республика мүддесіне сәйкес пайдаланылатын авторлар мен ұйымдардың өзара қарым-қатынасындағы қоғамдық мүдделерді қамтамасыз ететін нормаларды тиянақтайды.

Бідің мемлекетімізде санаткерлік құқығын қорғау мақсатында патенттік заң, тауар белгілері туралы заң, авторлық құқық туралы заңдар және үкіметтің бірнеше қаулылары жұмыс атқаруда. Оның ішінде патент бажының көлемі мен төлем тәртібі және өнертапқыш қызметінің мәртебесі қаралған. Санаткерлік шығармашылығының қорғау мен құқықтық реттеудің айрықша маңызы бар.

Шығармашылық санаткерлік қызметтің нәтижесі адамдардың рухани өмірі болып саналады. Ол қоғамның материалдық аясының өндірістік қызметімен бірге дамиды. Адамдардың шығармашылық өндірісі - қоғамның индустриясына ауыл шаруашылығына, ғылымға және басқа саласына үлкен әсер етеді. Шығармашылық жетістіктерін пайдалан отырып оны мемлекет құқықтық жағынан қорғап, дамытып отыруы қажет.

Шығармашылық қызмет саласын құқықтық реттеу және қорғау мәселелері, барлық мемлекетаралық және өкіметаралық экономикалық келісімдердің құрамдас бөлігі болып табылады. Онсыз біздің елге ешбір мемлекет немесе фирма тәуекелге бел буып, қазіргі заман технологиясын алып кеп келмейді. Санаткершілік меншігі қорғалмаған елде, сырттан бірінші болып ескірген техника мен технологиялар жеткізіледі. Мемлекетке берілетін инвестиция көлемі мен талаптары (шарттары), санаткерлік меншігінің құқықтық қорғану деңгейіне байланысты.

 Санаткерлік меншік құқығының объектілеріне:

1.санаткерлік шығармашылық қызметінің нәтижелері;

2.азаматтық айналымға қатысушыларды, тауарларды, жұмыстар мен қызмет көрсетулерді дараландыру құралдары жатады.

Санаткерлік шығармашылық қызметінің нәтижелеріне:

1.ғылым, әдебиет және өнер туындылары;

2.орындау, фонограмма және хабар таратуды ұйымдастыру.  

3.өнертабыс, пайдалы үлгілер, өндірістік үлгілер;

4.селекциялық жетістіктер;

        5.интегралдық микросызба топологиялары;

        6.ашылмаған ақпарат, оның ішінде өндіріс құпиялары (ноу-хау);

        7.заң актілерінде көзделген реттерде санаткерлік шығармашылық қызметтің басқа да нәтижелері жатады.

Азаматтық айналымға қатысушыларды, тауарларды, жұмыстарды немесе қызмет көрсетулерді дараландыру құралдарына:

1.фирмалық атаулар;

2.тауарлық белгілер (қызмет көрсету белгілері);

3.тауарлар шығатын жерлердің атаулары (шығатын дерін көрсету).

Селекциялық жетістіктер- өсімдіктердің жаңа түрін, сортын табу, жануарлардың түрін шығаруды айтамыз. Интегралдық микросызба топологиясы - автордың шығармашылық қызметінің нәтижесіндегі еңбек, интегралды-микросызба элементтерінің жүйесі мен байланысын геометриялық-кеңістік орнығуының материалдық жазбаларда бейнеленуін айтамыз. Ашылмаған ақпарат, оның ішінде өндіріс құпиялары - өндірістік ұйымдастырудың принциптері туралы ақпарат есеп жүйесінің құпиялығы, техникалық ұйымдастыру немесе коммерциялық ақпарат, соның ішінде өндіріс құпиялары (үшінші тұлғалары белгісіз).

Дүние жүзінде Санаткерлік меншігінің Халықаралық альянсы (СМХА) Санаткерлік меншігінің дүниежүзілік ұйымы (СМДҰ) сияқты беделді, халықаралық ұйымдар бар. Біздің елімізде, санаткерлік меншік құқығы саясатын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен ұйымдар бар. Әділет мин-ң авторлық құқық туралы комитеті, патенттік және тауарлық белгілер жөніндегі мемлекеттік мекеме (Қазпатент).

      Санаткерлік меншік құқығының немесе дараландыру құралдары деп иегердің мүліктік құқығын, санаткерлік меншік объектісін пайдалану, иелік ету және билік ету әрекетін айтамыз. Егер бұл әрекеттер заң актілеріне қарама-қайшы келмесе (ст.964 ч.1 АК КР) Санаткерлік меншік объектісінің иегерінің айрықша құқығы болып, мүлікке құқық қабілетін айтамыз. Аталған объектіні өз еркіне қарай пайдалану. Иегер мүлікті заң бойынша пайдалануға, иеленуге оған билік жасауға құқы бар. Осы құқық қабілеттілік санаткерлік меншікке қатысы бар. Егер затты иесі пайдаланса, санаткерлік меншікті көптеген тұлғалар пайдаланады. Енді затты иесі иемдену құқы болса, санаткерлік мешік объектісін иелену мүмкін емес. Затқа иесі қожалық жасаса (иесі атынан жіберсе), ол оған немесе зат алады, санаткерлік меншік объектісін айыру барысында меншік иесі өз құқығына сай осы әрекеттерді қайта жасауға мүмкіндігі бар. 

Мұрагерлік құқықтың негізгі түсініктері

Мұрагерлік - қайтыс болған азамат (мұра қалдырушы) мүлкінің басқа адамға (адамдарға)-мұрагерге (мұрагерлерге) ауысуы. Қайтыс болған азаматтың мұрасы басқа адамдарға әмбебап құқық мирасқорлығы талаптарымен, егер АК-тің  ережелерінен өзгеше туындамаса, бірыңгай тұтас нәрсе ретінде және бір-ақ мезгілде ауысады. Мұрагерлік Азаматтық  Кодекспен, ал тікелей өзі белгілеген жағдайларда өзге де заң актілерімен реттеледі (1038-бап),

Мұрагерлік өсиет және (немесе) заң бойынша жүзеге асырылады. Өсиет қалдырылмаған не бүкіл мұраның тағдыры айқындалмаған кезде, сондай-ақ АК-те белгіленген өзге де жағдайларда мұрагерлік заң бойынша орын алады (1039-бап).

Мұраның құрамына мұра қалдырушыға тиесілі мүлік, сондай-ақ оның қайтыс болуына байланысты қолданылуы тоқтамайтын құқықтары мен міндеттері кіреді. Мұра қалдырушының жеке басына тығыз байланысты мына құқықтар мен міндеттер:

1) егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше белгіленбесе, заңды тұлғалар болып табылатын ұйымдарға мүше болу құқығы;

2) өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянды өтеу құқығы;

3) алименттік міндеттемелердсн туындайтын кұқықтар мен міндеттер;

4) зейнетақы төлеу, жәрдемақы және еңбек пен әлеуметтік қамсыздандыру туралы заң актілерінің негізінде басқа да төлемдер төлеу құқығы;

5) мүліктік құкықтармен байланысы жоқ жеке мүліктік емес

құқықтар мұраның құрамына кірмейді.

Мұра қалдырушыға тиесілі болған жеке мүліктік емес құқықтар мен басқа да матсриалдық емес игіліктерді мұрагсрлердің жүзеге асыруы және қорғауы мұмкін (1040-бап). Ортақ бірлескен меншікке қатысушының қайтыс болуы оның меншіктегі үлесін айқындау және ортақ мүлікті бөлу не Азаматтық Кодекстің 218-бабында белгіленген тәртіппен одан қайтыс болған қатысушының үлесін бөліп шығару үшін негіз болып табылады. Бүл жағдайда мұра қайтыс болған қатысушының ортақ мүліктегі үлесіне, ал мүлікті заттай бөлу мұмкін болмаған кезде-үлестің құнына қатысты ашылады. Ортақ бірлескен меншікке қатысушы ол қайтыс болғанға дейін ортақ мүліктегі өз үлесіне  өсиет қалдыруга құқылы (1041-бап).

Мұра азаматтың кайтыс болуы нсмесс оны қайтыс болды деп жариялау салдарынан ашылады. Мұра қалдырушының қайтыс болған күні, ал оны қайтыс болды деп жариялаган кезде, егер шешімінде басқа күн көрсетілмесе, азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі күшіне енген күн  мұраның ашылу уақыты болып табылады. Егер бірінен ксйін бірі мұрагер болуға құқылы адамдар бір күнде қайтыс болса олар бір мезгілде қайтыс болған деп танылады және олардың әрқайсысынан кейін мұрагерлік ашылады да олардың әрқайсысының мұрагерлері мұрагерлікке шақырылады (1042-бап).

Мұра қалдырушының соңғы тұрған жері, ал егер ол белгісіз болса-мүліктің немесе оның негізгі бөлігінің орналасқан жері мұраның ашылу орны болып табылады (1043-бап). Мұра ашылған кезде тірі жүрген, сондай-ақ мұра қалдырушының тірі кезінде іште қалған және мұра ашылганнан кейін тірі туған азаматтар өсиет және заң бойынша мұрагер бола алады. Мұра ашылғанға дейін құрылған және мұраның ашылу уақытында болған заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекет өсиет бойынша мұрагерлер болуы мүмкін (1044-бап).

Мұра қалдырушы немесе мүмкін болатын мұрагелердің біреуін қасақана өлтірген немесе олардың өміріне қастандық жасаған адамдардың өсиет бойынша да, заң бойынша да мұра алуға құқығы жоқ. Бұған өсиет қалдырушы оның өміріне қастандық жасалғаннан кейін өздеріне қатысты өсиет қалдырған адамдар кірмейді (1045-бап).

Азаматтың ол қайтыс болған жағдайда өзіне тиесілі мүлікке билік ету жөнінде өз ықтиярын білдіруі өсиет болып танылады. Азамат өзінің барлық мүлкін немссе оның бір болігін заң бойынша мұрагерлер тобына кіретін де, кірмейтін де  бір немесе  бірнеше адамға, сондай-ақ заңды тұлғаларға және мемлекетке өсиет етіп қалдыра алады (1046-бап).

Өсиет қалдырушы мұрагер мінез-құлқының сипатына қатысты мұра алуды белгілі бір талаппен байланыстыруға құқылы. Мұрагер тағайындау немесе мұра алу құқығынан айыру туралы өкімге енгізілген заңға қарсы талаптар жарамсыз болады. Өсиетке енгізілген мұрагердің денсаулық жағдайы бойынша немесе өзге де объективті себептерге байланысты мұрагер үшін орындалмайтын талаптар мұрагердің талап қоюы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін. (1047-бап). Өсиет оның жасалған жері мен уақыты көрсетіле отырып, жазбаша нысанда жасалып, нотариатта куәландырылуға тиіс. 

 

Студенттің білімін пысықтау сұрақтары.

        1.Азаматтық құқықтық қатынастар.

        2.Міндеттеменің мазмұны деп нені айтамыз?

        3.Бір жақты шарт деп нені айтамыз?

 

1.Мемлекет және құқық негіздері. Баянов Е. Алматы. 2001

2.Мемлекет және құқық негіздері. Сапарғалиев Ғ. Алматы. 2004

3.Мемлекет және құқық негіздері. Баймаханов М.Т. Алматы. 2001

4.Мемлекет және құқық негіздері. Абдуллина З.К. Алматы. 2001

5.Құқық негіздері. Баққұлов С.Д. Алматы. 2004

6.Егемен Қазақстан құқығы. Ашитов З.О. Алматы. 2004

7.Назарбаев Н.Ә. Қазақстан – 2030 .Алматы. 1997

 

9.  ҚР отбасы құқығы негіздері

   9.1.Некеге тұрудың талаптары, некенің бұзылуы, тоқтауы.

   9.2. Жұбайлардың жеке және  мүліктік құқықтары мен  міндеттері. Неке шарты.

   9.3.Ата – аналары  мен  балаларының құқықтыры  мен міндеттері.  Ұл (қыз) асырап алу.

   9.4.Қамқоршылық және қорғаншылық түсінігі, жалпы сипаттамасы. Отбасы мүшелерінің  алименттік  қатынастары.

 

Отбасы құқығы некелесу, туыстық, бала асырап алу және баланы отбасы тәрбиесіне қабылдаудың басқа да нысандарына орай, пайда болатын, яғни отбасы қатынастарын өзіндік және соған байланысты мүліктік қатынастарды, яғни отбасы қатынастарын реттейтін құқық саласы болып табылады.

Отбасы құқығының пәнін құрайтын қоғамдық қатынастар өзіндік (мүліктік емес), немесе мүліктік болуы мүмкін. Мүліктік және өзіндік қатынастар құқықтың басқа да салаларының, бірінші кезекте азаматтық құқықтың реттейтін пәнін құруы мүмкін. Бірақ, аталған қатынастардың басымдығы бір жағынан, азаматтық құқықта, екінші жағынан, отбасы құқығында бірдей емес. Азаматтық құқықтың негізгі міндеті - мүліктік қатынастарды реттеу болып табылады. Ол өзіңдік қатынастарды, олар мүліктік қатынастардан туындайтын болса, немесе қандай да болмасын өзіндік қатынастарды реттеу туралы арнайы нұсқау болса ғана реттейді. Бұған керісінше өзіндік қатынастарды реттеу отбасы құқығының негізгі міндеті болып табылады. Отбасы құқығының пәніне кіретін мүліктік қатынастар жеке адамның құқықтары мен міндеттеріне байланысты болады. Отбасы құқығының азаматтық құқықтан айырмашылығы да, міне, осында жатыр.

Сонымен бірге жеке қатынастардың артықшылығы жөнінде сөз қозғағанда мынаны ескерген жөн: бұл қатынастардың барлығы бірдей құқықтық реттеуге жатпайды. Профессор О.С. Иоффе атап көрсеткендей, жеке отбасы қатынастарына жататын заңды тұрғыда нормалаудың объективтік мүмкіндіктері белгілі бір дәрежеде шектеулі болады да, сырттай бақылаудың ырқынан шығып кетеді.

Сондай-ақ олардың бір-біріне деген жеке сенім сипаты да неке-отбасы қатынастарының ерекшелігі болып табылады. Мәселен, бала асырап алу бала асырап алушы мен асырап алынушынын арасында өзара сенім қатынастары орныққан жағдайда ғана өз мақсатына жетеді. Бұл ерлі-зайыптылардың, ата-аналар мен балалардың, қорғаншылар мен қамқоршылардың және қамқорлыққа алынғандардың арасындағы қатынасқа да тән нәрсе. Отбасылық қатынасқа қатысушылардың өзара қарым-қатынасында жеке сенім болмаған жағдайда немесе оны жоғалтқан жағдайда мұндай қатынастарды неке және отбасы туралы заң нормаларымен құқықтық реттеу тиімсіз немесе тиімділігі шамалы болады.

Отбасы құқығын зерттеуші белгілі кеңес ғалымы Е.М. Ворожейкин: «Өзіндік сенімге ие бола алмаған отбасылық қатынастарды жасанды деп есептеу керек. Көп жағдайда мұндай қатынастар тоқтатылуы тиіс немесе ол басқа жолмен реттелуі керек», деп жазды.

Отбасы құқығының қайнар көздері. Қазақстан Республикасы отбасы құқығының қайнар көзі Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 17 желтоқсандағы «Неке және отбасы туралы» Заңы болып табылады. Осы аталған Заң актісі 1969 жылғы 6-тамызда Республиканың Жоғарғы Кеңесі бекіткен неке және отбасы туралы Кодексті алмастырды.

«Неке және отбасы туралы» Заң 7 бөлімнен, 29 тараудан және 213-баптан тұрады.

Бірінші бөлімдегі «Жалпы ережелерде» неке-отбасы заңдарының негізі жасалып, осы заңмен реттелетін қатынастар, неке-отбасы қатынастарын реттеудің негізгі принциптері белгіленеді.

«Неке» деп аталатын 2-бөлімде некеге тұру, оны тіркеу, некені тоқтату, ерлі-зайыптылар арасындағы өзіндік және мүліктік қатынастарды құқықтық реттеу туралы нормалар топтастырылған.

«Отбасы» деп аталатын 3-бөлім ата-аналар мен балалардың құқықтары мен міндеттерінің негізі туралы, ата-аналарды туу туралы жазбалар кітабына жазу жайындағы, ата-аналардын балаларға байланысты құқықтары мен міндеттері туралы, ата-аналарды ата-аналық құқығынан айыру және шектеу жайында, сондай-ақ бала асырап алудың тәртібін айқындайтын ережелер, оны болдырмау және жарамсыз деп тану жөніндегі баптардан тұрады.

«Қорғаншылық және қамқоршылық» деген 4-бөлімде қорған болу мен қамқоршылықтың міндеттері белгіленеді, сол бойынша қорғаншылық пен қамқоршылық жасаушы, қорғаншылар мен қамқоршылардың құқықтары мен міндеттері, олардың өкілеттіктері анықталады, қорғаншылық пен қамқоршылықты тоқтату қарастырылады.

«Отбасы мүшелерінің алименттік қатынастары» деген 5 бөлімде ата-аналардың балаларды асырау және кәмелетке толғандардың ата-аналарын бағып-күтуі жөніндегі міндеттері сөз болады, отбасының басқа да мүшелерінің алименттік міндеттемелері көрсетіледі, сондай-ақ алимент тағайындау және оны төлеу тәртібі берілген.

«Азаматтық хал актілері» деп аталатын 6-бөлімде азаматтық хал актілерін тіркеу, азаматтық хал актілеріндегі жазбаларға байланысты дауларды шешу тәртібін анықтау, акті кітаптарын жүргізу ережесі, әртүрлі акті жазбаларын жүзеге асыру сөз болады.

Жетінші бөлімде шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға неке-отбасы заңдарының нормаларын қолдану мәселелері шешілген.

Отбасы құқығының бастауларына басқа да нормативтік актілер жатады. «Неке және отбасы туралы» Заңның 4-бабында көрсетілгеніндей, неке және отбасы туралы заңға (занның өзінен басқа) отбасы құқығының нормалары кіретін Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілері жатады. Мұндай актілерге, атап айтқанда, Үкімет немесе республиканың Әділет министрлігі бекіткен түрлі ережелер (мәселен, Қорғаншылық пен қамқоршылык көрсетуші органдар туралы ережелер) мен нұсқаулар (мысалы, азаматтық хал актілерін тіркеу тәртібі туралы Нұсқаулық жатады. Сонымен бірге осы Заңда кейбір басқа актілер де атап көрсетілген. Айталық, 165-бапта азаматтық хал актілеріне тіркеу тәртібі туралы нормативтік құқықтық актісін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітуге тиісті екені көрсетілген.

Неке-отбасы заңдарының дұрыс қолданылуына Республика Жоғарғы Соты Пленумының басшылыққа алатын түсіндірмелері де ықпал етеді.

Отбасы құқығының бастаулары жайлы айтқанда аталған сала құқығының азаматтық құқыққа жақындығын атап өткен жөн. Осыдан шығатын қорытынды, заң неке-отбасы заңдарымен реттелмеген отбасы мүшелері арасындағы мүліктік және мүліктік емес өзіндік қатынастарға азаматтық заңдар қолданылатынын (5-бап) арнайы атап көрсетеді. Азаматтық Кодексті қолдану заң ретінде немесе құқық ретінде де жүзеге асырылуы мүмкін, мұның өзі оның жалпы бастаулары мен мәнінен туындайтын жәйт.

«Неке және отбасы туралы» Заңнын 3-бабы Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңдары мынадай принциптерге негізделетінін белгілейді:

1) еркек пен әйелдің некелік одағының еріктілігі;

2) ерлі-зайыптылардың отбасындағы құқықтарының теңдігі;

3) отбасының ісіне кімнің болса да өз бетінше араласуына жол берілмеушілік;

4) отбасы ішіндегі мәселелерді өзара келісіммен шешу;

5) балаларды отбасында тәрбиелеуге басымдық беру, олардың өсіп-жетілуі мен әл-ауқатты болуына қамқорлық жасау;

6) отбасының кәмелетке толмаған және еңбекке қабілетсіз мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғауға басымдық беру;

7) отбасы мүшелерінің өз құқықтарын кедергісіз жүзеге асыруын қамтамасыз ету, бұл құқықтарды сот қорғауынын мүмкіндіктері.

 

Студенттің білімін пысықтау сұрақтары.

1.Жұбайлардың мүліктік құқықтары.

2.Некенің сот арқылы және сотсыз бұзылуы дегеніміз не?

3.Балалардың мүмліктік құқықтары.

 

1.Мемлекет және құқық негіздері. Баянов Е. Алматы. 2001

2.Мемлекет және құқық негіздері. Сапарғалиев Ғ. Алматы. 2004

3.Мемлекет және құқық негіздері. Баймаханов М.Т. Алматы. 2001

4.Мемлекет және құқық негіздері. Абдуллина З.К. Алматы. 2001

5.Құқық негіздері. Баққұлов С.Д. Алматы. 2004

6.Егемен Қазақстан құқығы. Ашитов З.О. Алматы. 2004

7.Назарбаев Н.Ә. Қазақстан – 2030 .Алматы. 1997

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫ ҚҰҚЫҒЫ

   10. Мемлекеттік қаржылық қызметі. Қазақстан Республикасының  

  қаржылық құқығы құқық саласы ретінде

   10.1. Қаржылық құқытың жалпы сипаттамасы

   10.2. Қазақстан Республикасының бюджеттік құқығының пәні, әдістері

            және жүйесі

   10.3. Салықтық құқықтың ұғымы

   10.4. Инвестицияның  түсінігі

 

Қаржылық құқықтың жалпы сипаттамасы

Қаржы әрқашанда мемлекеттің өсіп-дамуымен тығыз байланысты және мемлекеттермен бір уақытта пайда болған. Сондықтан, мемлекет және құқық теориясы бойынша қаржылар мемлекеттін атрибуты болып табылады және мемлекеттің материалдық тірегі (базасы) ретінде көрініс табады. Негізінде «қаржылар» ақша түріндегі қоғамдық өнімді бөлуге байланысты экономикалық (ақшалай) қатынастардың айтарлықтай аумағын қамтиды және ақшалай сипатта болады. Қаржылық қатынастар экономикалық қатынастардың бір бөлігі ретінде туындайтындықтан базистік қатынастарға, сондай-ақ экономикалық құндылық категориясына жатады. Қаржылар өте мол ақша қаражаттары қорлары ретінде әрқашанда мемлекет меншігінде болады және жалпы мемлекеттік мұқтаждықтарды қанағаттандыру процесінде басты рөл атқарады. Қаржылар мемлекеттің өсіп дамуының материалдық негізі және оның өзіне тән міндеттері мен функцияларын ақшалай қамтамасыз етудің қайнар көзі болып есептелінеді. Мемлекет аумағындағы азаматтар салықтар мен басқа да міндетті телемдерді төлей отырып қаржыларды қалыптастыру процесіне араласса, ал мемлекеттік қаржылардан зейнетақы және басқа да ақшалай жәрдемақы алу кездерінде оларды бөлу (жұмсау) процесінде қатысады. Қандай да болмасын заңды және жеке тұлғалар қаржылық құқықтың объектісі болып есептелінетін және мемлекеттің ақша жүйесіне қызмет ететін көптеген ақшалай қатынастардың субъектілері болып табылады. «Қаржы» термині екі мағынадан тұрады деп тұжырымдауға болады:

1. материалдық мағынада;

2. экономикалық категория ретінде.

Материалдық (ақшалай) мағынада «қаржы» деп, мемлекетгің өз қарамағындағы, меншігіндегі ақша қаражаттары қорларының жиынтығын айтамыз. Бұл жерде айта кететін бір жәйт, азаматтар көбінесе қаржыны ақша деп түсінеді. Қаржылар өте мол ақша қаражаттары қорлары ретінде тек мемлекет қолында болады және ешқандай айырбас процесіне араласпайды. Ал азаматтардың қолында күнделікті өмірде жұмсалатын жалпыға бірдей құндылық баламасы - ақшалар болып табылады. Ақшалар 2 нысанда болады: қолда бар және құжат жүзіндегі ақшалар.

Экономикалық категория ретінде қаржы деп, мемлекеттің ақшалай ресурстарын жоспарлы түрде қалыптастыратын және бөлетін, сондай-ақ олардың пайалануын ұйымдастыратын экономикалық қатынастардың жүйесін айтамыз.

Қаржылардың еліміздің әлеуметтік-экономикалық өміріндегі рөлдері мен маңызы олардың мынадай функциялары арқылы да көрініс табады:

1) бөлу және қайта бөлу функциясы;

2) бақылау функциясы.

Осы аталған функциялар тек мемлекелік уәкілетті органдардың қаржылық кызметтерінің барысында жүзеге асырылады.

Бөлу функциясының көмегімен өндіріс аясында жасалған экономикалық өнімнің құны мен ұлттық табыстың бір бөлігі мемлекеттің қарамағына жіберіледі. Осы ақша қаражаттары мемлекеттің қаржысына айналғаннан кейін еліміздің әлеуметтік, экономикалық және саяси құрылыстарының басым бағыттары бойынша қайтадан бөлінеді.

Бақылау функциясының арқасында ақша қаражаттарының жиыстырылу және бөлу процестерінің заңға сәйкес жүзеге асырылуына, сондай-ақ мемлекеттің ақшалай ресурстарының ұтымды әрі тиімді пайдалануына есептеу, тексеру жүргізіліп қаржылық тәртіптің сақталуы қамтамасыз етіледі.

Осы мемлекетке қажетті ақша қаражаттары қорларын қалыптастыру бөлу және пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі мемлекеттің немесе оның уәкілетті органдарының іс-қимылдары мемлекеттің қаржылық қызметі болып табылады.

Ал қаржылық қызметтің, яғни, мемлекеттің ақша қаражаттары қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдаланылуын ұйымдастыру барысында туындайтын қоғамдық қатынастар қаржылық құқықтың пәні болып есептелінеді.

Қаржылар экономикалық категориялардың бірі болғандықтан жанағы қоғамдық қатынастар экономикалық қатынастарға жатады, ал осы экономикалық қатынастардың жүйесіне кіретін қаржыларға байланысты қатынастар қаржылық қатынастар болып табылады. Қаржылық құқықтың пәнінің яғни, қаржылық қатынастардың өздеріне тән айрықша белгілері болады. Олар мына келесідей болып келеді:

1. Бұл қатынастар ақшалай немесе ақшаға байланысты қатынастар болып табылады;

2. Бұл қатынастар әрқашанда бөлу сипатында болады;

3. Бұл қатынастар мемлекеттің қаржылық қызметінің нәтижесі болып табылады;

4. Бұл қатынастар ақша түріндегі құнның  бір жақты қозғалысын білдіреді;

5. Экономикалық қатынастардың бір түрі болғандықтан базистің құрамына жатады;

6. Бұл қатынастар әрдайым қаржылық-құқыктық қатынастар түрінде кездеседі.

Осы аталған экономикалық және құқықтық белгілердің жиынтығы қаржылық қатынастарды жалпы экономикалық қатынастардьщ ішінен, ал қаржылық-құқықтық қатынастарды жалпы құқықтық қатынастардың ішінен бөліп шығаруға мүмкіндік береді.

Сонымен, қаржылық құқық деп, мемлекеттің қаржыларын, яғни ақша қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастыру барысында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығын атаймыз.

Қысқартып айтсақ, қаржылық құқық дегеніміз мемлекеттің қаржылық қызметінің барысында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.

Қаржылық құқықта қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудің 2 әдісі қолданылады:

1) Мемлекеттік - өктем, императивтік әдіс;

2) Қаржылық - шартты, диспозитивтік әдіс;

Мемлекет тарапынан, қаржылық құқықтың нормаларымен реттелген қаржылық қатынастар қаржылық құқықтық қатынастарға айналады. Осы қатынастар маңызы бойынша экономикалық, нысаны бойынша құқықтық бола отырып, мына келесідей өздеріне тән белгілермен сипатталады:

1) Қаржылық құқықтық қатынастар тек мемлекеттің қаржылық қызметінің аясында туындап, құқықтық нормалармен реттелген қатынастар болып табылады;

2) қаржылық құқықтық қатынастар мемлекет пен қоғамның мүддесін жүзеге асырудын нысаны болып саналады;

3) қаржылық құқықтық қатынастар әрдайым мемлекеттік - өктем сипатта болады;

4) қаржылық құқықтық қатынастардың тұрақты субъектілеріне мемлекет пен оның уәкілетті органдары жатады;

5) қаржылық құқықтық қатынастар әрдайым материалдық сипатта болады.

Қаржылық құқықтық қатынастардың объектісі деп, осы қатынастардың материалдық мәнінен бөлектенбейтін, олардың субъектілерінің қызметтерінің нәтижесін айтамыз.

Қаржылык құқықтық қатынастардың субъектілері нақты қаржылық құқықтық қатынастарға қатысатын, өздеріне тән құқықтар мен міндеттерге ие болған тұлғалар болып табылады.

Осы айтылғандарды қорыта келіп қаржылық құқықтық қатынастарға мынадай түсінік беруге болады: «қаржылық құқықтық қатынастар деп, мемлекет және қоғам мүддесін қамтамасыз етуге бағытталған, өктем - мүліктік сипатта болатын, қаржылық құқықтық нормаларға негізделген және сол нормалармен реттелетін, маңызы бойынша экономикалық болып табылатын, мемлекеттің және оның уәкілетті органдарының қаржылық қызметтерінін барысында туындайтын қоғамдық қатынастарды айтамыз.

Қазақстан Республикасының бюджеттік құқығының пәні, әдістері

және жүйесі

Бюджеттік құқық қаржылық құқықтың маңызды бөлімі болып табылады. Бюджеттік құқық қаржылық-құқықтык институт ретінде мемлекетімізде қалыптастырылатын бюджеттерге байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді. Мемлекетіміздегі бюджет жүйесі республикалық бюджет және жергілікті бюджеттер бөлінеді, сондай-ақ осы бюджеттер мемлекеттік қазынаның құрамдас бөлігі болып есептелінеді және әрқайсысы өте мол ақша қоры түрінде көрініс табады. Бюджеттік құқықтың кұқықтық  реттеу аясына - пәніне мыналар жатады:

1) бюджеттің кірістерінің құрамын анықтау;

2) бюджеттің шығыстарынын бағытын (құрамын) анықтау;

3) мемлекеттік бюджеттін құрылысын анықтау;

4) республикалық және жергілікті өкілді органдардың бюджет саласындағы құзыреттерін анықтау;

5) бюджеттік процесті ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін белгілеу.

Бюджеттік құқықтың өзіне тән құқықтық нормалары, яғни бюджеттік құқықтық нормалары бар.

Бюджеттік құқықтық нормалар мына келесідей белгілермен ерекшеленеді:

1) бұл нормалар мемлекет тарапынан белгіленеді және олардың атқарылуы мемлекеттің мәжбүрлеу күшімен қамтамасыз етіледі;

2) бұл нормалар қатынастарға қатысушыларға заңи міндеттер жүктейді және өктем билік береді;

3) бұл нормалар әрқашанда мемлекеттік құзыретгі органдардың қандай да болмасын құқықтық нормативтік актілерінде заңдарда, жарлықтарда, өкімде, қаулыда көрініс табады;

4) бұл нормалар қоғамдық және мемлекеттік мүдделерді қамтамасыз етуге бағытталған;

5) бұл нормалардың құрамында өте сирек кездесетін норма түрлері есептеу нормалары (кірістер мен шығыстардың сандық көрсеткіштері, т.б.) ұшырасады;

6) бұл нормалар көбінесе өктем-әмірлі сипатта болады;

7) бұл нормалардың біршама бөлігі құзырет белгілеу нормаларын құрайды;

8) бұл нормалардың көбі бастапқы кездерінен тиісті заңдарға байланысты, бір жылдың көлемінде ғана зани күшінде болады.

Міне осы құқықтық нормалардың жиынтығы бюджеттік құқықты құрайды. Сонымен, бюджеттік құқық деп мемлекет аумағындағы бюджеттерді қалыптастыру және бөлу, сондай-ақ осы бюджеттерден бөлінген ақша қаражаттарын пайдалануды ұйымдастыру барысында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығын айтамыз.

Мемлекеттегі бюджеттерді қалыптастыру және бөлу процесіндегі қатынастар екі құқықтық реттеу әдісінің кемегімен реттеледі: біржақты - өктем-әмірлі (императивтік) әдіс және қаржылық-шартты (диспозитивтік) әдіс.

Мемлекетіміздің бюджет жүйесінен әр түрлі, әр деңгейдегі бюджеттер өз орындарын алады. Олар республикалық бюджет, облыстық бюджет, аудандық бюджет, қаладағы аудандық бюджет және т. б.

Негізінде бюджет жүйесі күрделі құрылым болып табылады және көптеген құрамдас элементтердің жиынтығынан тұрады. Сондықтан  бюджет жүйесі деп, мемлекетіміздегі бюджеттердің, оларды қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастыру әдістерінің, бюджеттерді әзірлеу, қарау, бекіту және атқару тәсілдері мен жолдарының бюджеттік қатынастардың тиісті қаржылық-құқықтық актілердің, бюджеттік қызмет аясындағы қаржылық және басқа да мемлекеттік уәкілетті оргаңдардын, сондай-ақ бюджеттік бақылаудың нысандары мен әдістерінің жиынтығын айтамыз.

«Бюджет» терминін ғылыми-құқықтық тұрғыдан алып қарасақ оның өзіне тән құқықтық және экономикалық маңызына байланысты бірнеше мағынадан көрініс табатынын байқаймыз.

Материалдық мағынада, бюджет дегеніміз мемлекеттің шығыстарына жұмсауға арналған орталықтаңдырылған ақша қоры, сондай-ақ жергілікті деңгейдегі шығыстарды қамтамасыз етуге арналған жергілікті орталықтандырылған ақша қорлары. Экономикалық мағынада бюджет деп, мемлекеттік орталықтандырылған ақша қорын және жергілікті бюджеттерді қалыптастыру, сондай-ақ жұмсау барысындағы экономикалық қатынастардың жүйесін айтамыз. Құқықтық мағынада, бюджет дегеніміз, мемлекеттің ең басты, негізгі қаржылық жоспары, былайша айтқанда кіріс және шығыс балансы. Ал заңи-техникалық мағынада бюджет деп, мемлекеттің негізгі қаржылық заңын, сондай-ақ жергілікті өкілді органдардың қаржылық-құқықтық актілерін айтамыз. Енді осы бюджеттерді қаржылық жоспар ретінде қарастыруымыз қажет.

Бюджетті қаржылық жоспар түрінде әзірлеу, қарау, бекіту және атқару процесі бюджеттік жоспарлау деп аталады. Бюджетгік жоспарлау қаржылық жоспарлардың құрамдас белігі болып табылады және күрделі, айрықша біліктілікті қажет қылатын қызмет түрі ретінде ерекшеленеді. Құқықтық ғылым аясында бюджеттік жоспарлаудың орнына көбінесе бюджеттің қаржылық жоспар түрінде белгілі бір сатылардан өтуі. Бюджеттік процестің басты сатылары мыналар:

1) бюджеттің жобасын әзірлеу;

2) бюджеттің жобасын қарау;

3) бюджетті бекіту;

4) бюджетті атқару және атқарылуына бақылау жүргізу;

5) бюджетті жабу және атқарушы жөнінде есеп беру. Бюджеттік процесті жүзеге асыру барысында алға қойылған максат тек жоспарлау, яғни  бюджеттің жобасын әзірлеу ғана емес, сонымен қатар оны орындаудан (атқарудан) тұрады. Осы аяда қолданылатын ең басты әдістің бірі — баланстық әдіс, яғни бюджеттін кіріс және шығыс бөлігін теңдестіру болып табылады.

Салықтық  құқықтың ұғымы

      Салықтық құқық - заңды және жеке тұлғалардан біржақты өктем, кайтарылмайтын негізде, заң жүзінде белгіленген салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді ақшалай түрде бюджетке алу кезінде туындайтын салықтық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Салықтық құқық мемлекеттің салықтық қызметінің барысында пайда болатын қоғамдық қатынастар әрі оның пәні болып табылады.

     Қазақстан Республикасының нарық экономикасына бағытталып негізделген қатынастарға көшуіне, сондай-ақ салық салу аясындағы мәселелердің маңызды және әлеуметтік-экономикалық процесстерге ықпалын тигізетін құралға айналуына байланысты салықтық қатынастардың рөлі арта түсуде.

    Салық катынастары салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді белгілеу, енгізу және есептеу мен төлеу тәртібі жөніндегі билік қатынастарын, мемлекет пен салық төлеуші арасындағы салық міндеттемелерін орындауға байла­нысты катынастарды реттейді.

    Осыған орай, қандай да болмасын мемлекеттің атқаратын қызметінің ең маңызды, басты түрі - мемлекеттік кіріс. Сол мемлекеттік кірістердің ең негізгілері: салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер.

     Олар қалыптастыру және алыну тәртібіне байланысты төмендегі түрлерге бөлінеді:

1. Салықтар. Корпорациялық және жеке табыс салықтары, қосылған құн салығы, акциздер, жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдері, әлеуметтік, жер, көлік құралдары мен мүлік салығы.

2. Алымдар. Заңды түлғаларды, жеке кәсіпкерлерді, жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалған мәмілелерді, радиоэлектрондық құралдарды және жиілігі жоғары құрылғыларды, механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді, теңіз, өзен кемелері, шағын көлемді кемелерді, азаматтық әуе кемелерін, дәрі-дәрмек құралдарын мемлекеттік тіркеуден өткізгені үшін алынатын алымдар; автокөлік құралдарының ҚР аумағы арқылы жүру алымы; аукциондардан алынатын алым; елтаңбалық алым; жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін алынатын лицензиялык және телевизия мен радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожілілік спектірін пайдалануға рұқсат бергені үшін алынатын алымдар.

3. Төлемақылар. Жер учаскелерін, жер бетіндегі көздердің су ресурстарын, қоршаған ортаны ластағаны, жануарлар дүниесін, орманды, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды, радиожілілік спектірін, кеме жүретін су жолдарын пайдаланғаны, сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін алынатын төлемакылар.

4. Кеден төлемдері. Кеден бажы, кеден алымдары, төлемақы және алымдар.

Салықтар дегеніміз - жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында, мемлекеттің жоғары өкілді органы қабылдаған нормативтік кесімнің негізінде, сондай-ақ заңда белгіленген мөлшерде және уақытта, заңды және жеке тұлғалардан міндетті түрде қайтарылмайтын және ақысыз негізде бюджетке алынатын ақшалай төлемдер.

Ал алымдар, төлемақылар мен баждар заңды және жеке тұлғаларға көрсеткен белгілі бір қызметтері үшін мемлекеттік өкілетті органдардың алатын төлемдері.

Салықтардың қалыптасқан турдегі үш функциясы бар:

1.  Фискалдык    -    салықтардың   және    басқа    да міндетті    төлемдердің    бюджетке    толығымен    және уақытылы мерзімде түсіп отыруын қамтамасыз етеді.

2.  Қайта   бөлу - әртүрлі шаруашылық субъектілерінің табыстарының белгілі бөлігін мемлекет пайдасына қайта бөлу қызметі.

3. Салықтық реттеу - салық нарықтарының мөлшерін өзгерту, салық түрлерін азайту және негізделген салық жеңілдіктерін енгізу арқылы немесе ынталандыру функциясы.

    Салық қызметі деп мемлекет қазынасын қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылатын мемлекеттік қызметті айтады. Бұл қызмет салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді белгілеу, оларды мемлекет кірісіне алу, салықтық реттеу және бақылау арқылы атқарылады.

      Салықтық құкықтың дерек көздері болып 2001 жылдың маусымының 12 жұлдызында қабылданған Қазақстан Республикасының Салық кодексі, салық мәселері жөнінде қабылданған Қазақстан Үкіметінің қаулылары және т. б. есептеледі.

       Төменде екі салықтардың әрқайсысына қысқаша жеке тоқталып, қарастыра отырып жалпы сипаттамасын береміз.

 Корпорациялық табыс салығы. Бұл салықтың төлеушілері Қазакстан Респуликасының резидент заңды тұлғалары (үлттық Банк пен мемлекеттік мекемелерден баска), сондай-ақ елімізде кызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын немесе Қазақстан Республикасындағы көздерден табыс алатын резидент емес заңды тұлғалар болып табылады.

     Объектілері салық салынатын, төлем көзінен салық салынатын табыс пен резидент емес заңды тұлғаның таза табысы. Жылдық жиынтық табыс пен шегеріс жасау арасындағы айырма ретінде есептелген табыс осы салықтың салық салынатын табысы болып табылады.

     Жылдық жиынтық табысқа салық төлеушінің табыстарының барлық түрлері, соның ішінде: тауарларды (жұмыстардан, қызметтер көрсетуден) өткізуден түсетін табыс пен мүлікті жалға беруден түскен табыстар, үлеспайдадан (дивиденттер), ұтыстар, сыйақылар және   т. б. жатады.

Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қатынастарды

құқықтық реттеу.

1. Инвестиция - экономиканың түрлі саласына оны сақтап және көркейту

    мақсатында құйылатың капиталды айтамыз.

2. Инвестиция түрлері- Реалды( капитал құрушы     ) жаңа объектілерге, істеп тұрған

    объектілерді реконструкциялау немесе техникалық қайта жабдықтау.

3. Инвестр- кәсіпорын өзінің өңдірістік капиталын ұлғайту арқылы негізгі

    өндірістік қорларды қаржыландырады.

 

 Қаржы (портфельдік) инвестициясы- мемлекетінің, кәсіпорындардың, инвестрлық қорлардың акцияларымен құнды қағаздарын сатып алу.Бұл жағдайда инвестор өзінің қаржы капиталын құнды қағаздардан түсетін - дивиденттерден пайда көреді, демек қаржы капиталын ұлғайтады. Бірақ өндірістерді құруға қаржы басқа мекеме мен ұйымдар, олар акцияларды шығарушылар.

 Тура және жанама инвестициялар болады. ҚР "Тура инвестицияларды мемлекеттік қолдау " заңында- тура инвестициялар ( бұның ішінде ҚР егемендік кепілдігімен берілген, ресми техникалық көмек немесе гранттар ) - инвестициянын барлық түрі.

 Жанама инвестиция- құнды қағаздар мен мүліктік құндылықтар жиынтығы. Мысалы: " Бірлескен қордың" акцияларын сатып алу ( түрлі фирмалар шағарған, құнды қағаздардың диверсифицирланған жиынтығы) осы акцияларды сатып алған ивесторлар, сол кәсіпорынның құнды қағаздарында үлесі болады.

 Инвестицияның басқа нысаны болап- жер учаскілерін сатып алу, өндірістік меншік құқығының лицензияны жатсыздандыру, мүліктік құқықтар, өндіріс құпиялар, шығармашылық патенттер, жаңа технологияларға куәліктер, өндірістік үлгілермен пайдалы модельдер, тауарлық белгілер, фирмалық атаулар, өндіріс технологияларымен өнімдерге сертификаттар, жер пайдалану құқықтары және тағы басқа.

  Қандай да бір фирмалардың басты қызмет аясы болып инвестициялық операциялары болады. Белгілі бір уақыт ішінде бір жылдан көп пайда табу мақсатында коммерциялық жобаларды қаржыландыру.

 Инвестициялық белсенділік - инвестициялық жобаларды ( идеялар, бизнес пландар, тағы басқа) құру мақсатындағы жұмыс кешені, потенциялдық инвесторлармен байланыс орнату, республикалық және жергілікті билік өкілдерімен қарым - қатынасқа түсу.

 Инвестициялық қызмет - кәсіпкерлік қызмет, инвестиция процессін жүзеге асырады.

 Инвестор - заңды және жеке тұлғалар, инвестициялық қызметті жүзеге асырады.

 Инвестициялық белсенділікті қолдау механизмі - салықтық, бюджеттік және қаржы  кредиттік құралдар жүйесін реттеу. Бұл іс-әрекеттер қаржының көбеюіне жағдай жасайды.

 Диверсификация - үлкен шығын тәуекелін төмен түсіру әрекеті. Шығын тәуекелін төмен түсіру үшін капиталды түрлі құнды қағаздарға бөліп тастау керек.

"Законы регулирующие отношения в сфере иностранных инвестиции", " Закон об инностранных инвестициях от 27.12.1994г." Осыған қоса "Тура инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы " ҚР Заңын айтуға болады. Бұл заңда, арнайы мемлекеттік орган құруды көздейді. Мемлекеттік инвестициялық комитет, онаң қызметі- экономиканың қажетті секторларына, инвесторларға женілдіктер мен преференциялар жасап инвесторлыққа тарту. Экономиканың қажетті секторларына - ҚР-ның экономикасын көтеру мақсатында, экономиканың басты салаларына инвестициялар тарту және сол аталған салаларды дамыту. Инвестициялық басты салаларының тізімін ҚР Президенті белгілейді.

Тура инвестицияларды мемлекетті қорғау мынадан көрінеді:

жеңілдіктермен преференциялық жүйесін қолдану;

ҚР атынан жеке бір органын қатынасқа түсуі;

Инвестор - инвестиция туралы мемлекеттік комитетпен келісім шарт жасауы керек.

Заңда шарттасқан инвесторды - бекітілген инвестор дейді.

 Инвестициялық жобаны тікелей жүзеге асыру бағытында, шартта көрсетілген жеңілдіктер мен преференциялар түрі:

1.     Мемлекеттік, табиғи гранттар (мүлік немесе мүліктік құқық, инвесторларға ақшалай емес, меншік құқығымен)

2.     Табыс салығының, жер салығының және мүлік салығының өлшемдерін 100% шарттан кейін 5 жылға дейін белгілеу.

3.     Толық немесе жартылай кеден баждарынан босату, шикізат қажетті жабдықтар мен материалдарды импорттау.

ҚР Президентінің жарлығымен 5.04.1997 ж. тікелей отандық және шетел инвестицияларын тартуға бағытталған төмендегідей экономиканың бастапқы секторларының тізімі бекітілді: өндірістік инфрақұрылымдар, қайта өңдеу өнеркәсібі, Ақмола қаласының объектілері, тұрғын үй, туризм және әлеуметтік аясынын объектілері, ауыл шаруашылығы.

 Осы жарлыққа сәйкес ҚР инвестиция туралы мемлекеттік комитеті " 2000 жылға дейін тікелей отандық және шетел инвестицияларын ерекше маңызды өндірістер тізімін " бекітіп берді.

 

Студенттің білімін пысықтау сұрақтары.

        1.Мемлекеттік бюджет дегеніміз не?

        2.Салықтың түрлерін ата.

        3.Нулификация, девальвация дегеніміз не?

 

1.Мемлекет және құқық негіздері. Баянов Е. Алматы. 2001

2.Мемлекет және құқық негіздері. Сапарғалиев Ғ. Алматы. 2004

3.Мемлекет және құқық негіздері. Баймаханов М.Т. Алматы. 2001

4.Мемлекет және құқық негіздері. Абдуллина З.К. Алматы. 2001

5.Құқық негіздері. Баққұлов С.Д. Алматы. 2004

6.Егемен Қазақстан құқығы. Ашитов З.О. Алматы. 2004

7.Назарбаев Н.Ә. Қазақстан – 2030 .Алматы. 1997

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫ ЖӘНЕ  ӘЛЕУМЕТТІК  ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ҚҰҚЫҒЫ

    11. ҚР Еңбек құқығының ұғымы және әлеуметтік қамсыздандыру құқығының

         негіздері

   11.1. Жеке еңбек шарты, түрлері, мерзімі. Еңбекке  орналастыру  және жұмыспен  қамтудың құқытық негіздері.  

   11.2. Жұмыс уақыты. Демалыс уақыты.  Кепілдік пен конпенсация. Еңбекті  қорғау.

   11.3. Еңбек  тәртібі.  Материалдық жауапкершілік.  Еңбек  даулары.

   11.4. Әлеуметтік қамтамасыз ету құқығы негіздері

 

Еңбек және жеке еңбек  шарттары.  Жұмыс уақыты және демалыс  уақыты.

       Қызметкерлер мен жұмыс берушілердің әлеуметтік-экономикалық мүдделерін реттеу үшін шарттық негіздер қолданылады. Негізгілері: келісімдер мен еңбек шарттары.

       Келісімдерге Республикалық Бас    келісімді атауға  болады  немесе әлеуметтік серіктестік - үштіктің: Үкімет, Кәсіподақтар және Жұмыс берушілер арасындағы келісім жатады.

       Еңбек қатынастары негізінен жеке еңбек шарттарымен және ұжымдық шарттармен реттеледі.

       Жеке еңбек шарты - жұмыс беруші мен қызметкердің арасында жазбаша жасалған екі жақты келісім. Шарт бойынша қызметкер жұмыс берушінің актісін атқара отырып, белгілі бір мамандық, біліктілік немесе лауазым бойынша жұмысты орындауға, ал жұмыс беруші қызметкерге жалақысын және заңдар мен тараптардың келісімінде көзделген өзге де ақшалай төлемдерді уақытында және толық төлеуге, еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге міндеттенеді.

       Жеке еңбек шарты:

-         белгісіз мерзімге;

-         белгілі бір мерзімге;

белгілі бір жұмысты орындау уақытына неме­се уақытша болмаған қызметкерді ауыстыру уақытына жасалуы мүмкін. Егер шартта оның қолданылу мерзімі көрсетілмесе, шарт белгісіз мерзімге жасалған деп есептеледі.

       Жеке еңбек шарты жазбаша пошымда кемінде екі дана етіп жасалып, оған тараптар қол қояды, ал бір данасы қызметкерге беріледі. Осыдан кейін қызметкердің жұмысқа қабылданғаны жөнінде бұйрық шығарылады. Еңбек кітапшасы (ол болған жағдайда), немесе жеке еңбек шарты не жұмысқа қабылдау мен жұмыстан босату туралы бұйрықтардың көшірмелері қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттар бола алады.

      Қызметкердің оған тапсырылатын жұмысқа сәйкестігін тексеру мақсатында тараптардың келісімімен сынақ өткізілуі мүмкін. Сынақ мерзімі үш айдан аспауы тиіс. Сынақ туралы талап шартта көрсетілуі, ал бұл болмаған жағдайда қызметкер жұмыска сынақсыз қабылданды деп есептелінеді.

      Жасалған жеке еңбек шартына сәйкес заң қызметкерге жұмыс жайында кепілдік береді және еңбек шарттарының талаптарын тараптар біржақты ретте өзгерте алмайды. Алайда басқа жұмысқа ауыстырғанда еңбек шартының жағдайлары өзгеруі мүмкін.

       Жеке еңбек шартыныц тоқтатылу негіздері:    

- мерзімнің бітуі бойынша;

- тараптардың    еркіне    байланысты    емес    мән-жағдай-ларда (әскери қызметке шақырылғанда, қызметкер қайтыс болса және т. с. с.).

      Шартты бұзу негіздері:

- тараптардың келісімі бойынша;

- тараптардың бірінің бастамасы бойынша (бір ай бұрын біреуі екіншісін жазбаша ескертсе);

- заңнамалық кесімдерде көзделген өзге де негіздер болып табылады. Жеке еңбек шартын бұзу мен тоқтату жұмыс берушінің бұйрығымен хатталады.

     Қызметкер жеке еңбек шарты жұмыс берушіге бұл туралы бір ай бұрын жазбаша ескертіп тоқтатуға құқылы, ал екі тарап келісімге келсе, ескерту мерзімі біткенге дейін шарт тоқтатылуы мүмкін. Жұмысты жалғастыруды жоқка шығаратын немесе едәуір қиындататын мән-жайлар болған кезде шартты бұзу қызметкердің өтінішінде көрсетілген мерзімде жүргізіледі.

      Жұмыс берушіге өз бастамасымен жеке еңбек шартын біржақты бұзуына төменгі жағдайлар негіз бола алады (Еңбек заңының 26 бабы):

1)Заңды    тұлғаның    таратылуы,    жұмыс    беруші жеке кәсіпкердің қызметінің тоқтатылуы.

2) Қызметкерлердің   саны  немесе   штаты   қысқартылуы.

3) Жеке еңбек шартының қолданылу мерзімі ішінде  қызметкердің жеткілікті  біліктілігінің  болмауы  не белгілі  бір жұмысты жалғастыруға кедергі  келтіретін денсаулық   жағдайының   салдарынан   атқаратын   қызметіне   немесе   орындайтын   жұмысына   сәйкессіздігі аңғарылады.

4)Жүктілігі және бала тууы бойынша демалыста болу уақытын есептемегенде, еңбекке уақытша жарамсыздығы   салдарынан,   сондай-ақ   заңдарда   сол   ауру бойынша    еңбекке    жарамсыздықтан    неғұрлым    ұзақ мерзімі белгіленбесе, жұмысқа екі айдан астам уақыт бойы   келмеген   жағдайда   бұзылуы   мүмкін. Аурулар түрлерінің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.  Еңбек   қабілетін   еңбекте   мертігуіне   немесе кәсіптік ауруға байланысты жоғалтқан қызметкердің жұмыс орны еңбек қабілеті қалпына келгенге немесе мүгедектік анықталғанға дейін сақталады;

5)  Қызметкер ұйыммен бірге басқа жерге ауысудан бас тартқанда.

6)  Іркіліске   байланысты   басқа   неғұрлым   жеңіл жұмыска ауыстырудан бас тартқан жағдайда.

7) Еңбек   жағдайларындағы    өзгеріске    байланыс­ты жұмысты жалғастырудан бас тартканда.

8)  Тәртіптік жазасы бар қызметкер еңбек міндеттерін дәлелді себептерсіз қайталап орындай алмаса.

9)   Қызметкер   еңбек  міндеттерін  бір  рет  өрескел бұзғанда.

Қызметкердің еңбек міндеттерін бір рет өрескел бұзуына:

- бір жұмыс күнінде дәлелді себептерсіз жұмыста үш сағат бойы болмауы;

- жұмысқа алкогольдік немесе нашақорлық масаң күйде немесе өзге де түрдегі уыттық улану жағдайында келуі;

- жұмыс күні ішіндегі алкогольді, нашақорлық масаңдық немесе өзге де жағынан улану жағдайын туғызатын заттарды пайдалануы;

- қызметкердің еңбекті қорғау немесе өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзуының әсерінен, өзінің жарақат алуы мен аварияларды қоса алғанда, ауыр зардаптарға әкеп соғуы немесе соның мүмкіндігі;

- жұмыс орны бойынша соттың заңды күшіне енген үкімімен немесе қаулысымен белгіленген мүлікті (соның ішінде ұсақ заттарды) ұрлауы;

 

Еңбекті қорғау. Еңбек даулары

      Жұмыс уақыты деп еңбек шартына сәйкес, заңмен белгіленген тиісті жұмыс уақытын айтады. Оның қалыпты ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауы тиіс.

      Он төрт жастан он алты жаска дейінгі қызметкерлер үшін - аптасына 24 сағаттан, он алтыдан он сегіз жасқа дейін - аптасына 36 сағаттан, ал ауыр дене жұмыстарында және еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін қызметкерлер үшін - аптасына 36 сағаттан аспайтын, қысқартылған жұмыс күні белгіленеді.

      Еңбек заңы қызметкерлер үшін ұзақтығы бес күндік жұмыс аптасы, ал өндірісінің сипаты мен жұмыс жағдайларына байланысты бес күндік жұмыс аптасын енгізу орынсыз болатын ұйымдарда, алты күндік жұмыс аптасы белгіленеді. Алты күндік жұмыс аптасы (40 сағат) кезінде күнделікті жұмыстың үзақтығы - 7 сағаттан, 36 сағат бол-ғанда - 6 сағаттан және апталық норма 24 сағат болғанда – 4 сағаттан аспауы тиіс.

     22 сағаттан бастап таңғы 6-ға дейінгі уақыт түнгі уақыт болып есептеледі.

     Тынығу уақыты дегеніміз бұл жұмыс уақыты арасында еңбеккерге тынығуға және тамақ ішуге берілетін уақыт.   Оның түрлері: демалуға және тамақ ішуге берілетін үзіліс, апта аралығындағы демалыс, мейрам күндері, жыл сайынғы демалыс.

      Күнделікті жұмыс ішінде қызметкерге демалу және тамақтану үшін, жинақтап алғанда ұзақтығы бір сағаттан кем болмайтын үзіліс және заңда бес күндік жұмыс аптасы жағдайында аптасына - екі, ал алты күндікте бір демалыс күні қарастырылған. Жалпы демалыс күні жексенбі. Екі демалыс күні әдетте қатарынан беріледі.

      Мейрам күндері - бұл барлық мекемелер мен кәсіпорындарда жұмыс істемейтін күн. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" заңына сәйкес - 16, 17 желтоқсанда атап өтілетін 16-шы желтоқсан - Тәуелсіздік күні (Ұлттық мерекелер) .

     Мемлекеттік мерекелер:

1,2 қаңтар - Жаңа жыл;

8  наурыз - Халықаралық әйелдер күні; 22 наурыз - Наурыз мейрамы;

1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі мерекесі;

9  мамыр - Жеңіс күні;

30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституциясы күні;

25 қазан - Республика күні;

16,17 қазан - Республиканың тәуелсіздік күні болып анықталған.

    Демалыс және мереке күндері сәйкес келген жағдайда мерекеден кейінгі жұмыс күні демалыс күні болады.

    Егер басқа нормативтік кесімдерде, жеке, ұжымдық шарттарда және жұмыс берушілердің кесімдерінде басқаша көзделмесе, ұзақтығы кемінде он сегіз күн болатын ақылы жыл сайынғы еңбек демалысы беріледі.

    Еңбек заңдары мынадай демалыстың түрін белгілейді: жыл сайынғы, қосымша, арнайы мақсаттарға арналған демалыс, жалақы сақталмайтын қысқа мерзімге берілетін демалыс.

    Еңбек демалысының күндеріне дәл келетін мереке күндерін есептемегенде, жыл сайынғы еңбек демалыстарының ұзақтығы, қолданылып жүрген жұмыс режимдері мен кестелеріне қарамастан, күнтізбелік күндермен есептеледі. Жұмыс істеген бірінші жылы үшін еңбек демалысы жеке еңбек шарты бойынша бірінші жұмыс жылы өткеннен кейін беріледі.

    Әйелдерге жүктілігі мен босануы бойынша, бір жарым жасқа дейінгі балалары бар аналарға, бала асырап алғандарға жалақы сақталмайтын, демалыстар беру мүмкіндіктері заңда қарастырылған.

    Әйелдерге жүктілігі мен босануы бойынша босанғанға дейінгі үзақтығы жетпіс күнтізбелік күнге, босанғаннан кейін елу алты (ауыр босанған немесе екі не одан да көп бала туған жағдайда жетпіс) күнтізбелік күнге демалыс беріледі. Есептеу жиынтықтап жүргізіледі және демалыс әйелдің ұйымда жұмыс істеу ұзақтығына қарамастан, жұмыс берушінің қаражаты есебінен жүк-тілігіне және босануы бойынша осы кезеңге төленген жәрдемақыны босанғанға нақты пайдаланған күндердің санына қарамастан толық беріледі.

    Жеке еңбек шартын бұзу кезінде, оның қандай негізде бұзылғанына қарамастан, өзінің жыл сайынғы еңбек демалысын алу құқығын пайдаланбаған қызметкерлерге өтемақы төленеді.

    Жүктілігі мен босануы бойынша демалыстан басқа әйелге оның өтініші бойынша баласы бір жарым жасқа толғанға дейін оған күтім жасау жөнінде жалақысы сақталмайтын қосымша демалыс беріледі. Қосымша демалыс уақыты ішінде оның жұмыс орны мен қызметі сақталады.

Еңбекті қорғау

      Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету ұлттык саясаттың еңбек саласындағы басты бағыттарының бірі болып табылады. Еңбекті қорғау қайғылы жағдайлардан және өндірісте жарақат алудан алдын ала сақтандыруға, қауіпті және залалды өндірістік факторларды мейлінше азайтуға бағытталған басты принциптер, меншік нысандарына қарамастан, шаруашылық қызметі мен кәсіпорындардың бәріне бірдей белгіленген және 1993 жылғы 22 қаңтардағы "Еңбек қоғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңында айқындалған.

     Осы Заңның 1-бабына сәйкес еңбекті қорғау тиісті заңдар мен нормативтік кесімдер негізінде жұмыс істейтін әлеуметтік-экономикалық, ұйымдық, техникалык, гигиеналық және емдеу-профилактикалық шаралар және еңбек процесінде адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, денсаулығы мен жұмыс қабілетін сақтайтын қаражаттар жүйесін білдіреді және т.б.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 каңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" жөніндегі заңы жұмыспен қамтылуды азаматтардың Конституциямен өзге де нормативтік құқықтық кесімдерге қайшы келмейтін және оларға табыс немесе кіріс келтіретін жеке және қоғамдық қажеттерін қанағаттандыруға байланысты қызметін айтады.    Бүл құжатта азаматтарды жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау (жұмысқа орналасуға жәрдемдесу, кәсіби даярлау, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және табысы аз азаматтарға жататын жұмыссыздарға заң кесімдеріне сәйкес мемлекеттік әлеуметтік көмек көрсету) және тағы басқа шаралар қарастырылған.

Еңбек даулары.

     Еңбек даулары тараптардың келісімі бойынша немесе сот тәртібімен қаралады. Сотқа дейін еңбек дауларын келісім комиссиясы қарай алады. Ол комиссия тараптардың бірлескен шешімі бойынша жұмыс берушілер мен қызметкерлердің саны тең өкілдерінен тепе-тең негізде құрылып, қызметкерлердің екілдері ұйымның жалпы жиналысында сайланып, жұмыс берушінің өкілдерін ұйым басшысы тағайындайды.

     Келісім комиссиясы арыз берушінің өтінішін ол берілген күннен бастап үш күн мерзім ішінде қарайды. Оны қарау нәтижелері бойынша шешім қабылданып, арыз берушіге беріледі. Арыз қанағаттандырылған жағдайда кінәлі жақ шешімді үш күн мерзім ішінде орындайды.

    Сот тәртібімен еңбек даулары 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу Кодексіне сәйкес жүргізіледі. Ерекше айта кететін жағдай, қызметкерлер еңбек құқықтық қатынастарды туындайтын талаптар бойынша сотқа жүгінген кезде олар мемлекет кірісіне сот шығындарын (мемлекеттік баж бен істің қаралуына байланысты шығындарды) төлеуден босатылады.

    Ұжымдық дауларды шешу тәртібі 1996 жылғы 8 шілде-дегі "Ұжымдық еңбек даулары және ереуілдер туралы" Қазақстан Республикасы заңымен көзделген. Осы заңда ұжымдық еңбек даулары деп жұмыс берушілер мен қызметкерлер ұжымдары арасындағы ұйымдарда еңбек ету жағдайы мен еңбек ақы төлеуді орнықтыру мен өзгертулер, ұжымдық шарттар мен келісімдер жасасу және олардың орындалуы жөніндегі, сондай-ақ қолданыстағы заңдардың, ұжымдық шарттар мен келісімдердің ережелерін қолдану мәселелері жоніндегі қайшылықтар ретінде түсінілетін ұғымдарға анықтама берілген. Заңда талаптарды шешу, рәсімдеу және мәлімдеудің, еңбек ұжымдарының талаптарын қараудың белгілі бір тәртібі көзделген.

    Аталған заң ұжымдық дауларды шешудің ереуіл сияқты ең шектен шыққан шарасын жеке ереуілдің басталу және созылу уақыты туралы, оны реттейді. Ереуіл - еңбек ұжымы мен жұмыс беруші арасындағы өздерінің әлеуметтік-экономикалық және кәсіби талаптарын қанағаттандыру үшін (жұмысқа шықпау, еңбек міндеттерін орындамау) еңбек ұжымы мүшелерінің белгілі бір мерзімге немесе еңбек ұжымының талаптарын жұмыс беруші қанағаттандырғанға дейін жұмысты толык немесе ішінара тоқтату арқылы білдіретін күрес шарасы.

    Ереуіл өткізу жөніндегі шешім, егер дау мәмлеге келу жолымен шешілмейтін жағдайда ғана шығарылуы мүмкін. Жарияламастан бұрын, жұмыс берушіге кем дегенде он бес күнтізбелік күн бұрын жазбаша түрде ескертуі тиіс.

 

Әлеуметтік қамсыздандырудың түрлері.

      Конституцияның 28-бабында "Қазақстан Республикасының азаматына жасына келген, науқастанған, мүгедек болған, асыраушысынан айрылған жағдайда және өзге де заңды негіздерде оған ең төменгі жалақы мен зейне-тақының мөлшеріне, әлеуметтік қамсыздандырылуына кепілдік беріледі. Ерікті әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтік қамсыздандырудың қосымша нысандарын жасау және қайырымдылық көтермеленіп отырады", - делінген.

     Азаматтардың ең төменгі жалақы және зейнетақы алу кепілдігі заңды түрде белгіленген, жалақы мен зейнетақының ең төменгі деңгейі анықталған және қамтамасыз етілген. Бұлардан басқа тағы да бір әлеуметтік норматив (зейнетақыны, жәрдемақыны, әлеуметтік төлемдер, айыппұл, салық басқа да төлемдерді есептеу үшін) "есептік көрсеткіш" қолданылады. Мысалы, 2002 жылғы 12 желтоқсандағы "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының заңына сәйкес зейнетақы мен жалақының ең төменгі мөлшері - 5000 теңге, ал айлық есептік көрсеткіш - 872 теңге болып белгіленген, ал 2004 ж. - 919 тенге.

    Жасы бойынша әлеуметтік қамсыздандыру "Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы заңымен реттеледі.

     Осы заңмен жасыпа сай зейнетақы тағайындау мен төлеудің мүлдем жаңа механизмі көзделген:

-  дербес жинақтаушы зейнетақы қорлары    арқылы зейнетақыны жинақтау;

-  1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі еңбек жылдарын есепке ала отырып зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік Орталықтан зейнетақы тағайындау.

    Мысалы, Орталықтан жасына байланысты толық зейнетақы төлемдері қазіргі кезде еркектер - 63 жаска, әйелдер 58 жаска толғанда тағайындалады, бірақ олардың еңбек стажы 1998 жылдың 1 қаңтарында еркектерде - 25, әйелдерде 20 жыл болуы тиіс.

   Зейнетақымен қамсыздандырудың басты принциптері:

-   дербес зейнетақылық жинақтау принципі;

-   зейнетақы жүйесін мемлекеттік реттеу;

-  азаматтардың зейнетақылық қорланудың мемлекеттік немесе мемлекеттік емес зейнетақылық қорларында жүзеге асырылуын таңдау құқығын қамтамасыз ету;

-   азаматтардың ең төменгі зейнетақы алу кепілдігі;

-  әр азаматтың еңбекке жарамды жасында зейнетақылық қор жинақтауға қатысу міндеттілігі;

-   еңбекке жарамды азаматтың өзін жасы ұлғайған кезіндегі зейнетақысымен өзі қамтамасыз етудегі жеке жауапкер-шілігі;

-  азаматтың ерікті түрдегі қосымша зейнетақымен қамсыздану құқығы болып табылады.

     Қолданылып жүрген заңдар әлеуметтік қамсыздандырудың түрлерінің қатарына қызметкерлерді жұмысқа уақытша жарамсыздығы, әйелдердің жүктілігі және босануы бойынша жәрдемақылармен қамсыздандыруды көздейді.

     Аталғандармен катар мүгедек болып қалған, асыраушысынан айрылған және өзге де заңды реттерде әлеуметтік қамсыздандыру "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылуы жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жөрдемақы туралы" 1997 жылғы 16 маусымдағы Қазақстан Республикасынын заңымен реттеледі.

      Заңмен анықталған мүгедектіктің әртүрлі санаттары: мүгедектіктің үш тобы - жалпы сипаттағы сырқаттығына, еңбек үстіндегі жарақат алуына, кәсіби сырқаттығына байланысты мүгедек болғандар, әскери қызметшілер арасынан мүгедек болғандар, экологиялық төтенше жағдайларға және т.б. зардаптарға байланысты мүгедек болып қалғандар тобы белгіленеді.

   Жұмысқа жарамсыздық деңгейіне орай дәрігерлік-әлеуметтік сараптау комиссиясы мүгедектік тобын белгілейді және мүгедектіктің барлық мерзіміне жәрдемақы тағайындайды.

   Мүгедектігі бойынша тағайындалатын жәрдемақылардың мөлшері мүгедектік тобына және мүгедектік санатына байланысты болады және жыл сайынғы Республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіш көлемінде көрінеді.

    Асыраушысының қайтыс болуын айғақтайтын, қайтыс болған адамның отбасы мүшелерінің жұмысқа жарамсыздығын, қайтыс болған адамның отбасындағы жұмысқа жарамсыз мүшені қайтыс болған адамның қамқорлығында болғанына жатқызу фактілерін құрайтын күрделі заңдық құрам асыраушысынан айрылуына байланысты жәрдемақы алудың негіздемесі болып табылады.

Әлеуметтік қамсыздандыруға өзге де заңдық негізде азаматтарға жасына байланысты жәрдемақы мен төлеуді жатқызған жөн. Жасына байланысты азаматтарға зейнетақы төлеу жөніндегі Мемлекеттік орталықтан, жасы ұлғайған кезде зейнеткерлік жинақ қорларынан зейнетақы төлемдеріне "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы заңымен белгіленген құқық жок болған не ең темен зейнетақы мөлшерінен кем мөлшерде зейнеткерлік төлемдер алған кезде тағайындалады.

   Міндетті әлеуметтік сақтандыру. Бүл мәселе 2003 жылдың 25 сәуірінде қабылданған "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының заңымен реттеледі. Заң 2005 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізілетінін айта кеткен жөн болар еді.

    Осы Заң азаматтарды әлеуметтік қорғаудың мемлекет жүзеге асыратын нысандарының бірі ретіндегі міндетті әлеуметтік сақтандырудың кұқықтық, экономикалық және ұйымдық негіздерін белгілейді.

    Міндетті әлеуметтік сақтандыру еңбек ету қабілетінен, асыраушысынан және жұмысынан айрылған жағдайларда беріледі. Жұмыс істейтін зейнеткерлерді қоспағанда, (Қазақстан аумағында түрақты тұратын және біздің елде табысы бар шетелдіктер мен азаматтығы жоқтарды қоса алғанда), өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар міндетті әлеуметтік сақтандырылуы тиіс және т. б.

     Міндетті әлеуметтік сақтандыру - еңбек ету қабілетінен айырылуына және жұмысынан айырылуына, сондай-ақ асыраушысынан айырылуына байланысты кірістің бір бөлігін өтеу үшін мемлекет ұйымдастыратын, бақылайтын, кепілдік беретін шаралар.

 

Студенттің білімін пысықтау сұрақтары.

        1.ҚР еңбек құқығының негізгі принциптері.

        2.Тәртіптік жазаның түрлері.

        3.Асыраушысынан айырылғандағы жәрдем ақы.

 

1.Мемлекет және құқық негіздері. Баянов Е. Алматы. 2001

2.Мемлекет және құқық негіздері. Сапарғалиев Ғ. Алматы. 2004

3.Мемлекет және құқық негіздері. Баймаханов М.Т. Алматы. 2001

4.Мемлекет және құқық негіздері. Абдуллина З.К. Алматы. 2001

5.Құқық негіздері. Баққұлов С.Д. Алматы. 2004

6.Егемен Қазақстан құқығы. Ашитов З.О. Алматы. 2004

7.Назарбаев Н.Ә. Қазақстан – 2030 .Алматы. 1997

 

         ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ЖЕР  ҚҰҚЫҒЫ  НЕГІЗДЕРІ

   12. Қазақстан Республикасының экология құқығы

   12.1. Экология құқығының ұғымы

   12.2. Табиғатты және оның құрамдас бөліктерін құқықтық қорғау

   12.3. Жер құқығының негіздері

Экология құқығының ұғымы

       Экология  терминін  1966 жылы неміс  ғалымы Э.Геккель   енгізді. Грек  тілінен  аударғанда  ол "ойкос"  ұй тұратын  жер  логос  ғылым  деген  мағынаны  білдіреді. Яғни, экология  дегеніміз жанды  организімдердің  тіршілік  ортасымен  арақатынасын  зерттейтін  биологиялық  ғылым.  Ал  кәзіргі  заманда экология  табиғат  пен  қоғам  арақытанысн  зерттейтін  ғылымға  айналған. Табиғатты  қорғау, сақтау, оны  қалыпына  келтіру, табиғи  ресурстарды  ысырапсыз  пайдалану  әрбір  азаматтың  міндеті. Ал  оны  жүзеге  асыру тәсілі-айналадағы  табиғи  ортаны  құқықтық  қорғаумен  атқарылады.

Сонымен  ҚР экология  құқығы  деп  айналадағы  табиғи  ортаны  қорғауға  байланысты  қоғамдық қатынастарды  реттейтін  құқықтық  ережелердің  жиынтығын  зерттейтін  ғылым  саласы.

 Экология  құқығы  әдістемелік  жағынан  екіге  бөлінеді: жалпы  және  ерекше  бөлім.

Жалпы  бөлімде  мыналар  қарастырылады:

а/ экология  құқығының түсінігі, тақырыбы.

б/ экология  құқығының  объектілері, принциптері.

в/экология  құқығының  тарихы, негіздері.

г/Азаматтың  табиғатты  пайдалану  құқығы.

д/айналадағы  табиғы  ортаны  пайдалану  мен  қорғауды  мемлекеттік  бақылау және  қадағалау

е/ экология  туралы  Заңды  бузғандығы  үшін  жауаптылық.

Ал  ерекше  бөлімде  қарастырылады:

а/ жердің  құқықтық  жағдайы  және  қорғау.

б/ жер  қойнауының  құқық  жағдайы  және оны  қорғау.

в/ судың  құқықтық  жағдайы  және  оны  қорғау.

г/ орманның  құқықтық  жағдайы  және  оны  қорғау.

д/ атмосфералық ауаны  құқықтық  қорғау.

е/ жануарлар  дуниесін  қорғау, оның  өсімін  молайту, пайдалану.

ж/ табиғатты  халықаралық  құқықтық  қорғау.

ҚР экология  құқығының  негіздері  бұл  айналадағы  табиғи  ортаны  қорғау, оны  пайдалану, сапасын  арттыру  және табиғи ресурстар  жөніндегі қоғамдық  қатынастарды  реттейтін  актінің  жиынтығы. Экология  құқығының  негіздер  ішінде  ерекше  орын  алатын Конституция.

1. Адамның  өмірі  мен  денсаулығын  қорғау  қызметі.

2. Айналадағы  табиғи  ортаға  ұқыпты  қарау және  айналадағы  табиғи  ортаға  зиянды  зардап  жасауын  шектеу.

3. Табиғат  қорғау  заңдарын  бұзған  жағдайда  айналадағы  табиғи  ортаға,  азаматтарға  келтірілген зиянды  толық  өтеу.

4. Табиғи  ресурстарды үнемдеу.

5. Айналадағы  табиғи  ортаны  қоғау  туралы  заң  талаптарын  қатаң  сақтау,оны  бұзғаны  үшін  жауапқа  тартуды  қадағалау. 

Табиғи  ресурстар-азық  түлік, дәрі  дәрмек,киім, құрылыс  материалдары, тағы  басқа  пайдалы  заттар алынатын байлық көздері.Табиғи ресурстар:қалыпына  келетін, жаңартылатын, сарқылатын  қалпына  келмейтін  жаңартылмайтын, сарқылмайтын болып  бөлінеді. Мысалы, топрақтың  құнарлығы, орман  қалпына  келтіргенге, жаңартылғанға, кең  қалпына  келмейтінге, су  сарқылатынға  жатады. Семей  ядролық  сынақ  полигонында  40 жыл  бойы 500 жуық  ядролық  қаруды  сынау  жүргізіліп  адамның  денсаулығына, айналадағы  табиғи  ортаға  орасан  зор зиян  келді, халық  арасында  ауру  сырқау  өлім  көбейді. Шығыс  Қазақстан Семей  аумағымен  Павлодар  және  Қарағкнды  облыстарының  полигонға  жақын жатқан  аудандары экологиялық  апат  аймағы  деп  жарияланды. Арал проблемасы  да  планетаның орасан  зор  экологиялық апатты  ретінде  сипат  алып  отыр.

1949-1963 жыл  аралығында 25 рет  жер  ұстінде, 19 рет  ауада өткізілді. 1963-1989  жыл  ақпанына  дейін  343 рет  жер  асты  ядролық сынағы  өткізілді. Соның  салдарынан  атом  сынағы  болған  аймақта адамның  қанында  қызыл  түйіршіктер  азайып, олардың  бойындағы  хромосомдық  өзгерістер  төрт-бес  есеге  арттқан. 1969 жылы  кейін  облыста  аққан  ауруымен  науқастанып  қайтыс  болғандар  саны үщ  есеге  көбейген. Дүниеге келген  нәрестелердің  ақыл  ойы, дене  мүшесі  кемтар  болып  туылуының   салдары  да  осы.Мұндай  полигон  Батыс  Қазақстан  облыс  орда  және  Жаңа  қала  аудандардан  1 млн. 555мың 642 га  жерін  алған. Онда  екі  полигон  ораналастырып  төрт  рет  ядролық  жарылыс  жасалған. Атырау  облысы  Азғыр  және Тайсойған  өңіріндеде  осындай  полигондар  жұмыс  істейді. 1991жылы  29 тамызда Семей  ядролық  сынқ  полигонын  жабу  туралы ҚР Президентінің  Жарлығы  шықты.

Табиғатты және оның құрамдас бөліктерін құқықтық қорғау

Мемлекет және қоғам түрлі биологиялық, химиялық физикалық, санитарлық-гигиеналық және басқа да әдістерді қолдана отырып қоршаған ортаны қорғауды камтамасыз етеді. Қоршаған табиғи ортаны құқықтық қорғау - бұл мемлекеттің экологиялық функциясы көрінетін табиғатты қорғау қызметінің бір әдісі. Ол қоршаған табиғи ортаны қорғауға бағытталған заңдарды, қаулыларды, басқа да нормативтік-құқықтық актілерді шығарудан және қолданудан тұрады. Біздің мемлекетімізде «Қазақстан Республикасы экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы», «Қоршаған ортаны қорғау туралы», «Экологиялық сараптама» заңдары және басқа да көптеген нормативтік актілер қабылданды.

Қоршаған ортаны қорғау - бұл табиғат пен адамның өзара үйлесімді іс-қимылына, қоршаған ортаның сапасын жақсартуға, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен толықтыруға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық шаралар жүйесі.

«Қоршаған ортаны қорғау туралы» заңда қоршаған ортаны қорғаудың басты қағидалары көрсетілген. Коршаған ортаны қорғау келесі басты қағидаларды негізге ала отырып жүргізіледі:

1) адамның өмірі мен денсаулығын қорғаудың басымдығы, халықтың өмірі, еңбегі мен демалысы үшін қолайлы қоршаған ортаны сақтау және қалпына келтіру.

2) Қазақстан Республикасының нарықтық қатынастар жағдайында тұрақты дамуға көшуі, адамдардың қазіргі және болашақ ұрпақтарының салауатты және қолайлы қоршаған ортаға деген қажеттерін қанағатгандыру мақсатында коршаған ортаның әлеуметтік-экономикалық міндеттері мен проблемаларын теңдестіре отырып шешу;

3) экологиялық жағдайы қолайсыз аумақтардағы экологиялық қауіпсіздікті камтамасыз ету және бұзылған табиғи экологиялық жүйелерді қалпына келтіру;

4) табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және молықтыру, табиғатты пайдаланғаны үшін кезең-кезеңмен ақы төлеуді енгізу және қоршаған ортаны қорғауға экономикалық жағынан ынталандыруды енгізу;

5) биологиялық алуан түрлілікті және экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше маңызы бар қоршаған орта объектілерін сақтауды қамтамасыз ету;

6) қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды мемлекеттік реттеу мен мемлекеттік бақылау, оларды бұзғаны үшін жауапкершіліктің ымырасыздығы;

7) қоршаған ортаға нұқсан келтіруге жол бермеу, қоршаған ортаға ықпал ету мүмкіндігін бағалау;

8) халықтың, қоғамдық бірлестіктер мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қоршаған ортаны қорғау саласына белсенді түрде және демократиялық жолмен қатысуы;

9) халықаралық құқық негізінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық.

Қоршаған табиғи ортаны қорғаудың құқықтық әдісі дегеніміз экологиялық құқықтық қатынастарды реттеу мақсатында қолданылатын тәсілдердің жиынтығы. Оларға мыналар жатады:

а) қорғауға жататын, табиғи объектілерді белгілеу;

б) табиғат объектілерін қорғауды бекітетін, шектейтін, рұқсат беретін міндетті ережелері мен талаптарды анықтау;

в) олардың сақталуы мен орындалуын бақылау;

г) қоршаған табиғи орта заңдарын бұзғаны үшін жауапкершілік және шығындарды өтеу шараларын жүзеге асыру.

Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жойып жіберуден, бүлінуден, зақымданудан, азып-тозудан, ластанудан, ұтымды пайдаланбаудан және өзге де зиянды ықпал етуден: жер, оның қойнауы, су, атмосфералық ауа, ормандар мен өзге де өсімдіктер, жануарлар дүниесі, табиғи экологиялық жүйелер, климат және жердің озонды қабаты қорғалуға тиіс. Экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды қоршаған ортаның объектілері, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтар да ерекше қорғалуға жатады.

Жер құқығының негіздері

Жер құқығы – жер қатынастарын реттейтін, мемлекет орнатқан, құқықтың бір саласы болып табылатын құқықтық нормалардың жиынтығы.

Қазақстан Республикасының жер заңдары мына принциптерге негізделеді:

- Қазақстан Республикасы аумағының тұтастығы, қол сұғылмаушылығы және бөлінбейтіндігі;

- жерді (табиғи ресурс), Қазақстан Республикасы халқының өмірі мен қызметінің негізі ретінде сақтау;

- жерді қорғау және ұтымды пайдалану;

- экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

- жерді нысанды пайдалану;

- ауыл шаруашылығына арналған жердің басымдылығы;

- жерді ақы төлеп пайдалану және т. б.

Еліміздің жер қоры ауыл шараушылығы мақсатындағы, елді мекендердің (қалалардың, поселкелер мен ауылдық елді мекендердің) жері және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған жер, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері, сауықтыру мақсатындағы, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жер, орман қорының және босалқы жер санаттарына бөлінеді.

Қазақстанда жер мемлекеттік және жеке меншікте болады. Осы кездегі пайдаланып жүрген нормативтік-құқықтық кесімдерге сәйкес жер учаскелері Қазақстан Республикасының азаматтарының отбасына мынадай мөлшерде тегін беріледі:

- ауылдық жерде өзіндік немесе қосалқы үй шаруашылығын жүргізу үшін - суарылмайтын жердегі 0,25 гектар және суарылатын жерде 0,15 гектар;

- жеке тұрғын үй құрылысы үшін - 0,10 гектар;

-         бағбандық, сондай-ақ саяжай құрылысы үшін -0,12 гектар.

 

Студенттің білімін пысықтау сұрақтары.

        1.Экология құқығының маңызы.

        2.Қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығы.

        3.Жерге меншік құқығы.

 

1.Мемлекет және құқық негіздері. Баянов Е. Алматы. 2001

2.Мемлекет және құқық негіздері. Сапарғалиев Ғ. Алматы. 2004

3.Мемлекет және құқық негіздері. Баймаханов М.Т. Алматы. 2001

4.Мемлекет және құқық негіздері. Абдуллина З.К. Алматы. 2001

5.Құқық негіздері. Баққұлов С.Д. Алматы. 2004

6.Егемен Қазақстан құқығы. Ашитов З.О. Алматы. 2004

7.Назарбаев Н.Ә. Қазақстан – 2030 .Алматы. 1997

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰЫҚЫҒЫ

   13. Қылмыстық құқық негіздері

   13.1. Қылмыстың ұғымы, қылмыстың белгілері, құрамының элементтері.

   13.2. Қылмыстық  әрекеттерді  болдырмайтын,  жауапкершілікті   ауырлататын, жауапкершілікті  жеңілдететін мән- жайлар.

   13.3.Қылмыс жасау  сатылары. Қылмыстық  жаза: түсінігі,  белгілері мен мақсаты.

Қылмыстық құқықтың  ұғымы.

     Қылмыстық құқық жеке құқық саласы ретінде адамды, оның құқыктары мен бостандақтарын, қоғамды және мемлекетті қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауға бағытталған қоғамдық қатынастарды реттейді. Мұндай реттеу үш түрлі жолмен жүзеге асырылады.

     Біріншіден, қылмыстық құқық нормасы арқылы қоғамдық қатынастарды реттеу функциясы болып табылады. Бұл қатынас қылмыстың істелуіне байланысты қылмыс жасаған адам мен мемлекет арасында пайда болады.

     Екіншіден, қылмыстық құқық нормасы арқылы жазамен қорқытып, тыйым салынған іс-әрекеттерді істеуге байланысты коғамдық қатынастар реттеледі.

     Үшіншіден, қылмыстық құқық қылмыстық құқықтың нормасы арқылы азаматтарға кылмыстық жолмен қиянат келтіргенде, олардың одан қорғануына байланысты қатынастарын ретке келтіреді. Мысалы: Қажетті қорғану, мәжбүрлі қажеттілік немесе қылмыскерді ұстауда әрбір азамат заңда белгіленген тәртіппен қорғануға құқылы. Бұл мәселе тек қылмыстық құқықтық норма арқылы реттеледі.

       Қылмыстық құқық заң шығарушы органдар қабылдаған қылмыс пен жаза, қылмыстық жауаптылық негізі, жаза жүйелерін, жазаны тағайындаудың тәртібі мен шарттарын, сондай-ақ қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатуды белгілейтін заңдылық нормалардың жиынтығы болып табы­лады.

      Қылмыстық құқық Жалпы және Ерекше бөлімнен тұрады.

      Қылмыс пен жаза туралы ұғым, қылмыстық заңның түсінігі, міндеттері, қылмыстық жауаптылықтың негізі және одан босату, қылмыс құрамының түсінігі, қылмыстық заңның кеңістіктегі және мезгілдегі күші, іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігін жоятын мән-жайлар туралы түсініктер, сондай-ақ қылмыс істеу сатылары туралы ұғыммен, қылмысқа бірге қатысу, жазаның мақсаты және жүйелері, жаза тағайындаудың немесе қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың мәселелері осы Жалпы бөлімде зерттеледі.

     Ерекше бөлімде нақты қылмыс құрамдары және оларды істегені үшін белгіленген жаза түрлері көрсетіледі.

     Басқа құқық салалары сияқты қылмыстық құқықтың да негізгі заңдылық базасы - Қазақстан Республикасының Конституциясы болып табылады. Қылмыстық құқықтың ережелері мен институттарының мазмұны қолданылып жүрген қылмыстық құқықтың нормаларында, атап айтқанда Жоғарғы Соттың нормативті қаулыларында, 1997 жылғы 16 шілдеде қабылданған Қылмыстық кодексте және т. б. нормативтік кесімдерде анық көрсетілген.

     Қылмыстық кодекстің 2-бабына сәйкес қылмыстьщ заңдардыц міндеттері болып:

1. Адам    мен    азаматтың    құқықтарын,    бостандықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті,  қоршаған  ортаны,   Қазақстан  Республикасының   конституциялық   құрылысы   мен   аумақтық тұтастығын, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін   қылмыс-тық   қол    сүғушылықтан   қорғау, сондай-ақ қылмыстар-дың алдын алу болып табылады.

2. Бұл    міндеттерді    жүзеге     асыру    үшін    осы Кодекс-те қылмыстық жауаптылық негіздері белгіленеді, жеке адам, қоғам немесе мемлекет үшін қауіпті қандай әрекеттер   қылмыс   болып   табылатыны   айқындалады, оларды жасағаны үшін жазалар мен өзге де қылмыстық ықпал ету шаралары белгіленеді делінген.

     Қылмыстық құқық өзінің алға қойған қорғаушылық, сақтандырушылык және тәрбиелік міндеттерін тек қана белгілі бір қылмыстық-құқықтық принциптерін сақтау арқылы жүзеге асырады.

     Бұл прищиптерге: заңдылық қағидасы, азаматтардың заң алдында теңдігі, жауаптылықтан құтылмайтындық принципі, жеке жауаптылық қағидасы, әділеттілік, ізгілік принциптері, кінәсіздік презумпциясы және т. б. жатады.

Қылмыстық заң - Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Республика Парламенті қабылдаған құқылық кесім болып табылады. Жеке адам мен қоғам арасындағы қақтығыстардың кайсысының қоғамға қауіптілік дәрежесінің басым екендігін анықтау және оған осы мәселеде қылмыстық құқылық шараларды қолдану арқылы осы қатынастарды реттеу - қылмыстык заңның негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.

     Қылмыс әр уақытта да белгілі бір іс-әрекеттердің (әрекет немесе әрекетсіздіктің) көрінісі, нәтижесі болып табылады. Әрекет дегеніміз адамның кылмыстық заң тыйым салған  нәрселерді істеуі, ал әрекетсіздік дегеніміз адамның заң, нормативтік кесімдер, нұсқаулар немесе арнаулы жарлықтар, бұйрықтар бойынша өзіне жүктелген міндетін орындамауы.

     Адамның қылмысқа қайшы немесе оған кайшы емес мінез-құлқы оның ойлау жүйелері арқылы, содан соң белгілі бір іс-әрекеттер арқылы көрініс береді. Ондай нақты іс-әрекеттер арқылы көрініс таппаған, жүзеге аспаған ойлар, пікірлер соншалықты қатерлі болғанына қарамастан, қылмыс деп есептелмейді.

     Сонымен, қылмыстық заңдармен жазалау катерімен тыйым салынған айыпты қоғамдық қауіпті әрекет (іс-әрекет немесе әрекетсіздік) қылмыс деп аталады. Осы анықтамадан қылмыстық құқыққа қайшылық, қоғамға қауіптілік, кінәлілік, жазаланушылык қылмыстың белгілері екендігі көрініп түр.

     Қылмыстың санаттары. Қылмыс санаттары деп оларды нақты белгілері бойынша топқа бөлуді айтамыз. Қылмыстар - сипатына және қоғамға кауіптілік дәре-жесіне және кінәнің түріне байланысты онша ауыр емес, ауырлығы орташа, ауыр және аса ауыр санаттарға бөлінген.

Қылмыстық кодекстің 10-бабына сәйкес жасалғаны үшін осы Кодексте көзделген ең ауыр жаза (бас бостандығынан айырудан):

қасақана жасалған әрекет - екі, абайсызда жасалған әрекет бес жылдан аспайтын болса - онша ауыр емес деп саналады;

қасақана жасалған әрекет - бес, абайсызда жасалған әрекет те бес жыллдан аспайтын болса - орташа ауыр;

қасақана    жасалған    әрекет    он    екі    жылдан аспайтын болса - ауыр;

қасақана жасалған әрекет он екі жылдан аспайтын болса немесе өлім жазасы козделсе - аса ауыр қылмыс деп танылады.

Қылмыстың құрамы

Қылмыс құрамы дегеніміз, әрекеттің қылмыс ретінде қоғамға қауіптілігін сипаттайтын объективтік және субъективтік белгілердің жиынтығы. Қылмыс құрамы - заңдық ұғым, ал қылмыс - адам әрекетінің бір түрі.

Қылмыс құрамы тек бір ғана қылмыста емес, барлық қылмыста ұшырасатын белгілердің жиынтығын құрайды.

Объективтік белгілердің жиынтығына қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастар (қылмыс объектісі) және қоғамға қауіпті әрекет, зардап, жасалу орны, уақыты т. б. сияқты қылмыстың сыртқы көріністері кіреді.

Ал субъективтік белгілердің жиынтығына қылмыс жасаушының белгілері (кылмыс субъектісі) және жасаушының әрекетті оны зардапқа техникалық қатысын көрсететін (субъективтік жақ) белгілер енеді.

Қылмыс құрамының төрт элементі бар. Жоғарыда аталғандай белгілер осы төрт элементтін маңайында шоғырланады.

Олар:

1. Қылмыс объектісі;

2. Қылмыстың объективтік жағы;

3. Қылмыс субъектісі;

4. Қылмыстың субъективтік жағы.

Қылмыс құрамының белгілері қажетті (немесе міндетті) және факультативті (міндетті емес) белгілер болып екіге бөлінеді. Осыған сәйкес элементтің қажетті және факультативті белгілері бар.

Қылмыс құрамының элементтері

Қажетті белгілер

Факультативті (қосалқы) белгілер

1. Қылмыс объектісі

Қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастар

Қосымша объектіге байланысты қорғалатын қоғамдық қатынастар; қылмыс заты.

2. Қылмыстың объективтік жағы

Қоғамға қауіпті іс-әрекет немесе әрекетсіздік

Қоғамға қауіпті зардап, әрекет пен зардаптың арасындағы себепті байланыс; қылмыс жасалу жолы, уақыты, орны, жағдайы, құралы мен қаруы.

3. Қылмыс субъектісі

Есі дұрыс, жасы он алтыға (кей қылмыстар үшін он төртке) толған адам

Арнайы субъектіні сипаттайтын белгілер: лауазымды адам; туыстық қатынасы бар адам; тек ер адам, тек әйел адам; тек ҚР азаматы т. б.

4. Қылмыстың субъективтік жағы

Кінә (абайсыздық немесе қасақаналық)

Мотив мақсат, эмоциялық жағдай

Қылмыс құрамының төрт элементінің қажетті белгілері - қылмыс құрамын ұстап тұрған төрт таған іспетті. Егер төрт тағанның біреуі жоқ болса (яғни қажетті белгілердің бірі жоқ болса) әрекет қылмыс болып «тұруы» мүмкін емес. Дегенмен, егер заңда қосалқы белгілердің біреуі көрсетілсе, дәл сол қылмыс құрамы үшін ол белгі міндетті болып табылады. Оның жоқтығы дәл сол қылмыс құрамының толыққанды еместігін, басқа қылмыс құрамына жататындығын көрсетеді. Мысалы, 98-бап. Жан күйзелісі жағдайында болған адамның кісі өлтіруі. Заң қылмыстың субъективтік жағы бойынша кінәмен қоса эмоциялық белгіні - жан күйзелісін (аффектіні) келтіріп отыр. Мұндай белгінің (аффектінің) болмауы қылмысты 98-бап бойынша емес, абайсызда (101-бап) немесе қасақана (96-бет) кісі өлтіру деп дәрежелеуге әкеледі.

Кейде қосалқы белгілер қылмыстык жауаптылықты ауырлатуға немесе жеңілдетуге бағыттайды. Сол себепті қылмыстық құқық теориясында негізгі қылмыс құрамын, жауаптылықты ауырлататын мән-жайларымен берілген қылмыс құрамын және жауаптылықты жеңілдететін мән-жайларымен берілген қылмыс құрамын бөліп көрсетеді.

Белгілерді баяндау жолына байланысты қылмыс құрамы қарапайым (бір әрекет, бір объект) және күрделі (қос объектімен, қос әрекеттен, кінәнің кос нысанымен) құрамға бөлінеді.

Қылмыс құрамы құрастырылуына байланысты материалдық және формальды құрам болып жіктеледі.

Материалдық құрамда қылмыстың аяқталу сәті қоғамға қауіпті зардаптың тууына байланысты болса, формальды құрамда зардапты тосып жатпай-ақ, қоғамға қауіпті әрекетті жасаудың өзі қылмыстың аяқталғандығын көрсетеді (мысалы, қарақшылық 179-бап, бандитизм 237-бап).

Қылмыс құрамының қылмысты дәрежелеу (квалификацаялау) үшін де ойып алар орны бар. Қылмысты дәрежелеу дегеніміз - жасалған қоғамға қауіпті әрекет (қылмыс) белгілерінің ҚК Ерекше бөлімінде көрсетілген нақты қылмыс құрамының белгілеріне толық сәйкес келуі. Дұрыс дәрежелемеу заңдылықтың бұзылуына әкеп соқтырады.

Қылмысты дұрыс дәрежелеу үшін, біріншіден, қылмыстың нақты жайларын анықтау, екінші, тиісті қылмыс құрамының ешқаңдай белгісін назардан тыс қалдырмау, үшіншіден, жоғарыдағы белгілердің толық сәйкестігін орнату қажет. Қылмысты дәрежелеу белгілі бір бапқа сілтеме жасау жолымен болады. Егер бап бөліктерден, яғни тармақтардан тұрса, тиісті бөлікке немесе тармаққа сілтеме жасау керек.

 

Студенттің білімін пысықтау сұрақтары.

1.Қылмыстың құрамының элементтерінің болуы нені түсіндіреді?

2.Қылмысқа қатысушылар, оларды жазалау ерекшеліктері.

3.Қылмысты дұрыс дәрежелеудің маңызы.

 

1.Мемлекет және құқық негіздері. Баянов Е. Алматы. 2001

2.Мемлекет және құқық негіздері. Сапарғалиев Ғ. Алматы. 2004

3.Мемлекет және құқық негіздері. Баймаханов М.Т. Алматы. 2001

4.Мемлекет және құқық негіздері. Абдуллина З.К. Алматы. 2001

5.Құқық негіздері. Баққұлов С.Д. Алматы. 2004

6.Егемен Қазақстан құқығы. Ашитов З.О. Алматы. 2004

7.Назарбаев Н.Ә. Қазақстан – 2030 .Алматы. 1997

 

14. Қазақстандағы  сыбайлас  жемқорлықпен  күресу

   14.1.Сыбайлас жемқорлықпен күресу қағидаттары.

   14.2.Сыбайлас  жемқорлық  қылмыстарының  субъектілері.

   14.3.Сыбайлас жемқорлықпен байланысты  қылмыстарды жасағаны  үшін        

  жауапкершілік.

Жемқорлықпен күрестің негізгі қағидалары

 Мемлекеттік міндеттерді атқаратын адамдар, сондай-ақ оларға теңес-тірілген адамдардың лауазымдық өкілеттігін және соған байланысты мүмкін-діктерді пайдалана отырып, жеке өзі немесе делдалдар арқылы заңда көздел-меген мүліктік игіліктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игіліктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруі арқылы оларды сатып алуы сыбайлас жемқорлық деп ұғынылады.

Қағидалары: 1.барлық адамдардың заңмен сот алдында теңдігі; 2.мемле-кеттік органдардың қызметін анық құқықтық регламенттеу, заңдылығы мен жариялығын, оған мемлекеттік және қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету; 3.мемлекеттік аппараттың құрылымдарын, кадр жұмысын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын мәселелерді шешу рәсімдерін жетілдіру.

Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтар үшін, барлық лауазымды адамдар, депутаттар, судьялар, мемлекеттік міндеттерді атқаруға уәкілдік берілген өзге де адамдар және соларға теңестірілген адамдар жауапты болады. Мемлекеттік міндеттерді атқаруға уәкілдік берілген өзге адамдарға: 1) мемлекеттік қызмет туралы заңдарына сәйкес барлық мемлекеттік қызметшілер; 2) құқық қорғау органдары мен арнаулы қызметтердің лауазымды адамдары.

Заңда, мемлекеттік міндеттерді атқаруға уәкілдік берілген адамдар: 1.Жергілікті өзін-өзі басқару органдарына сайланған адамдар; 2. Заңда белгі-ленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Президенттігіне, Парламент, маслихат депутаттығына, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару сайланбалы органдарының мүшелігіне үміткерлер ретінде тіркелген азаматтар; 3. Жергі-лікті өзін-өзі басқару органдарында тұрақты немесе уақытша жұмыс істейтін қызметшілер; 4. Мемлекеттік ұйымдардың немесе жарғылық капиталында мемлекеттік меншіктің жиынтық үлесі кемінде отыз бес процент құрайтын ұйымдардың лауазымды адамдары теңестіріледі.

Мемлекеттік міндеттерді атқаруға уәкілетті адамдар немесе соларға теңестірілген адамдардың мынадай әрекеттер сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтар болып табылады.

1) басқа мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметіне заңсыз араласу.

Игіліктер мен артықшылықтарды заңсыз алуға байланысты сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтар мыналар болып табылады:

1)     Жеке тұлғалардан ақша, көрсетілген қызмет және өзге де нысандар түрінде кез-келген сыйақы қабылдау: бұл жағдайда уәкілетті адамның  шотына келіп түскен ақша қаражатын екі аптадан аспайтын мерзім ішінде салық органына мұндай қаражат түсуінің мән-жайы туралы түсініктеме беріп, ақшаны республикалық бюджетке аударылуы тиіс;

2)     Қызметі бойынша өздеріне тәуелді адамдардың сыйлықтарын алу немесе қызметін қабылдау. Түскен сыйлықтардың адресатын білмей сондай-ақ өзінің тиісті қызметтерін атқаруына байланысты алған сыйлықтарды жеті күн ішінде арнаулы мемлекеттік қорға тегін өткізуі тиіс. Ал адамға нақ сондай жағдайлар кезінде көрсетілген қызметі үшін республикалық бюджетке ақша қаражатын аудару арқылы ақы төлеуге тиіс;

3)     Мемлекет ішінде және шетелдік туристік саяхат,  емдеу сауықтыру және басқа да сапарлардың ұсынысын жеке және заңды тұлғалардың есебінен барып-қайту;

4)     Кредит алу, құнды қағаздарды сатып алу, жылжымайтын өзге мүліктерді сатып алуда қарыздар алу.

 

            Студенттің білімін пысықтау сұрақтары.

                    1.Сыбайлас жемқорлықпен күресетін орган.

                    2.Сыбайлас жемқорлықты болдырмау жолдары.

 

1.Мемлекет және құқық негіздері. Баянов Е. Алматы. 2001

2.Мемлекет және құқық негіздері. Сапарғалиев Ғ. Алматы. 2004

3.Мемлекет және құқық негіздері. Баймаханов М.Т. Алматы. 2001

4.Мемлекет және құқық негіздері. Абдуллина З.К. Алматы. 2001

5.Құқық негіздері. Баққұлов С.Д. Алматы. 2004

6.Егемен Қазақстан құқығы. Ашитов З.О. Алматы. 2004

7.Назарбаев Н.Ә. Қазақстан – 2030 .Алматы. 1997

                   

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫ

   15. Қылмыстық және азаматтық істер жүргізу құқығы

   15.1. Қылмыстық іс жүргізу сатылары

   15.2. Азаматтық іс жүргізу құқығының ұғымы

   15.3. Азаматтық іс жүргізу құқығының қайнар көздері

Қылмыстық іс жүргізу сатылары

Жалпы алғанда, қылмыстық іс жүргізудің сотқа дейін болатын және істің сотта өтетін кезеңдері ажыратылады. Дегенмен, қылмыстық іс жүргізуді толық түсіну үшін ол осындай кезеңдерден тұрады деп қарау жеткіліксіз. Дәлірек айтқанда, қылмыстық іс жүргізу басқа да бірнеше кезеңдерге бөлінеді. Олар қылмыстық іс жүргізудің сатылары деп аталады. Ол сатылар былайша аталады: 1) қылмыстық іс қозғау; 2) алдын ала тергеу (анықтама және алдын ала тергеу); 3) бірінші сатыдағы сотта іс жүргізу; 4) кассациялық (апелляциялық) сатыда іс жүргізу; 5) үкімді орындау. Бұл аталғандар қылмыстық іс жүргізудің негізгі сатыларына жатады, яғни, жалпы ереже бойынша, әр қылмыстық іс осы сатылардан өтеді. Аталған сатыларды қылмыстық іс жүргізудің жеке кезеңдері деп түсінуге болады және олардың әрқайсысының өзіне тән міндеттері мен ерекшеліктері бар. Сондықтан ол сатылардың әркайсысына бөлек тоқталу қажет.

Қылмыстық іс қозғау сатысы. Әр қылмыс бойынша іс жүргізу осы сатыдан басталады. Бұл сатының мәнісі — өкілетті органдардың, олардың лауазымды адамдарынын қылмыстың белгілері ашылған әр кезде іс жүргізуді бастау туралы тез арада шешім (қаулы) шығарулары қажет. Қылмыстық іс қозғау туралы шешім болса ғана одан әрі қылмыстық іс жүргізу қызметі толық көлемде атқарылады, яғни алдын ала тергеу немесе анықтама жүргізу арқылы істелген қылмыстың мән-жайларын ашу мүмкін болады. Қылмыстық іс қозғау өкілеттігі прокурорға және алдын ала тергеу жүргізу органдарына (тергеуші, анықтама органдары) берілген. Бірақ, заңға сәйкес, кейбір ауыр емес қылмыстар жөнінде іс қозғау жәбірленушінің шешуіне берілген, яғни жәбірленуші арыз берген жағдайда ғана қылмыстық іс қозғалады. Мұндай істер жеке айыптау істері деп аталады және ондай істерге жататын қылмыстардың тізбегі заңда көрсетілген.

Алдын ала тергеу сатысы. Бұл әр қылмыстық істі тез және толық ашып, айыпты адамды қылмыстық жауапқа тарту мақсатында қолданылатын және заңмен реттелген тергеуші мен анықтама органдарының қызмет жүйесі болып табылады. Қылмыстық істерді тергеу екі түрде жүзеге асырылады: 1) анықтама; 2) алдын ала тергеу. Заңға сәйкес қылмыстардың басым көшпілігі бойынша алдын ала тергеу жүргізіледі. Сондықтан алдын ала тергеу - қылмыстық істерді тергеудің негізгі түрі болып саналады. Ал заңда арнайы көрсетілген ауыр емес қылмыстар бойынша алдын ала тергеу жүргізу міндетті емес және оның орнына анықтама жүргізіледі. Алдын ала тергеуді Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, ішкі істер және салық полициясы органдарының тергеушілері жүргізеді. Қылмыстық істер бойынша анықтама жүргізетін органдар да заңда көрсетілген (ішкі істер органдары, ұлттық қауіпсіздік органдары, салық полициясы органдары, кеден органдары, әскери полиция органдары, әділет органдары, шекара бөлімдерінің командирлері және т. б.). Анықтама органдарының жүргізуіне жататын қылмыстар бойынша анықтау қызметін атқаратын лауазымды адам анықтаушы деп аталады.

Бірінші сатыдағы сотта іс жүргізу стадиясы. Қылмыстық іс айыптау қорытындысымен прокурордың 1-сатының сотына келіп түскен соң жаңа стадия басталады. Алдымен бұл кезде соттың төрағасы немесе оның тапсыруы бойынша басқа судья істі осы сотта қарауға қабылдау мәселесін шешеді. Ол үшін судья қылмыстық істің материалдарымен мұқият, толық көлемде оқып танысуы қажет. Егер де алдын ала тергеу немесе анықтама жүргізу кезінде кылмыстық іс бойынша жиналған дәлелдемелер істі сот отырысында қарап шешуге жеткілікті болса, онда судья басты сот талқылауын тағайындау туралы қаулы шығарады. Бұдан кейін осы қаулыға сәйкес басты сот талқылауы жүргізіледі. Сөйтіп, бірінші сатыдағы сотта іс жүргізу екі кезеңнен тұрады: 1) басты сот талқылауын тағайындау; 2) басты сот талқылауын жүргізу.

Кассациялық (апеяляциялық) сатыда іс жүргізу стадиясы. Бұл стадияның негізгі мақсаты - заңды күшіне енбеген бірінші сатының соттары шығарған үкімдер мен қаулылары дұрыстығын (заңдылығын, дәлелдігін) екінші саты сотының тез арада тексеріп, онда қателіктер жіберілген болса, ол қателіктерді уақытында жою болып табылады. Осындай мақсатпен іс жүргізуге қатысушы адамдардың (сотталған, ақталған адамдар, олардың қорғаушылары, жәбірленуші, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер және олардың өкілдері) шағым беру, ал прокурордың наразылық білдіру құқығы заңда көзделген. Бұл аталған іске қатысатын адамдар шағымды немесе прокурор наразылығы үкім жарияланған күннен бастап он тәулік ішінде, ал қамаудағы сотталған адам оған үкім көшірмесі табыс етілген күннен бастап нақ сол мерзімде бере алады.

Үкімді орындау сатысы. Үкімді орындау қылмыстық іс жүргізудің соңғы стадиясы болып саналады.

Үкімді орындау бірнеше органдардың қатысумен атқарылады (сот, прокуратура, ішкі істер органдары, әділет министрлігінің органдары). Олардың бұл қызметке қатысуы сот тағайындаған жазалау шарасына және оның басқа да қылмыстық іс бойынша шығарған шешімдеріне байланысты болып табылады.

Үкім заңды күшіне енген соң орындалуға тиіс. Ол кассациялық (апелляциялық) шағымдану немесе наразылық білдіру мерзімі өткен соң, ал егер үкімге шағым немесе наразылық берілген болса, онда кассациялық (апелляциялық) саты сотының қаулысы шыққан кезден бастап заңды күшіне енеді. Сол сияқты занды күшіне енген соттың қаулыларының да орындалуы міндетті.

Азаматтық іс жүргізу құқығының ұғымы

Сот билігі сотта іс жүргізудің азаматтық, қылмыстық және заңмен белгіленген өзге де нысандары арқылы жүзеге асырылады (Конституцияның 75-бабы).

Қазақстан Республикасында сот әділдігін тек сот қана жүзеге асырады. Соттарда қаралатын істердің көпшілігі азаматтық істер болып табылады. Бұлар - азаматтық, отбасылық, еңбек, тұрғын үй, экологиялық, қаржы, салық және ведомстволық бағыныстағы соттардың қарастылығына жатқызылған басқа да құқық қатынастарынан туындайтын даулар.

Азаматтық істерді карау мен шешу тәртібі азаматтық сот ісін жүргізу туралы заңдармен белгіленеді. Республиканың барлық соттарында азаматтық істерді жүргізу тәртібі азаматтық іс жүргізу құқығының нормаларымен белгіленеді.

Азаматтық іс жүргізу құқығы - мемлекет белгілеген құқықтық нормалардың соттардың азаматтық істерді қарау және шешу тәртібін, басқаша айтканда, азаматтық істер бойынша сот әділдігін, сондай-ақ сот қаулыларын мәжбүрлеп орындау тәртібін реттейтін жиынтығы немесе жүйесі.

Азаматтық іс жүргізу құқығы жеке, дербес құқық саласы болып табылады, оның да дербес нысанасы және реттеу әдісі бар. Азаматтық іс жүргізу құқығының реттейтін нысанасы сот пен процеске қатысушы тұлғалар, яғни азаматтық сот ісін жүргізуге қатысушылар арасында туындайтын қоғамдык қатынастар болып табылады. Бұл қатынастар азаматтық істі жүргізу процесінде туындайды, Азаматтық іс жүргізу құқық қатынастарының басты, міндетті субъектісі мемлекеттік билік органы (бірінші сатыдағы, апелляциялық, кассациялық, бақылау сатысындағы) сот болып табылады, басқа субъектілер соттан қорғау сұраған тұлға немесе іске қатысуға жауапкер ретінде не куә, сарашпы және т. б. тұлғалар болуы мүмкін.

Азаматтық іс жүргізу құқық қатынастарының субъектілері арасында іске катысушы тұлғалар ерекше бөліп көрсетілген. Казақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің 44-бабына сәйкес оларға мыналар: тараптар, үшінші тұлғалар, прокурор, мемлекеттік басқару органдары, кәсіподақтар және заңда көзделген жағдайда басқа адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғайтын басқа да қоғамдық ұйымдар жатқызылған. Олар іске өз атынан қатысады, өздерінің субъективті құқықтары мен мүдделерін (тараптар, үшінші тұлғалар), не басқа тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін (прокурор, мемлекеттік басқару органы) қорғайды. Бұлар — өздерінің іс жүргізу әрекеттерімен істің қозғалуына, істің бір сатыдан екінші сатыға өтуіне және істі жүргізудің қысқартылуына (талап-арыздан бас тарту, тараптардың бітісу келісімін жасасуы) ықпал ететін тұлғалар.

Азаматтық іс жүргізу құқығын реттеу әдісі императивтік-диспозитивтік сипатта болады. Соттың іс жүргізу әрекеттері (оның шешімдері, ұйғарымдары, нұсқаулары билік сипатында жасалады, олар өздері арнап шығарылған тұлғалар үшін міндетті, өйткені оларды мемлекеттік билік органы шығарады және мәжбүрлеу күші бар құқық нормасына негізделген. Іске қатысушы тұлғалар (тараптар) жасайтын іс жүргізу әрекеттері диспозитивтік сипатта болады. Азаматтық іс талап қоюшының талап-арыздан бас тарту туралы арызы бойынша немесе тараптардың бітісу келісімін жасасуы себепті қысқартылуы мүмкін. Азаматтық істің өзіндік ерекшелігі осында.

Азаматтық іс жүргізу құқығы жалпы және ерекше бөлімдерден тұрады. Жалпы бөлімге сот әділдігі принциптерін, азаматтық істердің сотқа қарастылығы (соттың қарауына жататындығы), сот құрамын, қарсылық білдіруді, іске қатысушы тұлғалардың құрамын, олардың іс жүргізу құқығы мен міндеттерін дәлелдеу, талап қою және басқаларын баянды ететін нормалар енеді.

Азаматтық іс жүргізу құқығының ерекше бөлігі - құқықтың осы саласынын жекелеген институттарын, процесс сатыларын реттейтін құқық нормаларынын жиынтығы (бірінші сатыдағы, апелляциялық, кассациялық, бақылау сатысындағы сотта іс жүргізу және басқалар).

Азаматтық құқық қатынастарының түрлері

1. Азаматтық құқық қатынастары әдетте: а) мүліктік және мүліктік емес; ә) абсолютті және салыстырмалы; б) заттық және міндеттемелік деп ажыратылады.

Бұлайша бөлудің негізіне әртүрлі белгілер алынғандықтан, бір ғана құқық қатынасы бір мезгілде мүліктік, абсолютті, заттық (мысалы, меншік құқық қатынасы) не мүліктік, салыстырмалы, міндеттемелік (мысалы, заем шартынан туындайтын құқық қатынасы) және т.б. болуы мүмкін.

Азаматтық құқық қатынастары мүліктік қатынастар мен мүліктік емес қатынастарға бөлу мынаған негізделген: мүліктік құқық қатынастарының  белгілі бір экономикалық мазмұны бар, сонымен бірге мүліктік емес құқық қатынастарының мұндай мазмұны болмайды және жеке адамның кейбір материалдық емес мүдделерін (есімін, ар-ожданын және басқаларын) қамтамасыз етеді.

Азаматтық құқық негізінен алғанда мүліктік қатынастарды реттейтіндіктен, азаматтық құқық қатынастарына қатысушылар көбінесе мүліктік құқықтардың иелері ретінде әрекет етеді. Ондай құқықтарды, әдетте, беруге болады, яғни олар басқа адамға берілуі мүмкін не оған жалпы құқықтық мираскорлық тәртібімен ауысуы мүмкін. Мүліктік құқықтың жеке, оларды иеленушілердің жеке басынан ажырағысыз, басқаға берілмейтін болуы жиі кездеседі. Оларды басқа адамға беруге не оған жалпы құқықтық мұрагерлік бойынша ауыстыруға болмайды. Мысалы, атақ, ар-ождан құқын, авторлық құқық осындай болады.

2. Құқық қатынастары тағы да абсолютті және салыстырмалы болып бөлінеді. Бұлайша бөлу қатысушылардың байланысы белгісіне негізделген. Субъективті азаматтық құқығы бар тұлғаларға міндетті тұлғалардың беймәлім тобы қарсы тұратын құқық қатынастары абсолютті құқық қатынастары деп аталады. Мүліктік (мысалы, меншік құқық қатынастары) және жеке мүліктік емес құқық қатынастары (мысалы, туындыға немесе өнертабысқа авторлықпен туындыға құқық қатынастары) абсолютті болуы мүмкін. Бұл арада меншікті заттың бір субъектісі, туындының немесе өнертабыстың авторы басқаруға құқықты болып табылады. Қалған тұлғалардың бәрі міндетті болады. Олардың негізгі міндеті келеңсіз болып табылады және меншік иесінін өз құқығын жүзеге асыруына, автор құқығын бұзбауға және т.б. келіп саяды.

Басқаруға құқықты адамға алдын ала белгілі адамдардың белгілі бір айқын тобы қарсы тұратын құқық қатынастары салыстырмалы деп саналады. Олар бірнешеу болуы мүмкін, бірақ олар әрқашанда дәл анықталған болады. Мысалы, азаматтар немесе занды тұлғалар жасасқан шарттан туындайтын құқық қатынастары салыстырмалы.

3. Заттың және міндеттемелік құқық қатынастары. Профессор М.И.Брагинскийдің атап көрсеткеніндей, Рим құқығынан бастау алатын «заттық» немесе «міндеттемелік» болып бөлу ең алдымен құрлықтағы елдердің заңдарында маңызын сақтап қалған. Егер де институциондық жүйе бойынша жасалған кодекстерде (мысал - Француз азаматтық кодексі) бұлайша бөлу онша айқын көрінбесе, павдектілік үлгіні пайдаланған кодекстерде (Герман азаматтық зандар жинағынан Ресей Федерациясынының кодексіне дейін) оның негізгі маңызы бар.

Мейлінше жалпылама түрінде заттық және міндеттемелік құқық қатынастары арасындағы айырмашылық мынадан аңғарылады: заттық құқықтық мәселені зат, абсолютті сипатта болады, затпен байланысты болғандықтан, соның ізінен шықпайды және, ақырында, құқық иесінің белсенділігін және сонымен бірге өзіне қарсы тұрғандардың енжарлығын керек етеді. Міндеттемелік құқық қатынастарына олардың мәселесі белгілі бір адамның (борышкер) іс-әрекеті болуы тән, олар салыстырмалы болады, борышкерден қалмайды және құқықты адам - несие берушіге қарсы тұратын сол борышкердің белсенділігін керек етеді. Мүлікті беру, ақша төлеу, жұмыс орындау және т.б. сондай іс-әрекет болуы мүмкін.

Азаматтық іс жүргізу құқығының қайнар көздері

Азаматтық іс жүргізу құқығының деректемелері азаматтық істер бойынша сот әділдігін жүзеге асыру тәртібін реттейтін нормалар баянды етілген нормативтік актілер болып табылады.

Ең алдымен азаматтық іс жүргізу құқығының деректемесі сот әділдігін жүзеге асыруды сот органдарына ғана жүктеп, сот әділдігінің салааралық принциптерін, судьялардың тәуелсіздігін және олардың тек заңға бағынуын; барлық соттарда істердің ашық қаралуын, заңдылықты және т. б. нығайта отырып, сот жүйесін анықтайтын Қазақстан Республикасының Конституциясы болып табылады.

Азаматтық іс жүргізу құқығының келесі бір аса маңызды деректемесі 1999 жылы 13 шілдеде қабылданған Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі болып табылады. Онда азаматтық істер бойынша сот ісін жүргізу егжей-тегжейлі регламенттелген. Азаматтық іс жүргізу кодексі жалпы және ерекше бөлімдерден тұрады. Жалпы бөлімге азаматтық процестің барлық түрлері мен сатыларына қатысты нормалар енгізілген.

Құқықтың осы саласының нормалары Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы соттар және судьялардың мәртебесі туралы» 1995 жылғы 20 желтоқсандағы конституциялық заң күші бар Жарлығында. «Қазақстан Республикасының Прокуратурасы туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы заң күші бар Жарлығында, «Мемлекеттік баж туралы» Заң мен басқа зандарда баянды етілген.

Азаматтық іс жүргізу құқығының деректемелері арасында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумынын түсіндірмелері ерекше орын алады. Ғылымда бір авторлар басшылыққа алынатын түсіндірмелер нормативтік сипатта болады деп санайды, басқалары өзгеше пікір ұстанады.

Мемлекетте заң шығарушы және атқарушы билікпен бірдей үшінші билік ретінде соттардың рөлін нығайту Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының басшылыққа алынатын қаулыларын құқық нормалары бар нормативтік актілер деп санауға негіз береді.

Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сот қорғауының кеңейтілуі азаматтық іс жүргізу құқының нормаларын қамтитын заң актілерінің шеңберін ұлғайтады, атап айтқанда, сотқа қарасты мәселелер материалдық құқықтың түрлі салаларының заңдарына енгізілген.

 

Студенттің білімін пысықтау сұрақтары.

1.Қылмыстық процеске қатысушылардың құқықтары мен міндеттері.

2. Азаматтық процеске қатысушылардың құқықтары мен міндеттері.

 

1.Мемлекет және құқық негіздері. Баянов Е. Алматы. 2001

2.Мемлекет және құқық негіздері. Сапарғалиев Ғ. Алматы. 2004

3.Мемлекет және құқық негіздері. Баймаханов М.Т. Алматы. 2001

4.Мемлекет және құқық негіздері. Абдуллина З.К. Алматы. 2001

5.Құқық негіздері. Баққұлов С.Д. Алматы. 2004

6.Егемен Қазақстан құқығы. Ашитов З.О. Алматы. 2004

7.Назарбаев Н.Ә. Қазақстан – 2030 .Алматы. 1997

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҰСЫНЫЛАТЫН  НОРМАТИВТІК- ҚҰҚЫҚТЫҚ  АКТІЛЕРДІҢ ТІЗІМІ

1.      Қазақстан Республикасының Конституциясы 30 август  1995 ж 7 октябрь  1998  өзгертулер  мен  толықтырулар.

2.      ҚазССР – ның  мемлекеттік  егемендігі  туралы Декларациясы 25 октябрь 1990 ж ҚазССР Жоғарғы  кеңісінің Ведомостісі, 1990 ж № 44

3.      Қазақстан Республикасының Конституциясының заңы  «Қазақстан Республикасының   мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» 16. 12. 1991

4.       Қазақстан Республикасының Конституциясының  заңы «Қазақстан Республикасының  сот жүйесі және  сот мәртебесі туралы» 25. 12. 2000

5.      Қазақстан Республикасының Конституциясының  заңы «Қазақстан Республикасының  Президенті туралы» 28. 12. 1995

6.      Қазақстан Республикасының Конституциясының заңы «Қазақстан Республикасының Үкімет туралы» 18. 12. 1995

7.      Қазақстан Республикасының Конституциясының заңы « Республикалық референдум туралы ». 02.11.1995.

8.  Қазақстан Республикасының Конституциясының заңы «Казақстан     

     Республикасындағы сайлау туралы ».28.09.1995.

9.     Қазақстан Республикасының Президенттінің  заң күші  бар Жарлығы «Қазақстан Республикасының Конституциялық  Кеңесі туралы» 29. 12. 1995

10.                       Қазақстан Республикасының қылмыстық  кодексі  16. 07. 1997 ж. Қазақстан Республикасының Парламенттінің  ведомостісі 1997, №15-16.

11.                       Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (жалпы  бөлімі) 27. 12. 1994.- Қазақстан Республикасының Жоғары Кеңесінің Ведомотісі, 1994, №23-24.

12.                       Қазақстан Республикасының Азаматтық  кодексі (ерекше бөлім) 01. 07. 1999. - Қазақстан Республикасының Парламентінің  Ведомостісі, 1999, №16-17.

13.                        Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі 30. 01. 2001.

14.                       Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу  кодексі 13. 07. 1999.

15.                       Қазақстан Республикасының қылмыстық  іс жүргізу кодексі 13. 12. 1997.

16.                       Қазақстан Республикасының қылмыстық   атқару  кодексі 13. 12. 1997.

17.                       Қазақстан Республикасының Кеден кодексі 30. 04. 2003.

18.                       Бюджетке  төленетін  салық және  міндетті  төлемдер  туралы 12. 06. 2001ж.

19.                       Қазақстан Республикасының Жер кодексі 20. 06. 2003

20.                       Қазақстан Республикасының Су  кодексі 17. 07. 2003

21.                       Қазақстан Республикасының Орман кодексі 08. 07. 2003

22.                       Қазақстан Республикасының нормативтік- құықтық  актілер туралы  заңы 24. 03. 1998

23.                       Қазақстан Республикасының Ұлттық  қауіпсіздігі туралы заңы 30. 06. 1998

24.                       Зокон Республики Казахстана «Об оперативно-розыскной деятельности» принят  1 сентября 1994- Ведомости Верховного Совета Республики Казахстан, 1994г N13-4, ст 199

25.                       Закон Республики Казахстан «О  борьбе с коррупцией» приянт 2 июля 1998 г (Казахстанская правда ) 9 июля 1998 г

26.                       Қазақ ССР-нің «Тұтынушылардың  құқытарың  қорғау  туралы» заңы  05. 06. 1991 ж

27.                       Қазақстан Республикасының Тұрғындарды  миграциялау туралы заңы 13. 12. 1997

28.                       Закон Республики Казахстан «Об  административных  процедурах»  принят 27ноября 2000 года «Казахстанская правда» 30 ноября 2000 года.

29.                       Закон Республики Казахстан «О местном  государственном управлении в  Республики Казахстан» принят 23 января 2001 года «Казахстанская правда» 30 января 2001 года.

30.                       Закон Республики Казахстан «О государственной поддержке малого  предпринимательства» принят 19 июня 1997г – Ведомости Парламента Республики Казахстан 1997 г N12, ст 182

31.                       Закон Республики Казахстан «О  конкуренции  и ограничении  монополистической деятельности» принят 19  января 2001 г – « Казахстанская правда» 25 января  2001 г

32.                       Закон Республики Казахстан «Об индивидуальном  предпринимательстве» принят 19 июня 1997 г – Ведомости Парламента Республики Казахстан, 1997 г N 12. ст. 185

33.                        Закон Республики Казахстан « О банкротстве» принят 2  января 1997 г –Ведомости  Парламента Республики Казахстан, 1997 г N 1-26 ст7

34.                        Закон Республики Казахстан « О труде  в Республики Казахстан»  принят  10 декабря 1999 г «Казахстанская правда» 24 декабря 1999 г

35.                       Закон Республики Казахстан « О браке и семье»  принят 17  декабря 1998г «Казахстанская правда 1998 г

36.                       Закон Республики Казахстан «О государственной  службе» принят 23  июля 1999 г –« Казахстанская правда» 6  августа 1999 г

37.                       Закон Республики Казахстан « Об образовании» принят 7  июня 1999  г – «казахстанскя правда» 11 июня 1999

38.                       Закон Республики Казахстан « О пенсионном  обеспечении в Республике Казахстан» принят 20 июня 1997 г – «казахстанская правда» 28. 06. 1997

39.                       Закон Республики Казахстан «Об охране окружающей среды»  принят 15  июля  1997 г – Ведомости Республики Казахстан , 1997 г N 17-18,  ст 213

40.                       Закон Республики Казахстан « О средствах массовой   информации»  принят 23 июля 1999-« Казахстанская правда» 6 августа 1999 г

41.                       Закон Республики Казахстан «Об авторской праве и  смежных правах»  принят 10  июня 1996 г- Ведомости, 1996 г ., N 8-9, ст. 237

42.                       Закон Республики Казахстан « О жилищных отнощениях» принят 16  апреля 1997 г «Казахстанская правда» 19  апреля 1997 г

43.                       Закон Республики Казахстан « О гражданстве» принят 2 декабря 1991 г « Советы Казахстана» 8 января 1992 г

44.                       Закон Республики Казахстан « Об инновационной деятельности» принят 3 июля 2002 г «Казахстанская правда» 9 июля 2002г

45.                       Закон Республики Казахстан «О политических партиях» принят 15 июля 2002г «Казахстанская правда» 19 июля 2002г

46.                       Закон Республики Казахстан «О правах ребенка в Республике Казахстан» принят 8 августа 2002 г «Казахстанская правда» 13 августа 2002г

47.                       Закон Республики Казахстан « Об обязательном  социальном страховании» принят 25 апреля 2003 г. «Казахстанская правда» 1 мая 2003г.

48.                       Закон Республики Казахстан «Об акционерных обществах»  принят 13 мая 2003г. «Казахстанская правда» 16 мая 2003г.

49.                       Қазақстан Республикасының Заңы «Бағалы  қағаздар  рыногы туралы»  июль 2003 ж

50.                       Закон Республики Казахстан «О  безопастности и охране труда» принят 28 февраля 2004г «Казахстанская правда» 12 марта 2004 г

51.                       Закон Республики Казахстан « О государственной молодежной политике  в Республики Казахстан» принят 7 июля 2004 г «Казахстанская правда» 15 июля 2004г

52.                       Закон Республики Казахстан «О международном коммерческом  арбитраже» принят 28 декабря 2004г «Казахстанская правда» 7 января 2005г

53.                       Закон Республики Казахстан «О третейскх судах» принят 28 декабря 2004г. «Казахстанская правда» 7 января 2005г

54.                       Закон Республики Казахстан «Об обороне  и Вооруженных Силах Республики  Казахстан» принят 7  января 2005 г. «Казахстанская правда» 13  января 2005г.

55.                       Закон Республики Казахстан «Об обязательном  страховании гражданско- правовой  ответсвенности работадателя  за приченение вреда  жизни  и здоровью  работника при  исполнении им  трудовых (служебных) обязательств» принят 7  февраля 2005 г «Казахстанская правда» 12  февраля 2005г.

56.                       Закон Республики Казахстант «О противодействии  экстремизму» принят 18  февраля 2005 г. «Казахстанская правда» 26 февраля 2005г.

57.                       «Бюджетный кодекс Республики Казахстан» принят 24 апреля 2004г.- Ведомости  Парламента Республики Казахстан, № 8-9, 2004 г. Изм. И доп. От 30 декабря 2004г.

 

ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР  ТІЗІМІ

 

1.     Послание Президента Республики Казахстан Нурсылтана  Назарбаева народу Казахстана. «Казахстанская правда». 19  февраля 2005г.

2.     Назарбаев Н.А Казахстан – 2030. послание Президента  страны  народу Казахстана – Алматы: Білім, 1997

3.     Концепция правовой  политики Республики Казахстан от 20 октября 2002 г. «Юридическая газета» -2002

4.      Дулатбеков Н.О.,  Амандыкова С.К., Турлаев А.В. Основы государства и права современного казахстана: Учебное пособие.- Астана ИКФ «Фолиант», 2000

5.     Основы государства и права Республики Казахстан. Учебное пособие Отв. Ред. Г.С. Сапаргалиев- Алматы: Жеты Жаргы, 1999

6.     Турлаев А.В. Основы права.- Караганда: Издательство АРКО 2004

7.     Ибраева А.С., Ибраев Н.С. Теория  государства и права: Учебное пособие.- Алматы; Қазақ университеті, 2004

8.     Агыбаев А.Н Уголовная Ответственность  за деятельность  злоупотребления в Республике Казахстан.- Алматы, 1995

9.     Каиржанов Е.И уголовное право. Общая часть- Алматы 1996

10.Дауранов И.И Организация  государственного управлени: - Алматы. Издательство НВГИГУ, 1997.-15 с.,  приложения

11.Уваров В.И Теория государственного  управления. Учеб. Пособие.- Алматы:КазГЮА. 2000.-108с.

12.Уваров В.И Теория государственного  управления. Учеб. Пособие.Часть 2:  система государственного управления7- Алматы:КазГЮА 2001-352 с.,

13.Гражданское право  в 3 томах. Учебник для вузов (академический курс). Отв. Ред. М.К Сулейменов, Ю.Г. Басин- Алматы, 2000,2002,2004

14.Антокольская М.В Семейное право:Учебник-М.: Юристь, 1996

15.Амирханова И.В Гражданское – право  обеспечение  развития  предпринимательства в Республике Казахстан.- Алматы: Қазақ  университеті, 2003

16.Худяков А. И. Финансовое право Республики Казахстан. Общая  часть.-Алматы: Правовая инициатива, 2001

17.Финансовое право   Под.ред. Н.И.Химичева.-М.: Юристь,2004

18.Байдельдинов Д.Л., Бекишева С.Д. Экологическое право Республики Казахстан.- Алматы: Интерлигал, 2004

19.Хаджиев А. Х. Земельное право Республики Казахстан.- Алматы: Юрист,2002

20.Толеубекова Б.Х.  уголовно- процессуальное право Республики Казахстан: Часть общая.- Алматы; Жеті жарғы, 1999

21.Толеубекова  Б.Х. Қазақстан Республикасының  қылмыстық  істер  жүргізу  құқығы: Жалпы бөлім. – Алматы: Жеті жарғы, 2000.